Қысқы орманға саяхат

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 844
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 07/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19461


Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық».
Бөлімі: «Экология», «Сурет».
Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат».
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілінің ерекшелігін қысқы орманға саяхат арқылы жеткізе білу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Сурет салудың түрлі бейнелеу іскерліктері мен дағдылары арқылы балалардың эстетикалық талғамдарын дамыту.
Міндеті: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекіліктер: Қыс мезгілінің бейнелі суреттері.
Тәрбиешінің іс-әрекеті:
Шаттық шеңбер:
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз
Жарқырайды қаламыз
Қайырлы таң апайлар
Қайырлы таң достарым!
Балалардың назарын оқу іс-әрекетке аудару.
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілі.
Тәрбиеші:Балалар сендер қыс мезгілі туралы тақпақтар білесіңдер ме?
1 бала: Әппақ,Әппақ қар әппақ
Айналаның бәрі әппақ
Қырау-қырау әппақ
Қар жамылған дала әппақ
2 бала:Бір топ бала
Қардан соқты аққала
Мұрны сәбіз, үп-үшкір
Көзі көмір қап-қара.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар.Балалар сендердің орманға барғыларың келеді ме?
Балалар: Иә, барғымыз кледі.
Тәрбиеші:Ендеше бәріміз паравозға мініп, әндетіп барайық.
Балалар әндетіп жолға шығады.
Тәрбиеші:Міне балалар , орманға да жеттік. Балалар, сендер не көріп тұрсыңдар?
Балалар: Шыршалар, ағаштар көріп тұрмыз.
Тәрбиеші:Мына ағаштың түбінде не отыр балалар?
Балалар: Ақ қоян.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар:Сәлеметсің бе.
Қоян: Сендер орманда не істеп жүрсіңдер?
Балалар: Орманды көруге келдік.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, орман қандай тамаша, ауасы қандай керемет, айналаның бәрі әппақ! Ал мынау ненің апаны?
Қоян: Бұл аюдың апаны.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, мына қардың үстіндегі ненің іздері?
Қоян: Бұл менің іздерім, ал мыналар әр түрлі құстардың іздері.
Тәрбиеші:Балалар біз қоянға аңдардың іздері мен қардың суретін салып көрсетейік.
Балалар: Қоян сен бізбен бірге жүр, саған сурет салуды үйретеміз.
Қоян балалармен бірге паравозға мініп, әндетіп топқа келеді.
Тәрбиеші: Балалар сендер жолдан шаршаған шығарсыңдар,біраз сегіп алайық. Сергіту сәті: Боран соғар оң жақтан
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ
Су өтеді қолғаптан.
Балалар 2 топқа бөлініп отырады.
1-ші топ саусақ ұшы арқылы қар ұлпаларын бейнелейді.
2-ші топ саусақтары және жұдырықтары арқылы әртүрлі аңдардың, құстардың іздерін бейнелейді.
Қоян: Балалар, сендер өте өнерлі екенсіңдер, суретті жақсы салады екенсіңдер. Сендерге рахмет, мен енді орманға кетейін. Сау болыңдар.
Балалар: Сау бол. Тәрбие.орг сайтынан Қысқы орманға саяхат Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Гулжан Жумагулова Базарбаевна

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Луговой ауылы "Балбөбек" балабақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar