ҚЫСҚЫ ӘУЕН

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 136
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 03/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23273


Қысқы әуен
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:музыка
Мақсаты:түрлі сипаттағы әндерді орындауға
үйрету,шығармашылыққа баулу
, би қимылдарын, музыкалық ойын әрекеттерін орындауға дағдыландыру.
Сөздік жұмыс: Аязата Санта –Клаус Ақшақар
Көрнекілік: аю атрибуттары ұл балалардың санына қарай, қыздар санына сәйкес қоян атрибуттары.
Ойыншық Аязата, кішкентай шырша, шығыршықтар.
Шаттық шеңбері:
Армысың қайырымды аспан- ата,
Армысың мейірімді жер- ана,
Армысың шұғылалы алтын- күн,
Армысың ұстазым ,Армысың достарым.
Ойын ойнап, би билеп,
Ән саламыз біз бүгін,
Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырайын,сендер жұмбақтың шешуін тауып, оның жылдың қай мезгіліне байланысты екенін айтып беріңдер.
1.Қолымды созса, ақ үлпек алақанға қонады.
Ашып-жұмсам, лезде жоқ болады. Бұл не? (Қар)
2.Қолы жоқ сурет салады, тісі жоқ тістеп алады. Бұл не? (Аяз)
Өте жақсы балалар, жұмбақты дұрыс шештіңдер.
Осы жұмбақтардың шешуі жылдың қай мезгіліне байланысты екен? (Жылдың қыс мезгілі)
-Жарайсыңда, балалар. Олай болса бәріміз мұқият бейнетаспаға назар аударайық.
Кәне, балалар қысқы орман, қысқы көрініс турал кім әңгімелеп береді?
Мансұр: Мен жылдың қыс мезгілін жақсы көремін, бул суретте қыс, қар басқан, қар жылтырап жатқаны бейнеленген.
Дұрыс айтасын Мансұр, бұл суретте қысқы табиғат көрінісі бейнеленген.
Айым: енді сен айта қойшы.
Айым: Қалың қар жауған, далада үйлердің шатырына, ағаштарға жауып қалған. Кісілер есіктерінің алдын қардан тазалап жүр.
Бейбарыс: Менде қыс мезгілін жақсы көремін, достарыммен аулада шанамен жарысып ойнаймын.
Бұл суретте де, балалар шанамен ойнап, жарысып жүр бір біріне көмектесіп жүр.
Асылжан: Қар жапқан соң балалар, есіктерінің алдында Аққала жасап жүр. Маған олардың бәрі бірге ойнап, жасап жатқан жұмыстары ұнап тұр.
Міне керемет балалар, сендер қыс мезгілі туралы көріністі жақсы әңгімелеп бердіңдер.
Енді біз бәріміз «Аққала» туралы ән тыңдайық, екінші шумағын бірге айтайық.
1.Қатынас білім саласы бойынша-қыс мезгіліне байланысты бір бірімізге жұмбақ жасырамыз.
2.Шығармашылық саласы сурет бойынша әркім қысқы көрініс туралы сурет салады.
3.Шығармашылық білім беру саласы- музыка бойынша ән айтады, әуен тыңдайды, жаңадан би қимылдарын жасап үйренеді.
Ғажайып сәт: сырттан келген бейтаныс қыз жайлап оқу іс- әрекетінде балаларды бақылап жүреді.
Айкүнжан: Апай, біздің ортамызда а
Ақшақар жүр. Балалар шеңберге тұрып таң қалады.
Иә, Ақшақар сендерге қонаққа келді. Балалар, кәне бәріміз Ақшақарға арнап «Ақшақар» әнін айтайықшы.
Ақшақар :Балалар, мен ендерге өте риза болдым .Сендер ән айтып би билеп қоймай, суретті де,жұмбақтыда, жықсы шешеді екенсіңдер. Менің де сендермен бірге осында болғым келеді, бірақ мен еріп кетемін ғой.
Енді мен сендермен қоштасамын. «Жаңа жылда» мен сендерге қайта келемін. Мен келгенше Аязатаға арнап ән жаттап алыңдар жарайма.
Сергіту сәті: Балалар отырып тұрып, сағаттың тіліндей оңға,солға иіліп жаттығу жасап алады.
Ойын «Аққаланы құрастыру»
Сабақ соңы сұрақ жауаппен қорытындыланады.
Күтілетін нәтиже:
Қыс мезгілінің ерекшеліктерін біледі, әнді жаттап айтады. Тәрбие.орг сайтынан ҚЫСҚЫ ӘУЕН Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абаева Меруерт

ШҚО Көкпекті ауданы Көкжайық аулы Бөбек лүпілі балабақшасы Саз жетекшісі

Пікірлер: 0

avatar