«Қыс қызықтары»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 350
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 13/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21718


Спорттық ойын -сауық.
Тақырыбы: «Қыс қызықтары».
Мақсаты: Балалардың көңіл күйін көтеру , қимыл-қозғалыстарын дамыту , балалардың жарысқа деген қызығушылығын ояту.
Көрнекіліктер: Қар, шаңғы, себеттер, шырша
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар және бүгінгі кешіміздің қонақтары.
Бүгінгі спорттық-сайысымызға көптеген апайлар қонаққа келіпті кәнекей балалар амандасайық:
Тәрбиеші: Балалар қазір қай жыл мезгілі?
Балалардың жауабы:Қыс
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде далада ауа-райы қандай болады?
Балалардың жауабы: Салқын,аяз,боран болады, қар жауады.
Тәрбиеші: Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?
Балалардың жауабы:
Айжан Қыста мен қар лақтырып ойнағанды ұнатамын.
Бекнұр Қыста мен аққала жасаймын.
Дария Қыста мен коньки тебуді ұнатамын.
Диас Қыста мен әртүрлі мұнартұрғызамын.
Тәрбиеші:Балалар сендер менімен бірге Қысқы орманға аққалаға қонққа барғыларың келе ме?
Балалар: иә
Тәрбиеші:Ендеше балалар денемізді шынықтырып алайық. –Жүріс түрлері:
Жан-жағымызға қарайық
Аю шықты қорбаңдап,
Қасқыр шықты Р-Р-Р.
Түлкі шықты майысып,
Қоян шықты секіріп,
Қорықпаңдар балалар
Қар лақтырып ойнаңдар.
Жалпы жаттығу:( флэшмоб).
Тәрбиеші: Ендеше балалар кеттік. Балалар қараңдаршы біздер сендермен қайда келдік? (Орманға). Қараңдаршы орман қандай әдемі? Күтпеген сәт: Жалмауыз кемпірдің келуі.
Жалмауыз кемпір: Сендер бұл жерде не істеп жүрсіндер? Неге келдіңдер? Тәрбиеші: Сәлеметсіңбе Жалмауыз кемпір? Қәнеки балалар Жалмауыз кемпірмен амандасайық. Балалар: Сәлеметсіз бе!
Тәрбиеші: Жалмауыз кемпір біздер аққала досымызға қонаққа бара жатырмыз. Сен аққаланың қайда тұратынын білмейсің бе?
Жалмауыз кемпір: Білемін. Бірақ мен сендерге жол көрсетпеймін, сендерді жібермеймін, бірінші сендер менің жұмбақтарымның жауаптарын тапсаңдар сонда ғана сендерді жіберемін.
1 Суда мұз бар,
Жерде қар бар,
Боран боп соғады,
Бұл қай кезде болады? (қыс)

2Қыста ғана болады,
ұстасаң қолың тоңады. (қар)

3Тісі жоқ тістеп алады,
Қолы жоқ сурет салады. (аяз)
Жарайсыңдар балалар, сендер менің барлық жұмбақтарымның жауаптарын дұрыс таптыңдар. Аққаланың үйіне осы жолмен барасыңдар. Балалар менде аққалаға қонаққа сендермен бірге барсам бола ма?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: ендеше балалар орманда тәртіпті сақтап жүрейік.
(Аққаланың үйіне келуі, аққала үйінің қасында қозғалмай тұрады.).
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бұл не? (Аққала). Дұрыс айтасыңдар балалар! Бірақ балалар біздің аққала досымызды біреу сиқыр жасап қатырып тастаған. Ой балалар енді не істейміз? Мұны кім жасаған екен?
Жалмауыз кемпір: Балалар кешіріңдерші мені, мұны мен жасаған, қазір мен аққала достарыңды сиқырлап жіберемін.(Сиқырлау сәті).
Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Аққала: мені жалмауыз кемпір сиқырлап тастады.
Тәрбиеші:Аққала біз білеміз Жалмауыз кемпір осы жасаған істері үшін кешірім сұрады,енді жаман нәрселер жасамауға уәде берді.
Жалмауыз кемпір: Иә аққала кешірші мені.
Аққала: Жарайды ендеше балалармен ойын ойнайық!
Жарыс ойындары: 1) Атқа мініп шабу
Атқа мініп секіріп барып, межені айналып келу.
2) Допты екі тізенің арасына қойып кедергілерден өтіп келу.-Төрт аяқтап жүгіру (Екі аяғы, екі қолмен).
3) Машинамен кубиктерді тасу.
4) Велосипедпен межені айналып келуі
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, сендер барлықтарын жарысқа жақсы қатыстыңдар!
Аққала: ойын«Қатырмақ».
Шарты: қолдарыңды қатырамын-Балалар қолдарын арқаларына тығады.
Аяқтарыңды қатырамын-Балалар отырып аяқтарын қолдарымен жабады.
Мұрындарыңды қатырамын-мұрындарын қолдарымен жабады
Беттеріңді қатырамын- бетттерін қолдарымен жабады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!
Балалар енді біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз келді.Қанекей достарымызбен қоштасайық. Балалар: Сау болыңдар.
Жалмауыз кемпір мен Аққала: Сау болыңдар! Кездескенше!
Тәрбиеші: Қәнеки балалар аққала досымызды есімізге түсіріп ауда суретін салайық.
Тыныштық сәті: (Әуенмен) «Аққала»
Мақсаты: Балалардың психо-эмоционалдық жағдайын, бұлшық ет жүйесінің жұмысын жақсарту.
Жүрісі: Балалар дөңгеленіп тұрады. Көздерін жұмып, денесін бір қалыпты күйге түсіреді. Айналаның бәрі әппақ қар.Балалар қардан аққала жасай бастады... Алдымен оның денесін, басын жасады.Енді оның екі жаққа созып тұрған қолын ағаш бұтағынан жасады.Басына шелек кигізіп, көзін , мұрынын салды.Аққала үлкен әрі әдемі болып аяғын нық басып тұрды. Ол балаларға қарап жымиып тұрғандай болды балалар қатты қуанады.Көзімізді ашамыз балалар.
Қорытынды: Балалар бүгін біз сендермен қайда бардық? (Орманға)
Орманда біз кімді көрдік?
Не істедік?

№12 «Бәйтерек» бөбек - бақшасы



«ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ» АТТЫ СПОРТТЫҚ ОЙЫН-САУЫҚ


Тәрбиеші: Хасанова Шахзода Мухаммаджанкызы



Сарыжар селосы
Желтоқсан 2015-2016 жыл Тәрбие.орг сайтынан «Қыс қызықтары» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Хасанова Шахзода Мухаммаджанкызы

Пікірлер: 0

avatar