Қыс қызығы

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 238
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22653


Қызылорда облысы
Әйтеке би кенті
№7 "Балдырған" санаториялық - бөбекжай балалар бақшасы
Тәрбиеші: Үмертаева Мирамкул
Тобы: "Алтын кілт" II - кіші топ
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Қыс қызығы» (Сурет бойынша әңгіме)
Мақсаты: Балалармен қыс мезгілінің ерекшеліктерін еске түсіре отырып, сурет бойынша әңгіме құруға үйретуді жалғастыру. Қыс мезгілінің табиғатын бала қиялымен ұштастыру арқылы байланыстырып, сөйлеу шеберліктерін арттыру. Балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбері, сөздік дидактикалық ойын арқылы ойын қозғау, еске түсіру, сұрақ-жауап, сурет бойынша әңгіме, әңгімелесу, сергіту жаттығуы, құрастыру.

Қажетті көрнекіліктер: топ қыс бейнесімен безендірілген, «Қыс қызығы» тақырыбындағы сурет, буклеттер, табиғи құнсыз материалдар.

Пәнаралық байланыс: Айналамен таныстыру, құрастыру, музыка.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Серуен кезінде қыс мезгілінің ерешеліктерін бақылату, ойын түрлері. Балаларға жіп қалдықтарынан аққаланың бөлігін жасату.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекет түрі: Дәстүрлі емес
Ұйымдастырылған оқу іс әрекет типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сөздік жұмыс: Сықыр-сықыр, ұлпа, мамық.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Ізденуші-ұйымдастырушы кезең

Рефлексивті-оррекциялаушы кезең

Балалар бізде бүгін ерекше күн. Ендеше бұл күнді бір ниетпен бірге бөлісейік.
-Балалар, біз қандаймыз, қандаймыз?

-Бүгінгі арайлап атқан таңымыз қандай ғажап!
Арайлы таңның аппақ қарын сендерге ұсына отырып, қыс мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін есімізге түсірейікші
-Балалар, осындай көрікті келбеті бар жыл мезгілін қалай атаймыз?
(олай болса мына аппақ қарды сағат бағытымен бір-бірімізге ұсынып қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтамыз)
(балалар қарды бір-біріне береді)
Өте жақсы балалар, қыс мезгілінің табиғаты өте тамаша!
Қазір біз қиял арқылы табиғат әлемән бір тамашалап қайтайық. Ол үшін денелеріңді бос ұстап, көздеріңді жұмып еркін отырайық. Ұйытқып боран соғып, қыс өзінің сықырлаған аязымен терезелерге өрнегін салып тамаша бір көрініс тапқандай. Жер беті мамықтай жұмсақ ақ қармен көмкерілген жалт-жұлт еткен жер беті көздің жауын алып жүре бергің келеді. Айнала сыңғырлап шыққан күлкіге толы балалардың дауысы.Бірі сырғанақ теуіп жүр, ал бірі аққала тұрғызып жатыр.Бір топ бала шанамен ойнап,бір-біріне қар ұрысып жатыр.Ойынға қызған балалар тоңғанында білмей,аппақ қарға малынып шанамен зырлап барады.Енді көзімізді жаймен ашып айналамызға қарайықшы?
Міне керемет,қиялымыздағы қыс бейнесі өз тобымызда бар екен олай болса бір сәт суретіне назар аударайықшы.
-Балалар,бүгін осы сурет арқылы қысқызығы тақырыбында әңгімелейтін боламыз.
-Суретте небейнеленген?
-Жер беті немен көмкерілген?
Жер беті мамықтай жұмсақ аппақ ұлпа қармен көмкерілгнен. Ұлпа қар деп қайталайықшы.
-Балалар қар қыста әр түрлі болып келеді. Қараша айында бұршақты қар жауады,ол қаттылау жерге түскенде сулы қар болып қатып, мұзға айналады.Қыстың ортасында аппақ ұлпа қар жауады. Ол қар жұмсақ,әрі ол қардан аққала жасауға болады.Ал домалақ ,ұсақ қатты қар бір-біріне жабыспайтын шашылып тұрған қарды айтамыз.
-Балалар, қыста сендер қандай ойын ойнайсындар?
Ендеше суретте балалар қандай ойын ойнап жатыр?
Балалар көп пе әлде аз ба?
Ал аққала жасап жатқан балаларға ат қояйықшы.

-Аққаланы неден жасайды?
-Балалар үйлердің шатыры неліктен аппақ деп ойлайсындар?
Қар жауғанда жер беті аппақ қармен боялады. Көшедегі ағаштарды не басқан?
Я, көшедегі ағаштарды ақ қырау басқан екен.
-Ойын қызықты болып жатыр ма?
Ойынғақызған балалар тонды деп ойлайсындар ма?
Ойынға қызған бала тонғанын білмей, беті-қолы қызырып кетеді. Серуенге шығарда тонып қалмас үшін не киеміз?
Ендеше іс-әрекетпен киімдерімізді киіп көрейкші.
\
Сергіту сәті:

Тоңса біздің қолымыз
Қолғап киіп аламыз
Сарт-сарт-сарт
Шапалақ соғамыз
Тоңса біздің аяғымыз
Етік киіп аламыз
Топ-топ-топ
Топылдатып билейміз
Тоңса біздің денеміз
Тоңды киіп аламыз
Зу-зу-зу
Шанаменен зулаймыз
-Балалар, бүгінгі оқу қызыметімізден сурет бойынша жылдың қай мезгілін әңгімеледік?

-Қыс мезгілі несімен ерекше деп ойлайсындар?
Я, қыс мезгілі аппақ қарымен , жылда келетін Аяз атасымен ерекше екен.
Әр мезгілдің өзіндік сипаты болатын сияқты, қыс мезгілі де өз қызығымен есімізде қалады. Қардыңда әр түрлі қасиеті болады.Таңертен мен топқа не әкелдім?
Енді осы қарды бақылап көрейікші?
Қар еріп, суға айналыпты(көрсету)
Неліктен қар суға айналды деп ойлайсындар?
Жылы жерде қар еріп суға айналады екен.
Білесіңдер ме, Аққала ертегісінде атай мен әжей неге көңілсіз болады?
Сондықтан атай мен әжейге ерімейтін аққала құрастырып берейік.
(Балалар табиғи материлдан аққала бөліктерін құрастырады.) Балалардың іс-әрекетін мадақтау. Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжуді білмейміз
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге!

Бұл қыс мезгілі
Қыста қар жауады.
Боран соғады.
Аяз терезеге сурет салады.
Айнала ақ көрпеге оранған.
Қыста қалвң тон киеміз.
Далада қар борайды, ақ мамыққа орайды. Мұз болады, қатады. Жып-жылтыр боп жатады.
Біздің шырша тойымызға Аяз ата мен Ақша қар келеді.
Мен шанамен ойнағанды жақсы көремін. Көшедегі ағаштарды ақ қырау басқан.
Қарашы аппақ далаға
Көз тоймайды қарасы
Көңілденген балалар
Зулайды кеп шанада

Қысмезгілі бейнеленген ұлпа қармен көмкерілген.

Ұлпа қар

Аққала жасап ойнаймыз, қар атыспақ ойнаймыз.

Балалар шанамен сырғанап келеді.
Балалар көп екен.
Біреуі коньки теуіп жүр.Арман мен Байбол аққала жасап жатыр.
Аққаланы қөардан жасайды.

Ағаштарды қар басқан.

Ойын қызықты екен.
Жоқ, тоңбайды.

Жылы киімдер киеміз.

Балалар өлеңге сәйкес қимылдар жасайды.

Қыс мезгілін әңгімеледік.

Аппақ қарымен, Аяз атасымен.

Қар әкелдіңіз

Өйткені күн жылынып атай мен әжейдің аққаласы еріп кетеді.

Балалар қуанышты сезімде болады.

Күтілетін нәтиже:
Білуі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін білуі.
Меңгеруі: Өз тәжірибесіне сүйене отырып, сурет бойынша әңгіме құрай білуді.
Жасай алуы: Аққала бөліктерін дұрыс орналастыра алуы. Тәрбие.орг сайтынан Қыс қызығы Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Үмертаева Мирамкул

№7 "Балдырған" санаториялық - бөбекжай балалар бақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar