Қыс қызығы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 246
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 22/Мар/2018

Жарияланған материалдың жеке номері: 23664


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Ризаметова Диларам Хакимовна
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы №57 "Хадиша" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі


Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Қыс қызығы.
Мақсаты: 1.Жылы киініп шанамен сырғанап,аққала жасайтын көңілді қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру.
2.Достыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер: қыс мезгілінің бірнеше суреттері,үлестірмелі заттар.
Әдіс тәсілдері: көрсету,түсіндіру, сұрақ жауап,әңгімелесу.
Ұйымдастырушы-қозғаушы қызмет:
Шаттық шеңбері
Балалар дөңгелектеніп тұрып бір біріне жақсы тілектерін тілейді
Жұмбақ шешу
қыста ғана болады
ұстасаң қолың тоңады.
Ұйымдастырушы-ізденуші қызмет:
Әңгіме жүргізу
балаларға қыс туралы түсіндіру жылдың қай мезгілі екенін айту суреттерге назар аудару

Суретпен жұмыс
сурет бойынша әнгіме өткізу балаларға сұрақтар қою
қыс мезгілінде адамдар қалай киінеді?
ауа райы қандай болады?
балаларға қыстық киімдерді айту қайталаттыру.
Сергіту сәті
қысқы өлеңдермен орындалады.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс
төрт мезгілдің ішінен қыс мезгілін тапқызып оны сызып көрсеткізу.
Өлең оқу.
немесе басқада ақындардың өлеңдерін оқу мазмұнын түсіндіру
"Қар жинау" ойыны
ойынның шарты
екі топқа бөлініп мақтадан жасалған қарды жинап себетке салудан жарысады.
Рефлексивті-түзетуші қызмет:
Сұрақ жауап арқылы не үйренгендерін пысықтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі қыс мезгілінің басқа мезгілдерден ерекшелігін біледі
Қандай түсініктерді игерді; жұмбақ шешіп,тақпақ айтып сөйлей білу дағдыларын игереді.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: қыс мезгілінің ерекшеліктерін және қыс ойын түрлерін меңгереді Тәрбие.орг сайтынан Қыс қызығы Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ризаметова Диларам Хакимовна

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №57 "Хадиша" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar