Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қыс қызығы - аққала
  • 18.08.2016
  • 598 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19350

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (17.0Kb)

Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрлері: тіл дамыту, жапсыру, математика.
Тақырыбы: Қыс қызығы – аққала.
Мақсаты:
а) Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға баулу.
ә) Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
б) Балаларға аққала туралы мағлұмат бере отырып, аққала суретін жапсыруды үйрету.
Көрнекілік құралдар: қыс суреті, қайшы, желім, аққала суреті.
Сөздік жұмыс: үлкен, кіші, кішкентай, аққала.
Блингвистикалық сыңары: аққала-снеговик.


Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивация-лық қозғаушы-лық Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы таң, апайлар,
Қайырлы таң, балалар.
Сәлем саған алтын күн!
Балалар өлең ырғағына сәйкес қимылдар жасап қайталайды.
Ұйымдас-тырушылық
-
ізденістік
- Балалар біз жақында қандай мерекені тойладық?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Атап көрейікші?

- Жарайсыңдар балалар, қыста ауа-райы қандай болады?

- Қыста не жауады?

- Балалар қар қандай болады?

- Аязды күні қарды басып жүрсек қандай дыбыс шығады?

- Қыста қандай ойындар ойналады?

- Балалар күн жылып кетсе қар не істейді?

- Еріген қар күн суықта неге айналады?

- Қыста әр үйдің ауласының сәнін келтіретін қардан жасалатын не нәрсе бар?

- Аққаланы қандай қардан жасауға болады, жабысқақ па, әлде жаңа жауған қардан ба?

- Неліктен?

- Аққаланың пішіні қандай?

- Санап көрейікші қанша шеңбер бар екені?

- Аққаланың төменгі жағы үлкен, ортасы кіші, бас жағы кішкентай екен. Аққала үш бөліктен тұрады. Аққаланың түсі аппақ, көздері тастан, ауызы ағаштан, мұрны сәбізден жасалған.
- Балалар енді шығармашылық орталығына қарай ауысайық. Барлығыңның алдарыңда аққаланың суреті жатыр, бұл суреттер жеке-жеке құралмаған күйінде тұр. Балалар, осы аққала суретін ақ параққа рет-ретімен
жапсырамыз. Әуелі үлкенінен бастап кішісіне, содан соң кішкентай бөлігін жапсырып аламыз. Көздерін, мұрны мен аузын, қалпағын кигіземіз. Қолдары мен аяқтарын да ұмытпаймыз. Аққаламыз дайын болса бір бой сергітіп алайық!

Балалар шаршаған боларсыңдар
ендеше бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір демалып алайық.
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық. - Жаңа жылды

- Қыс мезгілі

- 3 ай бар

- Желтоқсан, қаңтар, ақпан

- Суық, аяз

- Қар жауады

- Қар аппақ, ұлпа, жұп-жұмсақ.

- Сықыр-сықыр

- Аққала жасау, шаңғы тебу, шанамен сырғанау, коньки тебу.

- Ериді

- Мұзға айналады

- Аққала

- Жабысқақ

- Себебі жаңа жауған қар үлпілдеп тұрады, жабыспайды.

- Дөңгелек, шеңбер.

- 1,2,3.

Балалар аққаланы рет-ретімен қойып жапсырады.

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.
Рефлекция-лық түзетушілік Балаларды соңынан оқу іс-әрекетке белсенділік танытқаны үшін мақтап, мадақтау. Жасаған жұмыстарын тақтаға іліп, талқылау Балалар қуанышты сезімде болады.



Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қыс мезгілі, аққала туралы;
Игерді: Аққаланы рет-ретімен жапсыруды;
Меңгереді: Геометриялық пішіндерді, үлкен, кіші, кішкентай
айырмашылықтарын. Тәрбие.орг сайтынан Қыс қызығы - аққала Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Есенаманова Акмарал Нурлановна

Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, "Мөлдір бұлақ" шағын орталығы тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 598 | Жүктеулер: 4
Барлық пікірлер: 0
avatar