Қыс қызығы көңілді

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 485
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 22/Мар/2018

Жарияланған материалдың жеке номері: 23666


Кіріктірілген оқу қызметінің технологиялық картасы


Қырықбаева Гүлназ Қалжанқызы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
№57 "Хадиша" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі


Білім салалары: Коммуникация. Әлеумет. Таным.
Оқу қызметінің тақырыбы: «Қыс қызығы көңілді»
Оқу қызметінің мақсаты:
Білімділік: балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін толықтырып, сөздік қорларын байыту. Сурет мазмұнына сай берілген сұрақтарға толық жауап беріп, әңгіме құрап айтуға үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасау;
Дамытушылық: қыс мезгілінің табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: бір біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: қыр, (биік жер , дөң деп те айтуға болады)
Көрнекіліктер: слайд, жұмыс дәптерлері, түрлі түсті қарындаштар.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, жұмбақ шешу, тапсырмаларды орындау ӨТШТ әдісі бойынша.
Билингвальды компонент: қыс – зима, қысқы ойындар - зимние игры.
Мотивациялық-қозғаушы қызмет:
Жылулық шеңбері
Балалар, қараңдаршы, бүгін бізге көп қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасып алайық.
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын алайық,
Таза ауаны жұтайық.
Жүрекке жылу салайық,
Мейірімділік шоғын алайық.
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарға шашайық
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Здравствуйте, гости!
Hello!
Балаларды орындарына отырғызу.
Ұйымдастырушы-ізденуші қызмет:
Балалар, назарымызды экранға аударайықшы.
Слайд 1. (Али мен Аяның «Қыс туралы ән» мультфильмнен үзінді көрсету).
Балалар, әннің сөзіне назар аударып отырыңдар.
Ал, балалар, әнде қандай мезгіл жайлы айтылған?
Иә, балалар, бұл құбылыстар қыс мезгілінде болады екен.
Ендеше менің сұрақтарыма тез жауап бере қойыңдар.
Миға шабуыл:
Балалар, қыс мезгілінде неше ай бар?

Қазір қыстың нешінші айы?
Ал, қыс мезгілі қандай болады екен?
Қыста біздер қалай киінеміз?
Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?
Дұрыс айтасыңдар балалар. Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс келді. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз, денемізді шыңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанақ ойнап, аққала жасаймыз.
Балалар, мына суретке қараңдаршы, суретші нені шатастырып алған?
Ол үшін қолдарыңа дүрбілеріңді алып қарап алыңдар. (ӨТШТ әдісі бойынша)
(Балалардың жауаптары тыңдалады)

Жақсы балалар, енді менің жұмбағымның шешуін тауып көріңдер.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (қар).

Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тоңды? (қар).

Балалар, біз осы қарды мына ойынмен байланыстырып көрейік. Мына ойынды қалай атаушы едік? (ӨТШТ әдісі)
ТРИЗ ойыны: «Ғажайып баспалдақ»
Мақсаты: қардың қасиетін сипаттау.
Ал, баспалдақпен жоғары көтерілейік.
1. бұл не?
2. қарды қай жерлерден көруге болады?
3. қардан қандай пішіндер жасауға болады?
4. түсі қандай болады?
5. көлемі қандай?
6. қардың қандай пайдасы бар?
7. егер қар болмаса қалай болар екен?
8. «егер Мен қар болсам» ойларын айтады.

Балалар, сендер қар жайлы жақсы біледі екенсіңдер. Ал, енді қар қалай пайда болатынын экранға назар аударып көрейік.
(видеофильм көрсету)

(есік тықылдатып, Аққала келеді)
- Ой, балалар, сендер жаңа аққала
жасаймыз деп едіңдер ғой, міне қызық.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендердің
мен жайлы айтып жатқандарыңды естіп, сендермен бірге ойнайын деп келдім. Дала өте суық екен. Мен тоңып бара жатырмын, денемізді қыздырып бірге жаттығу жасайықшы.
Сергіту сәті. (музыка ырғағымен аққаламен бірігіп, сергіту жаттығуын орындау)

Аққала: қандай көңілді, суыққа тоңбайтын мықты балалар екенсіңдер!
Тәрбиеші: аққала, сен туралы біздің балалар жақсы біледі.

Балалар, Аққаланы неден жасайды?
Аққала: жақсы мен туралы біледі екенсіңдер.
(қолындағы қар қиыршығына қарап) балалар, мен сендерге тапсырмалар әкелдім.

Тәрбиеші: қане, балалар Аққаланың тапсырмаларын орындай қояйық.
1-ші тапсырма:
Тіл ұстарту жаттығуын орындаңдар!
Ойын: «Буын ұйқасын тап»
-ша, -ша, -ша, жап жасыл шырша.
ар, ар, ар, қандай аппақ қар.
ыс, ыс, ыс келіп қалды қыс.
-ғы, -ғы, -ғы, Олжас тепті шаңғы.
-ла, -ла, -ла, соғамыз қардан аққала.
лар, лар, лар, Далада ойнайды балалар.

2-ші тапсырма:
Аққала: Менің тағы да мынадай тапсырмам бар. Аққала домалақ қар қиыршығынан ақ қоян, мәнерлеп сырғанау, сұр қасқыр, шаңғы, хоккей, шайба, таяқ, шанасымен жүйткиді тірек сөздерді алып шығады. Осы сөздерді қатыстырып, сөйлемдер, әңгіме құрастыру керектігін айтады.
Аққала, сіздің тірек сөздеріңізге арналған жұмыс дәптерімізде суреттер берілген. Қане, балалар, дәптерімізді аша қояйық та, осы суреттерге қарап, сөйлем құрастырайық. Аққаланың мына сөздерін сөйлемдеріңе қосуды ұмытпаңдар!
Жақсылап суретке қарап алыңдар.
Тірек сұрақтар:
Балалар суретте нелерді көріп тұрсыңдар?

Ақ қоян, сұр қасқыр, кірпі қандай ойындар ойнады?
Ақ қоян не істеді?

Хоккей ойнау үшін қандай құралдар қажет?

Кірпі сыртқа не алып шықты?

Кірпі қайдан сырғанады?

Сөздік жұмыс: (слайдттан қырдың суретін көрсету). «Қыр» деген – балалар, биік жер, бұл жерді дөң деп те айтуға болады. Естеріңде сақтаңдар!
Билингвальды компонент: қыс – зима – winter, қысқы ойындар – зимние игры -

Аққала: балалар, мына жер ыстық сияқты, менің еріп кететін түрім бар. Егер мен еріп кетсем қандай күйде боламын?

Тәрбиеші: қане, балалар, орындарыңнан тұрып, көрсете қояйықшы.
(ӨТШТ әдісінің «Кішкентай адамдар» бейнесі)
Қатқан кезде қандай күйде болады?

Аққала еріген кезде қандай күйде болады?

Суға айналғанда не болады?

Тәрбиеші: міне аққала, сенің тапсырмаларыңды орындадық.

Аққала: ал, балалар, мен ендеше ерімей тұрғанымда далаға бара берейін, сендерді қысқы ойындарды ойнауға шақырамын. (аққала шығып кетеді).

Балалар, дәптердегі жұмысымыз аяқталмай қалды, келесі тапсырмада жұмбақ беріліпті, қане жауабын шеше қояйық.

Жұмбақ шешейік
Қырға сүйреп шығам,
Ойға мініп түсем. (Шана)
(слайд – шана).
Дыбыстық талдау жүргізу.

Балалар сендер екінші тапсырманы үйде орындап яғни қысқы ойындарға қажетті құралдардың суреттерін салып келесіңдер.
Рефлексивті-түзетуші қызмет:
Балалар, бүгінгі оқу іс әрекетімізде жылдың қай мезгілі жайында айттық?

Ендеше қыс мезгілінің жақсы және жаман жақтарын айтайықшы. (ӨТШТ әдісі)

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Ендеше кімге сабақ ұнады алдарыңда тұрған жымиғыштарыңды тақтада күліп тұрған және көңілсіз тұрған жымиғышқа апарып орналастырыңдар.

Балаларды шеңберге жинап келген қонақтармен қоштасу.

Балалар сендерді аққала далада күтіп тұр, далаға шығып қысқы ойындарымызды ойнайық.
Күтілетін нәтиже:
Білу: қыс мезгілінің ерекшеліктерін, қыс айларын;
Игеру: Қысқы ойындар жайлы әңгімелеп айтуды үйренді;
Меңгеру: алған білімдері мен іскерліктерін күнделікті өмірде қолдана білуді. Тәрбие.орг сайтынан Қыс қызығы көңілді Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қырықбаева Гүлназ Қалжанқызы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №57 "Хадиша" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar