Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
"Қызықты доп"
  • 25.04.2016
  • 998 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18830

Құсанова Роза Сағынтайқызы
Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылы
«Қызғалдақ» бөбекжай тәрбиешісі
Ерте жас топ балаларына арналған
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Қызықты доп
Мақсаты: Балаларды кедергілерден өтуге, допты домалатуға дағдыландыру қимыл-қозғалыс арқылы дене бітімінің дұрыс жетілуіне жағдай жасау.
Дамытушылығы: Балалардың денсаулығын нығайту ағзаның шынықтыру түрлерін дамыту.
Методикалық әдіс-тәсілдер: Көрсету, ойын, түсіндіру.
Көрнекі құралдар: Доп, себет, доға, таяқша, шырша, гүлдер.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті.
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті бағалау. Шаттық шеңберге тұрып Апайлармен амандасып алайық. Балалар енді дөңгеленіп тұрып, шар үрейік. Шар қандай болады? Үлкен болады. Шарымыз жарылғанда қандай болды кішкентай болады. Олай болса жиналайық.
Балалар біз бүгін орманға саяхатқа шығамыз. Ол үшін біраз жол жүреміз. Қане, денемізді тік ұстап, басымызды жоғары көтеріп тік тұрайық. Орманда көп аңдар бар қоян, аю. Енді балалар біз аю болып жүреміз. Ол үшін аяқтарымыздың арасын алшақ қойып оңға, солға теңселіп жүреміз, қоян болып секіреміз. Жарайсыңдар балалар. Жолмен жүреміз. Енді алдымыздағы кедергіден аттап өтеміз. Міне орманғада келдік енді балалар ағаштың астынан еңбектеп өтеміз. Ормандағы ағаштардың арасымен жүреміз. Қалуға болмайды, өйткені бұнда аңдар бар. Міне балалар ормандағы көптеген кедергілерден өтіп шықтық. Енді балалар біз қимылды ойын ойнаймыз.
«Допты әкел»
Шарты: Допты бір ыдыстан екінші ыдысқа салу. Жәй жүріспен аяқтау. Балалардың еңбегін бағалау, мадақтау, қорытындылау.
Балалар хормен қайталайды.

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды, үлкен, кішкентай

Берілген тапсырмаларды орындайды.

Балалар аңдардың қимыл-қозғалысын салады.

Балалар ойынға қызығушылықпен ойнайды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесінде:
Нені біледі: Берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындай білуді.
Нені игереді: Допты әкел ойынын игереді.
Нені меңгереді: Түрлі кедергілерден өтуді меңгереді. Тәрбие.орг сайтынан "Қызықты доп" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Құсанова Роза Сағынтайқызы

Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылы "Қызғалдақ" бөбекжайы тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 998 | Жүктеулер: 6
Барлық пікірлер: 0
avatar