ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА

  • Жүктеулер: 115
  • Көрсетілім: 9727
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 28/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18193


Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Қарапайы математикалық ұғымдар
Тақырыбы: Қызықты математика
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың қарапайым математикалық дағдыларын қалыптастыра отырып, сандар жайлы түсініктерін тереңдету, геометриялық пішіндерді тануға, тура және кері жаңылмай санауға ынталандырып, тапсырмалар арқылы ықпал ету;
Дамытушылық: Баланың логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту, зейінін, тез ойлауын, шапшаң есептеуге қызығушылықтарын ояту.
Тәрбиелік: Достық пен сыйластыққа тәрбиелеу

Мотивациялық- қозғаушы:
Тәрбиеші:
Балалар қараңдаршы, бүгін сондай ерекше күн, сендер де, сондай әдемі болып кетіпсіңдер жәнеде бүгін біздерге өздерің сияқты әдемі апайлар қонаққа келген екен, кәники, «сәлем-сөздің атасы» демекші, келеген қонақтармен амандасып, бүгінгі күніміз көңілді де, қызықты өту үшін «дөңгеленіп тұрайық, шаттық шеңбер құрайық».

Шаттық шеңбер:
Қайырлы тан Жер Ана
Қайырлы тан Көк Аспан
Қайырлы тан достарым
Қайырлы тан қонақтар
Аман есен болайық
Бейбітшілікті қолдайық


Жарайсыңдар балалар орнымызға жайғасайық.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Зай бар.
-Бүгін аптаның қай күні?
-Сәрсенбі
-Бір аптада неше күн бар?
-7күн

Ғажайып сәт:
Балалар біздің ғажайып теледидарға хат келген сияқты, кәне бәріміз теледидарды қарайықшы.
Қарша қыз:
-«Сәлематсыңдарма, балалар? Мен Қарша қызбын. Менің жеті ергежейлі достарымды Қатыгез патшайым ұрлап, тығып қойды. «егер саған дос керек болса менің тапсырмамды орында»деп көп жұмбақ пен тапсырма беріп кетті менің өзіме бұл тапсырмаларды орындау өте қиын, достар сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын, маған көмектесіңдерші, мынау Қатыгез патшайымның маған беріп кеткен тапсырмасы».


Ұйымдастыру- ізденушілік
- Балалар ертегі кейіпкеріне көмектесеміз бе
- Ия
Бірінші ергежейліні табу үшін, мына жұмбақты шешу керек сияқты.
Жұмбақ: Құлпырса қадірлейді, аялайды
Қураса сыпырғышқа жарамайды
-Гүл
Тәрбиеші: олай болса гүлдердің арасынан біз ергейжейліні іздеп көрейікші.
( гүлдің қасынан елгежейліні табады.)
-Балалар біз жұмбақты шештік енді, Қатыгез патшайымның тапсырмасын орындап көрейік. Тапсырмамыз 1-10ға дейін тура және кері санау, және ағылшын орысша қайталау. Көрші сандарды атап шығу
Жарайсыңдар балалар сіздер тапсырманы жақсы орындадыңдар, енді екінші ергейжейліні табу үшін біз тағы жұмбақ шешуіміз керек екен.
Жұмбақ: Қабат –қабат қаттама
Ақылын болса аттама
-Кітап
Балалар жұмбақтың шешуін тауып,кітаптардың қасынан елгейжейліні табады
Келесі біздің тапсырмамыз.
«Алдымен –содан кейін»
Кеңістіктік және мөлшерлік түсініктер
Алдымен көктем, ал содан кейін ЖАЗ
Алдымен күз, ал содан кейін ҚЫС
Алдымен кішкентай, ал содан кейін ҮЛКЕН
Алдымен екі, ал содан кейін ҮШ
Алдымен бес, ал содан кейін АЛТЫ
Алдымен күндіз, ал содан кейін ТҮН
Алдымен тоғыз, ал содан кейін ОН
Жарайсыңдар, балалар сіздер бұл тапсырманыда жақсы орындадыңдар. Енді үшінші ергейжейліні табу үшін біз келесі жұмбақты шешуіміз қажет.
Жұмбақ: Бір нәрсе бетінде жоқ ой мен қыр
Өзінің кіндігінен айналып жүр
Өзіне назар салып қарасаңыз
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр
-Глобус
Балалар жұмбақтардың шешуін тауып, Глобустың қасынан елгейжейліні табады
Балалар біз ергейжейліні таптық енді, тапсырма орындайық
Балаларға жеке тапсырма. Мына суретте неше заттың суреті бар, соның цифрын қой.

Жарайсыңдар балалар, біз неше ергежейліні таптық, енді нешеу қалды?
- 3 таптық, 4 қалды
Жұмбақ: Төбедегі көзінен
Күн сәулесі түсседі
Бұрышы жоқ төрінен
Самал еркін еседі
- (Киіз үй
Жарайсындар балалар, Қатыгез патшайым енді сіздердің билердің көргісі келеді екен, шаршаған боларсыңдар келіңдер бәріміз «жұбыңды тап» деген сергіту сәтің орындайық

Балалар ұнадыма сендерге, орындарымызға жайғаса қойындар.
Келесі жұмбақты тезірек жауабын тауып, ергейжейліні тауып алайық.
Жұмбақ: Жайланған дүниені бір ғажайып
Тік көтеріп отырар адамдарды
(Орындық)
Кәне балалар тұрып өздеріннің отырған орындықтарынды қарап көріндерші, кімнің орындығына жасырған екен.
Балалар бізге «Ғажайып қалта» ойының ойнауды ұсынып тұр . Әр бала қалтадағы пішіндерді сипап сезу арқылы атайды.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар сіздер тапсырманы жақсы орындадыңдар, енді нешінші ергейжейліні іздейміз? ергейжейліні табу үшін біз тағы жұмбақ шешуіміз керек екен
Жұмбақ: Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.
-Мысық
«Ұзын-қысқа»
Ұзындық туралы түсініктерін қалыптастыру
Балалар бізде төрт түсті жіп бар кәне бірінші түстерін атап өтейік. Жарайсыңдар балалар бізге тапсырма бойынша осы жіптерді салыстыруға беріпті. Енді біз қай жіп ұзын, қай жіп қысқа екенің аңықтап сіздердіп алдарыңыздағы көлем бойынша берілген суреттерді қаламсаппен бояуымыз қажет екен.

Балалар жарайсыңдар кәне санап шығайықшы бізде неше ергейжейлі табылғаның, енді соңғы жетінші ергейжейліні табу үшін соңғы жұмбақты шешейікші
Жұмбақ:
Пышақпен штала береді
Бойы қысқара береді

-Қаламсап
Жарайсыңдар балалар кәне санайықшы бізде неше ергежейлі болды?
Енді ергежейлілерді өсу ретімен орналастырайықшы.


Қорытынды
Теледидарға хат келеді.
Қарша қыз: Балалар сіздерге рахмет. Сіздер Катыгез патшайымның тапсырмасын орындап менің ергежейлімді қайтардыңдар. Сау болыңыздар..
-Балалар бүгін біз кімге
көмектестік?
Қарша қыз бен ергежейлілерге
-Қандай тапсырмалар орындадық?
-Ұзындық өлшемді, сандарды үш тілде санадық

Күтілетін нәтижелер:
Білуі керек: Математика ұғымдарын: ұзын-қысқа, үш тілде санау білуі керек
Болуы керек: Балалардың оқу іс-әрекетке қызығушылығы
Баланың қолынан келуі: Берілген жеке тапсырмаларды өз бетінше орындай алады Тәрбие.орг сайтынан ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алибекова Зарина Алибековна

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы "Айгөлек" балабақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar