Қызықты математика

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 829
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 18/Авг/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19349


Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қарапайым математика
Тақырыбы:«Қызықты математика»
Мақсаты: 5 көлеміндегі сандық есептеуге үйрету.Сандарды тура және кері санау. Баланың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс-әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ауызша қосып алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға үйрету, жыл мезгілдері.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: пішін, кері.
Билингвистикалық сыңары: пішін – фигура, бір-один, екі-два, үш-три, төрт-четыри, бес-пять.
Көрнекі құралдар:суреттер

Іс – әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық - Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті, қане, амандасайық!
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Алдыменен қонақпен,
Амандасып аламыз.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз.
Сәлем дейік үлкенге.
- Қане, балалар барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
- Балалар бұл ненің бейнесі?
- Күн жарқырап шыққанда адамға шуағын шашады. Жарайсыңдар балалар, бүгінгі күніміз жақсы өтсін, мына үстелден өздеріңе ұнаған пішіндерді алып сол бойынша өз орындарыңды таба қойыңдар. - Сәлеметсіз бе?

Балалар қонақтармен амандасады.

Балалар бір-бірінің қолынан ұстайды.

Балалар өздеріне ұнаған пішіндерді алады.
Ұйымдастыру
шылық- ізденістік Бүгін біз қарапайым математикадан «Қызықты математика» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өтеміз.
Балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын, мына шарларды ала келдім.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Төрт мезгіл, қане атап шығайық?
Бұл шарлардың түсі де сол мезгілдерді бейнелейді.
- Мына шардың түсі қандай?
- Бұл шардың түсі қай мезгілді білдіреді?
- Қыста жер қандай болады?
Сары шарды көрсету. Бұл түс қай жыл мезгілін білдіреді? Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
Жасыл шарды көрсету. Бұл түс шөптердің түсі сияқты. Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады.
Қызыл шарды көрсету.
- Бұл түс қай жыл мезгілін білдіреді?
- Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?
- Балалар түстерін білдік, енді сыйқырлы шардың ішінде не бер екенін көргілерің келе ме? Қане, шарды кім жарады?
Бұл шарда бізге тапсырмалар берілген осы тапсырманы дұрыс орындап көрейік!
1- тапсырма:
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау. Екі тілде.
2-тапсырма:
Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін тап: «Жоғалған сандар».
3-тапсырма:
Логикалық есептер.
1. Дүкеннен анам 2 доп алып келді оның біреуін ініме бердім, менде неше доп қалды?
2. Қоянда неше құлақ бар?
3.1 қолда қанша саусақ бар?
4. Ағашта 5 құс отыр, оның екеуі ұшып кетті, ағашта неше құс қалды?
5. Себетте 2 алма, тәрелкеде 2 алма, барлығын қосқанда неше алма?
4- тапсырма. «Жұмбақтар»:
Адамға серік, күзетке берік.

Жүрегі бар ізі жоқ,
Қанаты бар ұшпайды.
Су астында қыстайды.

Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар.
\Сергіту сәті слайдпен «Қамажай».
Балалар мына түрлі-түсті пішіндерді қараңдаршы, оларды қалай атаймыз?
Ендеше осы геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, балықтың бейнесін құрастырайық.

4 мезгіл бар
Көктем, жаз, күз, қыс.

Ақ
Қысты

Аппақ болады.
Күз мезгілін білдіреді.

Көктемді білдіреді.

Жазды білдіреді.

Бір бала шығып шарды жарады.

Балалар санайды.

Сандардың көршісін табады.

1 доп қалды.

2 құлақ бар.
5 саусақ

3 құс қалды.

4 алма

Ит

Балық

Қозы

Балалар сергіту жаттығуын орындайды.
Геометриялық фигуралар
Рефлексиялық-түзетушілік - Біз пішіндерден балық бейнесін жасадық.
- 1-ден 5-ке дейін тура және кері санауды үйрендік.
- Жұмбақтар шештік.
- Жарайсыңдар балалар бәріміз қонақтармен қоштасайық. Балалар алған әсерлерімен бөліседі.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: геометриялық пішіндерді ажыратады;
Игереді: сандарды тура және кері санауды;
Меңгереді: жұмбақтарды шешуді. Тәрбие.орг сайтынан Қызықты математика Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Есенаманова Акмарал Нурлановна

Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, "Мөлдір бұлақ" шағын орталығы тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar