Қызыл телпек

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 202
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 28/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22985


БҚО, Шыңғырлау ауданының «Болашақ» бөбекжайынның тәрбиешісі

"Ертегілер еліне саяхат" ойын-сауық Тақырыбы: Қызыл телпек (ертегісі)
Ертегі қызметінің мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіндіру.
Ертегі қызметінің міндеттері:
1. Ертегінің негізгі ойын ашып, қызыл телпек туралы мағлұматтарын кеңейту.
2. Балалардың ауызша сөздік қорларын дамыту.
3. Балаларды ұғымталдыққа, бірлесіп жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Ертегі қызметінің түрі: ертегі-саяхат.
Ертегі қызметінің барысы:
Білімділік: (қызыл телпек ) ертегісінің желісі бойынша алған білімдерін кеңейту. Дамытушылық: сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын байыту, ән, өлен айту қабілеттерін шыңындай отыра, сөйлеу мәдениеттерін дамыту.
Тәрбиелік: балаларды табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа, ұқыпты болуға тәрбиелеу. Алғашқы ұйымдастыру.( Ертегі - орман, әуен) Арайланып таң атып ормандағы тіршілік.
Айша-қызыл телпектін анасы: Арайланып таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды қаламыз, Жайнай түсті даламыз. Қайырлы таң қызым. Еркеназ-қызыл телпек: Қуан, шаттан, алақай! Келді міне, жарқын күн. Қайрлы таң анашым. Айша-анасы: Қызым сен әжене барып, бәлішті әжене апарып кел. Еркеназ-қызыл телпек: жарайды анашым. Қасқыр: Асет:Мен қасқырмын, қасқырмын, Қаңғырамын үйім жоқ. Ұрлық, зорлық кәсібім, Тамақтанар несібім. Қызыл телпекті қыз сен қайда барасың? Еркеназ-қызыл телпек: Мен әжеме барамын. Оған бәліш апарып беремін. Қасқыр-Асет: Әжен алыста тұрама? Еркеназ-қызыл телпек: Алыста. Анау ауылда. Қасқыр-Асет: Жарайды, мен мына жолмен барайын. (Қызыл телпек жолын жалғастырады)
Ерасыл: Мен кішкентай құмырсқа, Бейім барлық жұмысқа Еңбекшіл, жоқ зияны, Қиянет етпе сен босқа.
Айару: Мен арамын, арамын ж,ж, Баратыным -Қыр.
Қонатыным - Гүл Теретінім-Нәр Беретінім- Бал. Данагүл: Мен көбелек, көбелек Әдемімін керемет. Гүл көрсем күлімдеймін. Гүлге келіп қонамын Бексултан:Мен кірпі боламын. Арқамда балаларға алмам! Бөліп беріп, теңдей Олар да титтей сендей! Еркеназ-қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме. Барлығы: сен қайда барасың? біз сенімен барайық па? Еркеназ-қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме. Барлығы: сен қайда барасың? біз сенімен барайық па? Нурдаулет: Мен Лақпын, лақпын Салпандаған құлақ. Су ішетін жерім, Сылдырлаған бұлақ. Мирас: Мен ботақан- ботамын, Қара көзім мөлдіреп. Қызықтырмай қоймайды. Жібек жүнім үлбіреп Қараса маған, көз тоймайды.. Гүлназ: Мен мысықпын. Көп жұмысты күнімен Келгендей-ақ "қиратып", Отыр мысық тілімен Үш тал мұртың ширатып. Әбілхан: Мен құлын, құлын, құлыншақ Желкілдейді тұлымшақ. Құйрығында құндызы, Маңдайында жұлдызы. Еркеназ-қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме. Барлығы: сен қайда барасың? біз сенімен барайық па? Әдемі: Мен тиінмін, тиінмін. Қысқа жылы киіндім, Қоймам толы жаңғаққа. Іші жылы үйімнін. Арыстан: Мен қоянмын, қоянмын Мен сендерден артықпын. Менің мұртым-мұрт-ақ! Сендердікіндей емес? Мен ешкімнен қорықпаймын. Үйрек-Ғарифолла: Абайлап жүріндер, қасқыр орманда жүр, абай болыңдар.( барлығы қашып кетеді. әуен ойналады қасқыр көрінеді)
Әміржан: Мен мықты арыстан Аңдардың патшасы Жауымның алысқан Күл болған қаңқасы Әділжан: Мен жыртқыш жолбарыс, Тұрағым-ну қамыс. Түн демей,күн демей, Жортамын жолда алыс. Диас: Бір көргенде -ақ білгін, Мен пілмін! Аспаймын, саспаймын. Жамандыққа баспаймын. Еркеназ-қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме! Барлығы: сен қайда барасың? біз сенімен барайық па? (Қасқыр әжеге келеді есік қағады) Әже-Мадина: Амаңсың ба немерем! Қасқыр-Асет: Әже сен ауырып қалған жоқсың ба? Әже-Мадина: ауырдым сен босқа тұр ма? Күректі алып картоп қазып әкел. Қасқыр: Мен шаршадым. Әже: отыратын уақыт жоқ, шелек алып су әкел. (су тасиды) Қасқыр-Асет: О-о шаршадым оданда мен қашып кетейін. (Еркеназ-қызыл телпек - аңшыны көреді) Аңшы-Әмір: мен аңшымын, кім тыныштықты бұзған. Еркеназ-қызыл телпек: Аңшы әжеме қауіп тұнып тұр, қасқыр оны жеп қойғысы келіп тұр? Аңшы-Әмір: Сен қасқыр туралы айтып бер, ол қандай. Еркеназ-қызыл телпек: Ол үлкен, мен одан қорқамын. Аңшы-Әмір:: Мен саған көмектесем. Әй достарым келіңдер. (от шабушылар келеді) Қасқырды аулауға барайық. Қасқыр: енді мен ешкімге тиіспеймін. Мен сендермен дос болайын. Барлығы алаңға жиналып достық әнін айтады.
Кәне, кәне тұрайық Үлкен шеңбер құрайық Қандай жақсы бір тұру Достарменен бір жүру Қандай жақсы дос болу Қандай жақсы көп болу
Ертегі татулықпен аяқталып, жанурлар, аңдар, жәндіктер барлығы тату-тәтті өмір сүреді. Тәрбие.орг сайтынан Қызыл телпек Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дюсембиева Рауза Магажановна

БҚО, Шыңғырлау ауданы "Болашақ" бөбекжайы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar