"Қызыл телпек орманда"

  • Жүктеулер: 12
  • Көрсетілім: 1257
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 14/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20028


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы

Білім беру саласы: таным, қатынас, шығармашылық.
Бағдарлама тарауы: ҚМҰҚ, тіл дамыту, құрастыру, мүсіндеу.
Тақырыбы: «Қызыл телпек орманда».
Мақсаты: балаларға ертегі кейіпкерлері туралы білім беру, сөйлеу қабілеттерін дамыту, байланыстыра сөйлеуге, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, сыпайылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдық: суреттер, поез, үй, ағаштар, саңырауқұлақтар, таяқшалар, қамыр.
Билингвизм: ертегі – сказка, орман – лес.
Әрекет кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық сәт «Сәлемдесу»
Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Барша жұртты құрметтеп!
Бас иеміз біз!
Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Hello!

Балалар шеңберге тұрып, сәлемдеседі.

Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Hello!
Іздену - ұйымдастырушылық - Балалар орындарыңа жайғасып отырыңдар.
/ Балалар біздің топтың есігін біреу қағып тұрған сияқты барып көрейін бізге кім келген екен? /
- Балалар қараңдар бізге кім қонаққа келді?
- Қызыл телпек қай ертегінің кейіпкері?
- Қызыл телпек сен балабақшада қайдан жүрсін?
Қызыл телпек: – Менің анам әжеме бәліш апарып беруді ұсынды, бірақ мен орманда жалғыз жүруге қорқамын, онда аю, қасқыр, түлкі бар.
Сендердің көмектерін қажет, мені әжеме жеткізіп салуларыңды сұраймын.
Тәрбиеші: - Балалар, Қызыл телпекке көмектесеміз бе?
Тәрбиеші: – Балалар орманға біз немен барсақ болады екен?

- Ондай болса біз поезбен барайық.
/поезға отырады, әуен қосылады/
- Міне балалар біз орманға жеттік.
- Балалар, орманда жүргенде бір-біріңнің қолдарынан ұстап жүріңдер, қалып қойсаңдар адасып қаласыңдар.
- Орманда шуламаңдар, себебі бұл жерде жабайы аңдар бар.
Қасқырдың кездесуі.
- Қасқыр сен бізге көмектесші.
Біз қызыл телпектің әжесінің үйін іздеп келеміз, сен бізге жол көрсетші.
Қасқыр: – Жарайды, сендер менің қоян досымның тапсырмасын орындасаңдар сендерге жол көрсетемін.
Ойын: «Бақша жинау»
Шарты: балалар үлкен себетке орамжапырақты жинап салады, кішкене көлемді себетке сәбіздерді жинап салады.
Қасқыр: - Рахмет сендерге балалар, сендер былай қарай жүріңдер.
Алдарынан қасқыр кездеседі.
Тәрбиеші: - Қасқыр сен мұнда не істеп жүрсің?
– Біз қызыл телпектің әжесінің үйін таба алмай келеміз, сен бізге жол көрсетші.
Қасқыр: - Жарайды мен жол көрсетемін, бірақ сендер маған мына тақпақты жаттауға көмектесіңдер.
/Тірек сызба арқылы балаларға тақпақ оқыту./

Тәрбиеші: - Балалар, мен сендерге тақпақты оқимын, сендер мұқият тыңдаңдар.

Домала доп, домала
Балшыққа сен жолама.
Жек көремін оныңды,
Бүлдіресін қолыңды.
- Енді мына тақтатадағы суреттерге қарап тақпақты есімізде сақтап алайық, қасқыр сен де балалармен бірге айт. /жеке айтқызу/
Қасқыр: - Рахмет сендерге балалар. Міне сендер мына жолмен жүрсеңдер?
Алдарынан тағы қасқыр кездеседі.
Тәрбиеші: - Қасқыр сен өзі біздің алдымыздан қайта қайта шыға бердің ғой!
- Сен бізге дұрыс жолды көрсетесін бе?
Қасқыр: - Маған Аю досым бір тапсырма беріп еді соны жасай алмай отырмын. Осы тапсырманы жасауға көмектессендер дұрыс жолды көрсетемін.
Тәрбиеші: - Қандай тапсырма?
Қасқыр: - Мына таяқшалардан үй құрастыру керек.
Ойын: «Көңілді таяқшалар»
Шарты: түрлі-түсті таяқшалардан үйді құрастыру, қабырғасын бір түспен, шатырын бір түспен.
Қасқыр: - Рахмет сендерге балалар, өте тамаша құрастырдыңдар. Сендер енді мына жолмен жүресіңдер.
Біраз жүріп тағы қасқырға кезігеді.
Тәрбиеші: - Қасқыр сен тағы дұрыс жолды көрсетпедің ғой!
Қасқыр: - Жарайды мен дұрыс жолды көрсетемін, бірақ алдымен тамақтанғым келеді, менің қарыным аш. Қызыл телпектің себетіндегі бәліштерді маған беріндер сонда жол көрсетемін.
Тәрбиеші: - Жоқ қасқыр оны Қызыл телпек әжесіне берсін, біздің балалар саған өздері бәліш жасап береді.
Ойын: «Дәмді бәліштер»
Шарты: алдарындағы қамырдан бәліш жасау.
Қасқыр: - Ой, рахмет сендерге балалар, мына бәліш маған көп болады, жартысын Қызыл телпектің әжесіне апарып беріңдер.
- Сендер келіп қалдыңдар былай қарай жүрсеңдер Қызыл телпектің әжесінің үйін көресіңдер.
– Сау болыңдар!
Тәрбиеші: - Міне Қызыл телпек әжеңнің үйіне аман есен жеттің.
Қызыл телпек: - Рахмет сендерге балалар, сау болыңдар!
Қызыл телпек қайта шығып балаларға әжесінің сәлемдемесін береді.
Қызыл телпек: - Мына тәттілерді сендерге әжем берді.
Тәрбиеші нұсқауы бойынша орындарына отырады.

Балалар таңдана қарайды
- Қызыл телпек келді.

- «Қызыл телпек» ертегісінің.

- Иә көмектесеміз

- Машинамен, атпен, мотоциклмен, ұшақпен, поезбен т.б.

Балалар тәрбиешінің айтқанын тыңтайды.

Балалар ойынды ойнайды
Тақпақты тыңдайды.
Барлығы бірге тақпақты суреттерге қарап оқиды.
Балалар алдарындағы таяқшалар арқылы үйді құрастырады.
Балалар бәлішті дайын қамырдан мүсіндейді.
- Сау бол Қасқыр!
- Сау бол Қызыл телпек!
- Рахмет!
Рефлексивті - коррекциялау - Балалар біз қайда бардық, не үшін?
- Орманда бізге не кездесті?
- Қасқырға біз қандай көмек көрсеттік, не жасадық?
- Орманға, қызыл телпекті әжесінің үйіне жеткізіп салуға.
- Қасқыр.
- Бақшаны жинадық, таяқшалардан үйді құрастырдық, тақпақ оқыдық, бәліш жасадық.
Болжамды нәтиже:
Білуі керек: ертегі кейіпкерін біледі;
Қалыптасқан әдет: сұраққа толық жауап береді;
Істей біледі: тапсырмаларды орындайды. Тәрбие.орг сайтынан "Қызыл телпек орманда" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Смагулова Шолпан Кабыкеновна

ШҚО Семей қаласы КМҚК мектепке дейінгі "Балауса" шағын орталық Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar