Заттың атын білдіретін сөздер

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 333
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 07/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20828


Тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер.
Жазғытұрым. І. Жансүгіров
Мақсаты: Заттың атын білдіретін сөздерді меңгерту.
Білімділік: Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді анықтау, не? Сұрағына жауап беретін сөздер тобын анықтау, сөзге сұрақ қоя білуге үйрету, көктем мезгілі жөнінде түсінік беру, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу, ұқыптылыққа баулу.
Дамытушылық: Оқу мен жазу дағдысын жетілдіру, сөйлеу тілін дамыту.
Типі: Жаңа білім.
Әдісі: Көрнекілік, сұрақ-жауап талдау, түсіндіру.
Көрнекілігі: І. Жансүгіров суреті,гүлдер.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі
Арайлап бүгін алтын күн!
Шашты бізге шапағын
Тілейміз сізге ақ таңның
Қуаныш пен шаттығын.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны.
(Орындарынан тұрып Әнұранды орындау).
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Сызба арқылы көктем сөзін шығарып алу.
2. Қазір жылдың қай мезгілі?
3. Көктем айларын ата.
4. Күннің жадын жазып, сабақ тақырыбын жазу, хабарлау.
Жаңа сабақты игеру барысында көктемде гүлдейтін дала гүлдерімен таныстыру.
5. Сызба арқылы Кім? Не? Сұрағына жауап беретін сөздерді түсіндіру.

Бәйшешек
Бәйшешектеп білеміз
Көктем келіп қалғанын
Мәз боламыз күлеміз
Көрсек гүлін жарғанын.

Оқулықпен жұмыс
82-жаттығу. Сөздерді оқып шығыңдар. Әрқайсысына ауызша сұрақ қойыңдар.
Аю, бүркіт, сүт, өзен, ұшқыш, тігінші.

Қызғалдақ
Ең әдемі сұлу гүлмін
Шаттық нұрын төгемін
Еркесімін кең даланың
Қызғалдақ деп аталамын.

Суретпен жұмыс
83-жаттығу.
1. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді суретке қарап табу.
2. Әр сөзге сұрақ қою.
3. Көп нүктенің орнына заттардың атын жазыңдар. Кім?... Не?...

Түймедақ
Аппақ өзі тартымды
Қасиетті гүл қашанғы
Халық одан әр түрлі
Дәрі-дәрмек жасайды.

Сергіту сәті
Біз гүлдерше өсеміз
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы
Желге ырғалып шайқалған.
Суретпен жұмыс «Көктем».
84-жаттығу. Не? Сұрағына жауап беретін сөзді көп нүктенің орнына қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
... туды. ... жылына бастады. ... еріді. Жылғалардан ... ақты.
Керекті сөздер: көктем, күн, қар, су.

Қоңыраугүл
Қоңырауға ұқсайды,
Ақ және көк түрлері.
Әдемі болып өседі,
Таудың осы гүлдері.
Әдеби мәтін тапсырмасы
1. Жазғытұрым. Мәнерлеп оқу.
2. Оқушыларға оқыту.
3. Заттың атын білдіретін сөзді табу.

Шұғынық
Енген «Қызыл кітапқа»
Білгің келсе бұл гүлді.
Бір-біріне ел сыйлайды
Мерекеде түр-түрлі.
ІV. Қорытынды
1. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
2. Кім? Сұрағына жауап беретін сөздер ойла?
3. Не? Сұрағына жауап беретін сөздер ойла?
V. Бағалау
1. Мадақтау оқушыларға гүл сыйлау.
2. Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Заттың атын білдіретін сөздер Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қаженова Бақтыгүл Сайфоллақызы

Пікірлер: 0

avatar