“Үздік тәрбиеші-2016”

  • Жүктеулер: 89
  • Көрсетілім: 645
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 24/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22698


Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді бір мақсат, бір мүдде, бір болашаққа жұмылдыру үшін «Қазақстан  жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауын жолдады. Ол жолдауда Н.Назарбаев « Біз үшін ортақ тағдыр– бұл Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел– жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы»-деді.
-Иә, «Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы,мәңгілік аңсары екенін барлығымыз білеміз. Осы ата-бабаларымыздың арманы әлем елдерімен терезесі тең , қатынас құратын тәуелсіз мемлекет атану, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.
Қалмады жалын жастық басқа амалы. 
Шайқады империя тас қамалы
Қазақтың тәуелсіздік алған күні, 
Ызғарлы желтоқсаннан басталады. 
Сонымен еліміз тәуелсіздік алды.Өркениетке ұмтылған ел ғасырлар бойы аңсаган арманы - тәуелсіздікке қол жеткізді. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, ел болып есімізді жинап, жоғын жоқтап, барын базарлаған, асылын ардақтаған Ұлы елге айналдық. Еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулықтың бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының жемісі деп білеміз.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты  Жолдауы –- егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс – жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат.  Қазақстан халқына арналған Жолдау ұлттық идеология мен кемелденген ел болу жолында атқарар игі бастамаларға толы. Мемлекет басшысының әрбір Жолдауы бір-бірімен астасып, байланысып жататыны белгілі. «Қазақстан-2030» Стратегиялық даму бағдарламасын ұсынған уақыттан бері Қазақстан әлемдік деңгейге өзіндік ұстанымы мен пікірі бар мемлекет ретінде танылып, Елбасы ұсынған даму белестерін батыл қадамдар жасай отырып бағындыра білді. Ал биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – оның мазмұнында қамтылған тың идеялар мен инновациялық ұсыныстардың басын біріктіретін, бір мақсат пен бір мүддеге тоғыстыратын «Мәңгілік Қазақстан» жобасының ұсынылуы.
«Мәңгілік Қазақстан» жобасының астары тым әріде жатыр. Елбасымыздың «Қазақстан – 2050» Стратегиясының даму бағдарламасын алғаш жария еткен кезде «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық деген болатын. Сондай-ақ, «Басты игілігіміз – біздің қасиетті де лайықты еліміз – Мәңгілік Ел», - деп ендігі мақсатымыз сол Мәңгілік Елдігімізді XXI ғасырдың биік белесіне шығару керек екендігін айтқан болатын.
Міне,біздің еліміздің ендігі белесі – 2050 жылға дейін Қазақстанды дамыған 30 мемлекеттің қатарынан Мәңгілік Ел ретінде таныту. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай елордасы Астана қаласында «Мәңгілік Ел» салтанатты қақпасы ашылды. Тұңғыш Президенттің бастамасымен бой көтерген қақпа – жаңа белестің, жаңа дүниенің есігі, өткен мен келешекті байланыстырушы дәнекер. Міне, сол Мәңгілік Елдің қақпасы салынып, бүгінгі күні 2050 жылға дейін әлем мемлекеттері санасатын, үні басым, болмысы айқын, дамыған мемлекетке айналу – аса биік мәртебелі меже. Демек, Елбасы айтқандай,
«Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасында «Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз».
         - Ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған Тәуелсіз ел мәртебесін мәңгілік ету, дамыған 30 елдің қатарынан көріну үшін қоғамның әр саласына маңызды міндеттер жүктеді. Осы орайда маған ерекше әсер еткені – үлгілі педагогикалық университеттер құру идеясы. Президент өз сөзінде «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі – сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деген сөзі болатын. Тәрбие.орг сайтынан “Үздік тәрбиеші-2016” Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Насиева Ф.Х

Пікірлер: 0

avatar