Зейінді дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

  • Жүктеулер: 394
  • Көрсетілім: 12545
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 17/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18019


Зейінді дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

р/с

Тақырыбы

Мақсаты

Нұсқау және өткізу әдісі

Көрнекілік

Ұзақты

ғы

Өтетін уақы

ты

1

«Не өзгерді?»

Баланың ырықты  зейінін дамыту

Үстелге үш-төрт ойыншық қойылады. (ойын барысында ойыншық санын көбейтуге болады) Бұдан соң баладан ойыншықтарды есте сақтауы сұралады.1-2 минуттан соң, баланы теріс қаратып қойып,үстелдің үстіндегі ойыншықтан біреуін алып немесе ойыншықтардың орнын ауыстырып қоямыз. Содан соң баланы бері қаратып, үстелдің үстінен не өзгергенін сұраймыз.

Ойыншықтар

30-35 мин

(топпен)

15 мин (жеке)

 

2

«Айырмашылығын тап»

Баспа әріптердің элементтерінің орналасуындағы ұқсастығы мен айырмашылығын табуға үйрету.

«Әріптерді мұқият қарап, олардың бір-бірімен ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңдар және бұл жұмысты жылдам әрі дұрыс істеуге тырысыңыздар»

1. АИНП 7. ЕШЩ

2. ГТПН 8. ХУКЖ

3. РЬФ 9. МНП

4. КНИ

5. ВБФР

6. ОЮС

(жеке)

 

3

«Корректу

ралық байқау»

Жазылған әріптер мен сандарға талдау жасауға үйрету және ішінен керегін таба білуге үйрету. Бұл арқылы зейіннің тұрақтылығын және концетрациясын дамыту.

«Қағаздағы әріптер мен сандардың жиынтығына мұқият назар аударайық. Сендердің тапсырмаларын-әріптер мен сандардың жиынтығын мұқият,әрі шапшаң қарап отырып оның ішінен «а» әріпі мен «2» санын сызып шығыңыздар»

8 а б в г д 4 ж з е 2 а т у н о л 9 с т у ф ғ ы ю а т о 2 я 3 с 2 и о м 6 а б в г д 2 у м л и к а л 2 м р т 4 с н ж с т 2 а 5 и 6 м н 2 с э е т у о 2 л с у а х ғ ы я 0 л а 5 е п и а б 6 р ы 2 р о 8 л б а 7 г л п а 5 ж р 8 н г ы 2 з щ

(топпен)

 

4

«Алақан шапалақтау»

Бала зейінін тез аударуға қабілеттілігін және тез бөлінгіштігін дамыту.

«Мен қазір сіздерге әртүрлі сөздер оқимын, ал сіздер осылардың ішіндегі тірі табиғатты бейнелейтін сөздерді оқығанда алақандарыңды шапалақтап отыруларыңыз сұралады.»

Өлі және тірі табиғатқа қатысты сөздер

(топпен)

 

5

«Рұқсат етілмейтін түстер»

Бала зейінінің шоғырлануын және бөлінгіштігін дамыту

«Алдымен мені мұқият тыңдыңыздар! Қазір мен сіздерге сұрақтар қоямын, ал сіздер жауаптарын баған бойына тез жазып отырасыздар, және де бұл ойынның барысында мына 2 ережені есте сақтауымыз керек:

  1. Ойын барысында ақ және көгілдір түсті айтуға рұқсат етілмейді.
  2. Бір түсті екінші рет қайталауға болмайды.

Сонымен ойын шартына түсінсек ойынымызды бастайық»

1.Шөптің түсі қандай?

2.Аспанның түсі қандай?

3.Күнбағыстың түсі

4.Түймедақтың (ромашка)

5.Күзде жапырақтың

6.Құрбақаның түсі

7.Қардың түсі

8.Теңіздің түсі

9.Күннің түсі

(топпен)

 

6

«Рұқсат етілмейтін қимыл»

Баланың зейінінің тұрақтылығын дамыту

«Балалар,қане бәріміз түзу тұрып маған назар аударыңыздар. Қазір мен қолыммен түрлі қимылдар жасаймын. Ал сіздер осы қимылдарды мұқият қарап отырып,менің артымнан қайталап отырыңыздар. Бірақ мына шартты ұмытпаңыздар; қолыңызды төмен түсіруге болмайды. Мен қолымды төмен түсіргенде,сендер жоғары көтеріңіздер. Кім қателесіп менімен бірге қолын төмен түсіріп қойса,сол ойыннан шығады.»

Ертеңгілік жаттығулар элементтері

(топпен)

 

7

«Көзбен сана»

Белсенді зейінді,оның шоғырлануын қалыптастыру

«Алдарыңыздағы суретке мұқият, зейіндеріңізді салып қараңыздар.Бұл суретте дөңгелектер мен қосу таңбасының суреттері бейнеленген. Ал енді мұқият болыңыздар? Саусақтың немесе карандаштың көмегінсіз әр қатардағы қосу таңбасы мен дөңгелектің санын,содан соң қосу таңбасының санын есептеп шығып, жанына жаз»

++ 0 0 + 0 +++ 00 + 0 +

0 + + 000 + 0 + 00 ++

+ 0 + 0 ++ 0 + 00 + 00 + 0

+ + + 0 + 0000 + + 0 +

+ 0 + 00 ++ 0 + 00 + 0

+ 00 + + 00 + 00 + + +

000 + 0 + 0 + + 000

+ 0 + + 0 + + 0 + 00 ++

(топпен)

 

8

«Сурет сал»

Ырықты зейінді қалыптастыру

«Алдымен балаға қағаз бен түрлі-түсті карандаштар береміз. 10 үшбұрыштың суретін бір қатарға салғызамыз да, балаға мынадай тапсырма береміз. Алдымен берілген тапсырманы мұқият тыңдап ал. Мына суреттегі 3-ші 6-шы және 9-шы үшбұрыштарды қызыл бояумен боя, 2-ші және 5-ші үшбұрыштарды жасыл түспен боя, ал 4-ші және 8-ші үшбұрышты көк түспен боя, ал енді осы айтылған бойынша үшбұрыштарды бояуға кірісейік»

 

(топпен)

 

9

«Іздеп тап»

Зейінділік пен байқампаздықты жаттықтыру

«Үш үлестірме қағазда әртүрлі суреттер салынған. Суретте салынған заттардың саны бірдей болғанымен, басқа суретте кейбір заттар жоқ, ал бір заттар екі суретте де салынған. Ол қандай заттар? Міне, осы заттарды тап»

 

(топпен)

 

10

«Сандарды іздестіру»

Зейіннің жылдамдығын, бөлінгіштігін,

көлемін дамыту

Балалардың алдына 1- ден 25 ке дейінгі көлемін ретсіз түрде орналасқан кесте беріледі. Бала осы кестеден 1- ден 25-ке дейінгі сандарды шапшаң тауып, көрсетіп айтып шығуы керек. Ойын барысында осы сандарды табуға неше секунд немесе минут уақыт жұмсалғаны есептелінеді.

Сондай-ақ балаларға тапсырмаларды күрделендіріп беруге де болады. Ол үшін 25 тор көзден тұратын кестеге 1-ден 35-ке дейінгі сандар ретсіз орналастырып көрсетіледі.

Арасында 10 цифр жазылмай кетеді. Міне осы кестеден балалар сандарды өсу ретімен тауып, көрсетіп, ал жоқ цифрларды қағаз бетіне түсіреді.

11

18

14

27

24

21

20

13

25

29

1

30

8

3

23

16

33

2

19

7

35

10

15

5

9

(топпен)

 

11

«Атауға болмайтын сандар»

Шарт пен материал арасындағы зейіннің шоғырлануын, бөлінушілігін дамыту

Балаларға сұрақтар беріледі, ал балалар осы сұрақтарға тез-тез жауап беріп отыру керек және бұл ойынды ойнағанда мына 2 шартты ұмытпау керек

  1. 2 және 4 санын айтуға болмайды
  2. бір рет айтылған санды қайталап айтуға болмайды
  1. Бір қолда неше саусақ бар?
  2. Итте неше аяқ ?
  3. Екіні үшке көбейткенде ?
  4. Тауықта неше аяқ?
  5. Сен нешедесің?
  6. Аспанда қанша жұлдыз бар?
  7. Екіге екіні көбейткенде неше болады
  8. Бегомотта неше көз
  9. Үшке екіні қосқанда қанша

(топпен)

 

12.

«Байқампаздық»

Қасындағы адамның айтқанына назар аударып оған зейінін аударуға дағдыландыру.

Балаларға берілген тақырыпта әңгіме құрастыру жөнінде тапсырма беріледі.Ол үшін оқушы сол тақырыпқа тағы бір сөйлем жазып үшінші оқушыға жалғастырады.Бәрі жазып болғаннан кейін әр қайсысы өз сөйлемін оқиды.Сонда барлығынан аралас әңгіме шығады.

 

(топпен)

 

 

Ойлауды дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.

 

1 3

"Төртіншісі артық"

Талдау және топтастыоу ой операцияларын дамыту

«Балалар сіздердің алдарыңызда 4 үлестірме қағаз беріледі. Онда 4 зат бейнеленген . Оның үшеуі бір-бірімен байланысты да біреуі артық. Сіздердің мақсаттарыңыз мұқият қарап отырып, осы 4 заттың ішіндегі артығын табу. Кім жылдам және дұрыс табады, сол жеңіпаз болып саналады »

  1. Қызғалдақ, түймедағы, мысық , інжугүл.
  2. .Қарандаш,қалам, дәптер, бояу т.б

(топпен)

 

14

«Заттарды салыстыр»

Ойлау операцияларын дамыту

«Балалар сіздердің алдарыңызда жұп сөздер берілген . Сіздер оны оқыңызда , олар не себепті ұқсас, несебепті айырмашылығы бар екенін анықтаңыз»

  1. Шыбын және көбелек
  2. Үй және сарай
  3. Үстел және орындық
  4. Су және сүт т.б

(топпен)

 

15

«Сөзді аяқтау»

Ойлау жылдамдығындамыту

«Балалар мен сіздерге сөздің алғашқы буынын оқимын , ал сіздер оны аяқтауларыңыз керек» Мынандай 10 сөздің алғашқы буыны берілді:

1.Сый

2.Ха

3.Ау т.б

(топпен)

 

16

«Артық сөзді тап»

Мәнді белгілерді білу, ойлау үрдісін дамыту.

«Қазір мен сіздерге 4 сөз оқимын, оның біреуінің мағынасы бөлек. Сізге берілетін тапсырма осы сөзді тауып жазып, оның не себепті артық екенін түсіндіріңіз»

  1. Арман, Айдар, Бақыт
  2. Сүт,ірімшік , ет
  3. Шаң, жаңбыр,шық т.б

(топпен)

 

17

«Сөйлем құра»

Заттарды өзара тез байланыстыруды дамыту.

Балаларға үш бір-біріне байланысы жоқ сөздерден мүмкіндігінше көбірек сөйлем құрастыру тапсырылады.

Мысала, мынадай үш сөз берілсе, «өзен, қарандаш, аю» сөзінен сөйлемдер құрастыруға болады:

  1. Аю қарындаш алып, өзеннің суретін салды.
  2. Аю өзен жағасында отырып қарындаш кемірді т.б

1 Теледидар, кенгуру, орман

2.Кітап, машина , жаңбыр

3. піл,арқан, өрт

4.Таңертең, сарай, мысық

(топпен)

 

18

«Сөзді атаңыз»

Ойлау процесінің икемділігін дамыту

Балалар төменде аталған сөздерге байланысты көп сөздер құрастыру керек

Ағаштар(аққайың, қарағай, шырша, жөке, емен)

Аңдар(піл, керік, қасқыр,аю, түлкі т:б)

Үй жануарлары

Спорттық заттар

Көліктер

Әуе көліктері

Су көліктері

Көкөністер

Жемістер

Киімдер

(топпен)

 

19

«Керісінше айт»

Сөздер арасындағы өзара байланыстарды түсіну қабілетін дамыту

Мен қазір сөздер айтамын, ал сіздер сол сөздердің кері мағынасын айтыңыз.

1.Көңілді-көңілсіз

2.Жылдам-жәй

3Ауыр-жеңіл

4.Қорқақ -батыл

(топпен)

 

20

«Болады-болмайды»

Себеп –салдарлық байланыстарды қалыптастыру қабілетін дамыту

Мен әр түрлі жағдайларды айтып допты лақырамын, егер осы жағдайлардың болуы мүмкін болса ғана допты қағып алыңыздар да, мүмкін емес жағдайлар болса допты ұстамаңыздар.

1Мысық тамақ пісірді.

2.Мысық тамақ жегісі келіп отыр.

3.Потшташы хат әкелді.

4.Түнде күн шығады

5.Мысық тышқанды қуды.

(топпен)

 

21

«Қиынды суреттер»

Образды(бейнелік)ойлауды дамыту

«Алдымен заттың суретін ірі, анық түсті   етіп салыңыздар.Содан соң оның сұлбасын бірнеше бөлікке бөліп қиыңыздар.»

Бөліктерді жинақтап, сурет құрастыру

(топпен)

 

22

«Ой вариант тары»

Тіл дамыту, сөздік қорды молайту.

«Төмендегідей жағдайларды ойлап табыңыздар да, оларға мүмкін болатындай ой қозғаңыздар»

Мысалы: не болар еді ?

  1. Егер шыршаға аяқ бітсе?
  2. Адамдар аяғымен жоғары қарап жүрсе?
  3. Мысықтың үлкендігі пілдей болса?

(топпен)

 

23

«Жалпыдан бөліп алу»

Салыстыру , топтастыру , жалпылау операцияларын дамыту

«Алдарыңызда жалпы мағына беретін 10 сөз және әрбір сөзге 5 сөзден тұратын сөздер жиынтығы берілген оның ішіндегі 2 сөз бастапқы сөзге көбірек байланысы бар. Осы сөздерді тауып астын сызыңыз»

  1. Өзен,(жаға,балықшы, су,тина,балық)
  2. .Бақ(бағбан,дуал,өсімдік,жер,өнім)
  3. Ораман(жапырақ ,аққайың,аңшы,  ағаш,аю)

(топпен)

 

24

«Артығын жою»

Заттарды негізгі қасиаттеріне қарай жіктей білуін дамыту

Балаларға 3 сөз беріледі.Мысалы: «мысық»,»алма», «піл», міне осы 3 сөздің ішінен 2ұқсас сөзді табу керек те, қалған бір артық сөзді шығарып тастау керек.Мындағы басты мақсат артық сөзді табу емес, керісінше 2сөз несебепті бір- біріне байланысты екенін түсіндіру

 

(топпен)

 

25

«Ойлан, тап»

Ойлау процесінің икемділігін дамыту

«Балалар мен қазір сіздерге әр түрлі жағдаяттар айтамын, ал сіздер осы жағдаяттарға сюжеттер құрастыруларыңыз қажет.Мәселен, «Сусыз балық,», «Ақшасыз магазин» т.б

 

(топпен)

 

26

«Басқа сөзбен түсіндіру»

Ойды басқаша жеткізе білуге дағдыландыру.

«Балалар ме қазір сіздерге бір сөйлем оқимын.Ал сіздер осы сөйлемді мағынасын өзгертпей басқаша бір сөздермен жіеткізіңіздер.»

Биылғы жаз өте жылы болады.

Үш айғы демалыста күн ыссы болайын деп тұр.

  1. Біз жаңа жылды көңілді қарсы алдық
  2. Мен қызықты кітап оқыдым.
  3. Бақтан гүл жарған ағаштардың иісі шығады

(топпен)

 

27

«Анаграмма»

Ойлау қабілетінің нұсаларын және сөз қорын дамыту.

«Балалар қазір мен сіздерге әәр түрлі анаграммалар беремін.Солардан әріптерді ауыстырғанда қандай сөздер шығатынын табыңыздар.»

А) үйде: Е Р Е Т Е З

Ы А Ш Р Т

Ғ Б А Қ Ы А Р

ә) автомобиль маркалары: Г О Л А В
У Г Л И И Ж

Е Р Е М Д С Е С

Б) жануардың атауы: Қ С А Қ Ы Р С 

Л Ү Т І К

В)Гүлдің аттары: Н А Р У Ш А

Р С А Т А

Р М О А К А Ш

(топпен)

 

28

«Логикалық тапсырамалар»

Логикалық ойлауды дамыту

Балалардың алдарында 2 логикалық тапсырма беріледі. Оның әрбіреуін шешуге 2 минут уақыт беріледі. Егер бала тапсырмаларды өз бетімен шеше алмаса, бірлесіп шешуге болады.

Т а п с ы р м а л а р:

1.Арман,Асан,Нұрлан әртүрлі үйлерде тұрад.

Бірінші үй биік тастан ьұрғызылған,ал үшінші үй аласа тастан тұрғызылған үйде тұрса әр қайсысы қандай үйде тұрған болып шықты?

2.Екі бала киноға барғаны ұнатады, ал екі бала тетрңға барғанды ұнатады. Балалардың аттары-Сәбит,Мерхат,Рашит ,Мержан.Егер Сәбит Мерхатпен бірге жәңе Мерхат Рашитпен бірге әр түрлі демалс, ал Мерхат киноға барса, әркім қалай демалғанды ұнататын болып шықт?

3.Нұргүл, Балжан,Сания және Лена әртүрлі жеміс ағаштарын отырғызды: Алма,жаңғақ, алхоры,шие. Балжанда жоқ ал Ленада алхоры болған жоқ. Сонда кім қандай жеміс ағашын отырғызған болып шықты

 

(топпен)

 

29.

«Сұрап білу»

Мағыналы сұрақтар қоюға дағдыландыру

Оқушыларға үлкендерге қатысты сұрақтар, олардың білгісі келетін жағдайлар жөнінде ересектерге сұрақ қою ұсынылады. Егер үлкендер жауап бере алмайтын болса балалар жеңген болып есептеледі.

 

 

 

30

«Ұқсастық және айырмашылық»

Заттар мен түсініктердің өзара айырмашылығын салыстыру.

1Қатысушыларға заттар мен түсініктердің өзра айырмашылығын салыстыру ұсынылады

Салыстыруға негіз болатындарды кім көп айтса сол жеңеді.

  1. Бастауыш сыныптпр үшін. Сүт пен су, сиыр мен ат, ұшақ пен поезд
  2. 2.Жоғарғы сынып оқушыларына: картина мен фотосурет, таң мен кеш, бірбеткейлік пен тұрақтылық

(топпен)

 

31

«Не жаңадан?»

Заттардың өзгеше бір қасиетін табуға үйрету.

Мысалы: шырпы тек жанып қоймай, жарқырайды, салмағымен көлемі азаяды

2.Су -суық,қаттқанда қатты мұз

1.шеге

Қалам

балмұздақ

(топпен)

 

 

Есту дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.

32

«Суреттер»

Көріп, есте сақтауын дамыту

«Қазір мен сіздерге кезекпен 10 суретті көрсетемін, оның әр біреуінде сендерге таныс заттар бейнеленген » (1-2 секунд) Есте қалғанын ретімен атаңыз

10 сурет

(топпен)

 

33

«Сөздерді есте сақта »

Қысқа және ұзақмерзімдік еске сақтау қабілетін дамыту

Балаларға мен қазір 10 сөз оқимын , сіздр меніме бірге қайталап отырыңыздар

1.Қайталау сұралады.

2.Ұзақ мерзімдіктен кейін қайта сұрау .

Стол, дәптер, сағат ,үй терезе, ат, шам, алма, гүл, мектеп.

(топпен)

 

34

«Құрама сөз»

Қысқа мерзімдік естіп, есте сақтаудың сөздегі көлемдігін дамыту

Балалар сіздер менің айтқанымды қайталап отырыңыздар. Бір сөз оқылады содан соң екеу,үшеу солай жалғаса береді.Сөздерді есте сақтаңыздар

1.От

2.От, үй

3. От,үй,ат

4.От,үй, ат, балық

5. От,үй, ат, балық ,бор

6. От, үй, ат, балық,бор, тау

7. От, үй, ат, балық,бор, тау,бал

8. От,үй, ат, балық ,бор, тау,бал,қайың

(топпен)

 

35

«Құлама сан»

Қысқа мерзімдік естіп , есте сақтаудың сандағы көлемдігін дмыту

Баллар сіздер менің айтқанымды қайталап отырыңыздар.Бір сан оқылады содан соң екеу,үшеу солай жалғаса береді.Сандарды есте сақтаңыздар

Сандар:6

4,2

2,4 5

3,4,5,6

4,6,8,7,9

(топпен)

 

36

«Мен қапқа салдым»

Мағынасыз есте сақтауды дамыту

Мен сіздерге сөйлем оқимын .Ал келесі адам сол сөйлемді қайталап тағы бір сөзді қосып айтады

1.Мен қапқа қалам салдым.

2.Мен қапқа алма, банан салдым.

3.Мен қапқа, алма, банан ,жүзім салдым.

(топпен)

 

37.

«Фотоаппарат »

Қысқа мерзімдік көру арқылы есте сақтауды дамыту

Алдымен балаға өзін фотоаппарат ретінде сезінуін ескерту, содан соң балаға үстел үстіндегі заттарды есте сақтап қалуын ескертеді. Бір-екі минуттан кейін баланың көзін жұмып, ойында қалған заттарды айтқызу.

 

(топпен)

 

38.

«Сөз тіркесі»

Мағыналық есті дамыту.

Балаларға кезекпен 5 сөйлем тіркесіе оқып,оны баланың есіне сақтап кері қайталауы сұралады.

1.Бала шаршады

2.Қыз жылады

3.Әкем демалды.

4.Мамам әзірледі.

6.Әжем оқыды.

(топпен)

 

Ес процесстерінің дамуын диагностикалау

39

"Қиынды есте сақта"

Көру арқылы ескуе сақтап, жазуды дамыту

Мұғалім 25-30 секунд аралығында қушыларға қиын сөздерді көрсетеді де, жинап алып, осы сөздерді оқиды.Оқушылар сол сөздерді бет қағазға дұрыс жазу керек.Кім көп сөзді дұрыс жазса, сол кісі жеңген болып есептеледі.

 

(топпен)

 

40

"Шатасқан әңгімеші"

Басталған оқиғаны аяқтауға үйрету

Қатысушылар шеңбер құрып отырады.Жүргізуші әңгіме тақырыбын айтады.Қатысушының бірі әңгіме бастап,оны әр түрлі тақырыптарды қозғап тыңдаушыларды шатыстырады.Содан кейін жүргізуші қимыл арқылы сөзді келесі кісіге береді.Сөз кез келген ойыншыға берілуі мүмкін.Сөз беріп ойыншы жаңағы әңгіменің шешімін тауып, аяғынан басына дейін бірде біржағдайын қалдырмай айтып шығуы тиіс.Ол бастапқы тақырыпқа келген соң, енді өз алдына жаңадан әңгіме бастайды.ойын осылайша жалғаса береді.

 

(топпен)

 

41

«Ассоциациалдық айналым»

Сөздік қорларын молайту

Ойыншылар шеңбер құрып отырады. Жүргізуші кездейсоқ екі сөзді айтады. Бір ойыншы 2 сөзді 1 сөзбен байланыстыратын жағдай айтады, өзі сөз айтып, сөз кезегін келесі ойыншыға береді. Ойын шеңбер бойымен жалғаса береді. Жүргізуші шеңбер толық айналып шыққан соң секундомер арқылы уақытты белгілейді ойынға жақсы қатысып отырған ойыншылардың ойынға қатысуға мүмкіншілігі бар оқушыларды мадақтайды. Жүргізуші ойынды кез келген жерінен тоқтатып тастап, кез келген ойыншыдан айтылған сөздерді қайталауын  сұрауына құқығы бар. Қайталай алмаса, ол ойыннан шығады.

 

(топпен)

 

42

«Домино»

Сурет арқылы әңгіме құру

Бұл ойынды жүргізу үшін открыткалар, балалар лотосы немесе үлестірмелі қағаздар орнатылған әріптер керек. Ойынға қатысушылар суретті айнала отырады. Ойыншыларға караталар үлестіріледі, бірақ ойыншыларға карталардағы суреттер көрсетілмейді. Бірінші ойыншы картаны ортаға қояды да, әңгіме бастайды. Ол не айтсада өзі біледі. Бірақ әңгіме арасында картадағы сурет болуы керек. Ол ертегі, әңгіме, анекдот т.б. болуы мүмкін. Әңгіме бастаған адам өз әңгімесін аяқтамай келе, келесі кісіге сөз кезегін береді. Келесі кісі өз картасын ортаға қояды да, әңгімені одан әрі өрбіте түседі, бірақ әңгіме ішінде картадағы сурет кездесіп, екі әңгіме өзара жалғасын табуы керек болады. Ойын осылай карта біткенше жалғаса береді. Ойын аяғында жүгрізуші карталарды араластырып жіберіп, ойыншыларға тапсырма береді.

 

(топпен)

 

43

«Тахистоскоп»

Көру арқылы ұзақ мерзімді есте сақтауды дамыту

Бұл оыйн қараңғы кезде ойналады. Ойыншылар шеңбер құрып отырады да, ортаға екі ойыншы шығады. Содан соң жарықты өшіреді. Жарықты қосып тез, арада қайта өшіреді. Осы уақыт аралығында ойыншылар ортадағы оқушылардың орналасу қалын есте сақтап қалуы керек. Жарық өшкен соң екі оқушы өз орындарына барады. Жарықты қайта жаққан кезде оқушылар ортаға жаңағы екі оқушыны алып шығып, олардың қалай тұрғандарын өз ойларынша көрсете бастайды. Ойыншылар ортақ шешімге келген соң, жаңағы екі ойыншы өздерінің қай қалыпта тұрғандарын дәл көрсетеді.

 

(топпен)

 

44

«Барлаушы»

Өзгерісті тез аңғаруға үйрету

Ойыншылардың ішінен бір барлаушы шығады. Жүргізуші «Қозғалмаңдар» деген бұйрық берген кезде барлаушыдан басқа ойыншылар әр түрлі қалыпқа еніп тұрып қалады. Ал барлаушы болса, осы тұрған қалыптарын, реттерін мұқият есіне сақтап қалуы керек. Ойыншылар да өздерінің тұрған қалыптьарын естеріне сақтаулары керек. Сосын барлаушыны бөлмеден шығарып жібереді де, оқушылар киімдерін, орындарын, қалыптарын т.б. ауыстырады. Қайтып келген барлаушы сол өзгерістерді табуы керек.

 

(топпен)

 

 

 

Қабылдауды дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

 

45

«Суретке не жетпейді»

Қабылдаудың тұтастығын дамыту

Берілген суреттерге мұқият қарап отырып, суреттердің әрқайсысына қандай деталь жетіспейтіндігін табыңдар

Көзілдірік. Қайшы, қысқаш, көбелек суреттері

(топпен)

 

46

«Не бейнеленгенін анықта»

Қабылдаудың тұтастығын дамыту

Балалар мен сіздерге суреттердің қиындыларын беремін, ал сіздер осы қиындылардан қандай сурет шығатынын анықтауларыңыз керек. Яғни, қиындылардан қандай бейне шығатынын айтыңыз.

 

(топпен)

 

47

«Жемістерді боя»

Түстерді қабылдауды, ажырата білуді дамыту

Балаларға жай қарындашпен салынған әртүрлі жемістердің суреттерімен бірге түрлі-түсті бояулар береді. Содан соң балаларға әр жемісті өзіне тән түспен боя деген тапсырма берілуі керек. Мүнда тек жемістердің суретін ғана емес, жануарларды, құстардың және т.б. суреттерін беруге болады.

 

(топпен)

 

48

«Дөңгелектер арқылы жазу»

Балалардың естіп қабылдауын дамыту»

Балалар мен қазір сіздерге әртүрлі сөздер оқимын. Ал сіздер сол сөздерді әріптермен емес, дөңгелектер арқылы жазасыңдар, яғни әрбір әріпті айтқан сайын бір-бірден дөңгелек салып отырыңыздар. Мысалы: «суық» - оооо т.б.

Жазуға арналған сөздер: қол, шырын,көктем, үй, шық т.б.

(топпен)

 

49

«Фигураларды ата»

Геометриялық фигураларды қабылдауды дамыту

Балалар әртүрлі фигуралар бейнелерін суреттерді көрсетіп, оларды атап шығуды сұрайды. Содан соң өз дәптерлеріне дөңгелектің, шыршаның, тікбұрыштың суреттерін салып шығу тапсырылады.

 

(топпен)

 

50

«Минутка»

Уақыт ұзақтығын қабылдауды дамыту

«Сағатқа мұқият қарап отырып, секундтық тілінің айналғанына назар аударыңдар. Тілінің бір айналып шыққаны 1 мин. Уақытты білдіреді. Содан соң шамамен 1 минут уақыт өткендей уақыт отырыңдар. 1 минуттай уақыт өткен мезгілде көздеріңді ашыңдар. Міне осылайша осы жаттығуды бірнеше рет қайталап жасаңдар». Жаттығудың уақытын 30 секундтан 2 минутқа дейін созуға болады.

 

(топпен)

 

51

«Нүктелер»

Кеңістікті қабылдауды дамыту

Сіздердің алдарыңызда нүктелердің шоғыры берілген. Сіздерге берілген тапсырма – үлкенді-кішілі шаршылар шығару үшін осы нүктелерді бір-бірімен байланыстыру керек. Кім осы нүктелердің ішінде көп шаршы салады, сол адам жеңімпаз болып табылады.

 

(топпен)

 

52

«Назар аудар»

Баланың бақылағыштық қасиетін дамыту

«Өздерің отырған бөлмені мұқият қараңыздар. Бөлменің ішінде шеңбер тәріздес дөңгелек заттарды табыңдар. Араларыңыздан кім осындай заттарды көп табады, сол адам жеңімпаз болып саналады».

 

(топпен)

 

53

«Заттарды суретте»

Заттарды қабылдау және олардың өздеріне тән белгілерін ажыратуды дамыту.

Балалар, алдымен алдарыңыздағы заттарға зейін салып қараңыздар. (ойыншық қоян, машина, алма т.б.) Бұл нелер? Бұлар қандай? Осы затқа тән белгілерді көптеп айтуыңыз керек. Балалар сіздердің ойларыңша бұл қандай заттар? – жақсы, қажетті нсмесе керісінше не үшін пайдаланылады? Сонымен қатар бұл заттардың түстеріне, формаларына, не істеуге арналғанына назар аударуды ұмытпаңыздар»

 

(топпен)

 
Тәрбие.орг сайтынан Зейінді дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тулекенова Дидар Ануарбековна

БҚО Зеленов ауданы Асан ЖОББМ Әдіскер

Пікірлер: 0

avatar