Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Зерде» интеллектуалдық ойыны (2 - сынып)
  • 06.11.2016
  • 343 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19907

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
С. Жаңғабылов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Жугинбаева Қалдыбике Адилчаевна
«Зерде» интеллектуалдық ойыны (2 - сынып)

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, танымдық және ойлау қабілеттерін ұштау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу.
Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру,
Көреніліктері: слайд - презентация, нақыл сөздер т. б.
Сабақтың мазмұны:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жетелер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық.
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгін 2 - сынып оқушыларының білімдерін зерделейтін «Зерде» атты интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер.
Бағдарламаға 4 оқушыдан құралған екі топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны – 12. Ойын 6 айналымнан тұрады. Топтар әр кезең бойынша қорытындысы бойынша ұпай жинайды. Бесінші айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем берді ұландарға талапкер,
Дос көңілмен адал, аппақ ниетпен.

ІІ Таныстыру
- Ендеше сайысқа қатысушы топтармен таныс болайық:
1 - топ «Ойшылдар»
Ұраны: «Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы»
2 – топ « Алғырлар»
Ұраны: «Білімдіге дүние жарық,білімсіздің күні қаріп»
3 – топ « Тапқырлар»
Ұраны: «Ақыл азбайды, білім тозбайды»

Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл мықты,
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едің талай сынды.
Қара қылды қақ жарып әділ қазым,
Еңбегін тапқырлардың әділ сына.
Мұғалім: Әділ - қазы алқасымен таныс болайық.
1.
2.

- Олай болса сайысымызды бастайық.

1 - айналым «Білгірлер»
Топтарға мысалдар шығарту, семантикалық карта толтыру. Әр дұрыс жауапқа 1ұпайдан.
2- айналым «Қас – қағым сәт» сайысы (әр топ тез жауап беру арқылы ұпай жинайды)
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3ке қатаң, ұяң, үнді)
2.Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселерді ата. (тамақ, ауа, су, жарық, жылу)
3.Периметрді қалай табамыз?
4. Үш биді ата (Қазыбек, Төле, Әйтеке)
5.Өсімдік мүшелерін ата (тамыр, сабақ, жапырақ,жемісі)
6.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны ата? (жұрнақ)
7. Ұзындық бірліктерін ата (Мм,см,дм, метр,километр)
8. Жылу өлеңінің авторы кім? (Оңғарсынова)
9. Бір жылда неше жыл мезгілі бар? (4)
10. «Орман емшісі» қандай құс? (Тоқылдық)

1.Заттың атын білдіретін сөз табы. (Зат есім)
2. Өмірде болған адамдардың басынан өткен шығарма қалай аталады? (аңыз)
3. Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал. (тұсбағар)
4. Қарама-қарсы қабырғалары тең фигура. ( тік төртбұрыш)
5. Ағынды өзен, асқар тау, қасиетті тіл кімнің өлеңінен алынған көркем сөздер? (М. Мақатаев)
6. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны қалай атайды? (жалғау)
7. Жер бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабат қалай аталады? (топырақ)
8.Ауаның негізгі қасиеттері. (көзге көрінбейді, түссіз, дәмсіз)
9.Онсыз тамақтың дәмі жоқ? (тұз)
10.Бір жылда неше ай бар? (12).

1. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді? (хабарлы,сұраулы, лепті)
2. Жеті атаңды білу қажеттілігі туралы қай шығармада айтылған? (Б. Момышұлы Ұшқан ұя)
3. Судың неше күйі бар? ( су, бу, мұз)
4. Барлық қабырғалары тең фигура (шаршы)
5. Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөз табы. (Етістік)
6. Тірі табиғатты ата (адам, өсімдік, жануар)
7. «Әлди бөпем» деген сөзі бар жыр қалай аталады? (бесік жыры)
8. Қосудың компоненттерін ата (1қосылғыш, 2қосылғыш, қосындының мәні)
9. Аптаның бесінші күні қалай аталады? (жұма)
10. Сұрауы бар зат? (су)

3 айналым: “Сыр сандықтың құпиясы”
Математикалық жұмбақ (әр топқа 3 жұмбақ )
Ойшылдар тобы
1. Атамның жасы ең үлкен екі таңбалы санға тең. Атамның жасы нешеде?
2. Хасан жолда келе жатып 10теңге тауып алды. Асқар мен Сержан сол жолдан неше теңге тауып алар еді?
3. Жануардың оң жағында екі аяқ, сол жағында екі аяқ, артанда екі аяқ, алдында екі аяқ. Барлығы қанша аяқ?
Алғырлар тобы
1. 1кг етті пісіру үшін 1сағат кетеді. Ал 2кг етті пісіру үшін қанша сағат кетеді?
2. Түлкі қасқырдан қулау. Қайсысы аңқау?

3. Елдос мысығының салмағын өлшегісі келді.Алдымен өзі өлшенді, салмағы 35кг көрсетті.Содан соң мысығымен таразыға тұрды, 40кг көрсетті. Мысығының салмағы қанша?

Тапқырлар тобы
1. Немересінің жасы ең үлкен бір таңбалы санға тең. Немересінің жасы нешеде?
2. Киік Бұланнан жүйрік. Қайсысы баяу?
3. Ағаш басында екі балық отыр еді. Оларға тағы екі балық ұшып келді. Барлығы қанша балық болды?

Сергіту сәті
4 айналым: “Қалт етпей қағып ал, жауабын тез тауып ал” сайысы
Логикалық тапсырмалар
Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнады?

Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан екі есе артық болады.
Ол қанша жаста?

Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің
жарқырап тұруы мүмкін бе ?

5 айналым: “Ойымды жалғастыр” сайысы

 Саннан нөлді азайтқанда...
 Қосылғыштардың орны ауысқанмен...
 Белгісіз қосылғышты табу үшін...

6 айналым: Ширату Топ басшыларының сайысы
Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе, нешеуі қалады?
Теңізде қадай тастар табылмайды?
3 түйеқұс ұшып келеді. 1-ін аңшы атып алды. Неше түйеқұс қалды?

Қорытындылау: Әділ қазылар қорытындысы бойынша «Ойшылдар» тобы 110 ұпаймен жеңіске жетті. Тәрбие.орг сайтынан «Зерде» интеллектуалдық ойыны (2 - сынып) Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жугинбаева Қалдыбике Адилчаевна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Ұстаз | Ілмек сөздер: интеллектуалдық, сынып), Балабақшадағы ашық сабақтар, (2, ойыны, «Зерде»
Көрсетілім: 343 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar