Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жүзден - жүйрік, мыңнан тұлпар
  • 25.11.2016
  • 119 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20215

Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру
бөлімнің «Павлодар қаласының №93 сәбилер бақшасы»
мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны.

Ашық сабақ

Тақырыбы: Жүзден - жүйрік, мыңнан тұлпар


Тәрбиеші: Акимжанова А.Б

Павлодар – 2016
Тақырыбы: Жүзден - жүйрік, мыңнан тұлпар
Мақсаты : 1 Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамыту , ой өрісін кеңейту
білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.
2. Оқушылардың дүниетанымын , ойды жүйелеу қабілетін арттыру. Тірек схеманы қолдануды үйрету.
3. Зерделі тұлғаны тәрбиелеу.

Іс әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті Жағымды Жағымсыз
Мотивациялық -қозғаушылық Күннің көзі ашылып,
Көкте шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой
Ал кәнекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге !
Бүгін біздің топта өткелі отырған « Жүзден жүйрік , мыңнан тұлпар » атты танымдық ойын сайысына Қош келдіңіздер !


Барлық балалар қонақтармен амандасады.


Ұйымдастыру -іздестіру Ойын шартымен таныстыру
Ойынды бастамас бұрын әр топ өздерін таныстырады.
1 топ Күншуақ .
2 топ Жігер
3 топ Барыс
Әр топ өз ұрандарын айтады. Кім ойға жүйрік, сол алда дегендей, бүгінгі интелектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді.Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп , ортаға салыңдар. Балалардың жауаптары асықтармен саналады.
1 - айналым « Сөйлемді аяқта » Бұл бөлімде тірек схема арқылы сөйлемдегі ойды аяқтайды.
2 - айналым « Ұшқыр ой » Бұл айналымда балалар ҚМТҚ, Сауат ашу пәндері бойынша сұрақтарға жауап береді. Әр жауапқа асық жинайды.
ҚМҰҚ пәні бойынша сұрақтар:
1 . 5 сиырдың мүйізі нешеу ?

2 . Бумада 5 раушан , одан 3 еуі кем түймегүл болды. Бумада барлығы неше гүл болды .


3 . Бес қабатты үй . Әр қабатта үш терезеден . Барлығы неше терезе бар?

4 . Бұтаға 10 құс отырды. Бірнеше құс ұшып кеткенде 5еуі қалды, нешеуі ұшып кетті .
5 . Махабаттың анасы 6 шыны ыдыс шие тосабын қайнатты , одан 1 шыны ыдыс артық жидек тосабын қайнатты. Барлығы неше шыны ыдыс тосап қайнатқан ?
6 . Шолпанның шашы Айманның шашынан ұзын, алАйманның шашы Әйгерімнен ұзын. Ең қысқа шаш кімдікі? Ең ұзын шаш кімдікі?
Сауат ашу пәні бойынша сұрақтар:
1 . Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде ?
2 . Монтер , аю неше дыбыс неше әріп бар ?

4 . Үш буыннан тұратын үш сөз ата ?
5 .Сөзде қанша буын барын қайдан білеміз ?
6 . Әр сөзі « Ж »дыбысынан басталатын сөйлем құра .

Әр топ өздерінің ұрандарын айтып өздерін таныстырады

Әр топ тірек схема арқылы ойларын аяқтады

Сұрақтарды мұқият тыңдап жауаптарын айтты..




Рефлексивті -түзетушілік 1)Сайысымызды қорытындылайық:
Ал қанеки әр топтың асығын санайық
1 топ Күншуақ - 8 асық
2 топ Жігер – 10 асық
3 топ Барыс- 11 асық
Бүгінгі танымдық ойын сайысында Барыс тобы жеңіске жетті.
Дидактикалық ойын « Үндемес »
Сабақ соңында үш топ пантомимика арқылы бір қимыл түрін көрсетеді. Ал шеңбер ішіндегі бала жауапты тірек схемасы арқылы көрсетіп береді.
Жылулық шеңберінде :
Қолымызды ұстайық
Үлкен шеңбер құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау – саламат болайық
Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге қонақтарға көп рахмет айтамыз

Шаттық шеңберге тұрды. Тәрбие.орг сайтынан Жүзден - жүйрік, мыңнан тұлпар Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Акимжанова А.Б

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: жүйрік, Балабақшадағы ашық сабақтар, Жүзден, тұлпар, мыңнан
Көрсетілім: 119 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar