Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жаңа инновациялық технологиялар және педогогикалық идеялар
  • 15.04.2016
  • 401 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18651

Жаңа инновациялық технологиялар және педогогикалық идеялар.
Жаһандану, әлемде, қоғамда болып жатқан өзгерістер білім беру саласына да ықпалын тигізіп, өзгерістер жасау қажеттігі туындады.
Үй салсаң–да, бағзы үлгімен емес жаңа заман талабына сай өзгертіп жаңа үлгіде салып жатамыз, киім үлгісі де, үйдің жасаулары да, тіпті тағам пісіруде де жаңа заман талабына сай икемделіп жатамыз. Ақиық ақын Мұқағали тілімен айтсаң:
Өзгереді, бәрі де
Өзгереді,
Сол еді ғой, адамзат
Көздегені–
демеші жаңа заман талабына өзгерістер, жаңа технологиялар енгізу қажеттігі туындау себебі–біз білім беріп отырған шәкірттердің өзі тек «оқулық» пен «ұстаздық дәрісіне» байланып отырған жоқ!
Себебі олар ғаламтор арқылы кез–келген ғылым саласына көмек алуда, ғаламдық білім системасы үлгілерімен өзіндік талабымен таныса алады.
Кейбір шәкірттердің білім–білігі кейбір ұстаздардан озып кетуде десек қателеспейміз.
Әйтсе де біз ұстаздарды мазалап жүрген сұрақты ортаға салсақ деп жөн көрдім.
Жоғары 10-11 сынып оқушыларына мектепке телефон әкелуге рұхсат етілген. Олар қолы қалт етсе сол ғаламторға үңілуде; Сабағыма тиісті пайдалы кеңестер, ғылым негіздерін үйреніп жатса бір сәрі.
Қарасаң жаның түршігетін, өскелең ұрпаққа жат қылықтарды үйрететін «анайы»көріністер де қаптап кетті.
Сол «қызықты өрескел көріністер» шәкірттерімізді «бізден бұрын» алып бара жатқандай, ғылым–білімнен өзге құбылыстарға жетелеп бара жатқандай...
Сол үшін де біз–әрине ғаламдық әдіс–тәсілдерге сүйенуімізге тура келеді. Сабақ беру әдіс тәсілдерін өзгертіп, оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, білім саласына еніп жатқан Кембридж Университеті ғалымдары ұсынған технологияларды өз сабақтарымызға кіріктірмесек, бізден «жалығып» өздері ғаламтордың өзге «бұрылыстарына» кіріп кетуге жол бермеуіміз қажет.
Қарқынды өзгеріп жатқан елімізде білім саласында да өзгерістер енгізу қажеттігі осылай туындады.
XXI- ғасырда оқушыларға қалай білім беруіміз қажет, оқушыларды қалай дайындаймыз, дағдыландырамыз.


Жиһандану


Тихнологиялар Демографиялық даму

Даму Білім саласындағы өзгерістер

Мұғалімдер– өз жұмыстарына жеткілікті көңіл болу керек, оқушының білімі мен дағдысын дамытуда ғана емес, жаңаша қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруымыз қажет. Әр сабағымызды бала жалықпайтындай қызықты тартымды өте отырып, әр оқушының тұлға ретінде дамуына сенім білдіруіміз керек.
Мұғалімдер санасына сіңіп кеткен ұстанымдар шәкірттердің де санасына тереңдеп сіңіп кетеді.
Үй жұмысын сұрау, жаңа тақырып өту– бағалау бекіту–әдістері оқушың әбден қалыптасып кеткен әдіс.
Кейбір дәрістерде балалар күніне «жетеумізден» сұрайды, жаңа тақырып, одан қоңырау–сонымен сабақ бітті, келесі сабақ та осылай жалғасады, шәкірттер үйреншікті болып кеткен дағдылардан жалығып та кетуі мүмкін.
Сол үшін біз «тиімді оқыту» кешенді үлгілерін уйренуіміз және үйретуіміз қажет.
Сындарлы оқыту үлгісін қолданғанымыз да оқушылардың бір–біріне сұрақ қоюы, өз болжамдарына сыни тұрғыдан қарай отырып өзінің түсінігін кеңейтетіндігі дәлелденді.
Жаңа технология бағдарламаларының бірі табысты оқыту. Мұнда мұғалім оқушының тақырыпты өз бетімен меңгеруін түсінуі қажет.
Табысты оқытуға жету үшін әр мұғалімде «Үш көмекші» тұғыр болуы қажет.

Мұғалімдік моральдың этикалық құндылықтар өзге
мамандармен тығыз байланыста
болу

Дағдылар мен Теориялық білім мықты болуы қажет
Әдіс-тәсілдерді
Көп білуі
Сонымен бірге шәкірттердің өзіне деген сенімін нығайту, оқушылардың жай күйімен әлеуметтік ортасының сипатын мүмкіндіктеріне дәрежесін және «қабылдауының» қолжетімділік деңгейін білу қажет. Сыныптағы бір оқушының көңіл күйі жоғары, отбасы жарасымды тұрмыста жасап жатса ол баланың сабақтан басқа алаңы жоқ, білуге білімге «құштар» болып келеді.
Ал бір оқушының жанұясы сәтсіздік алаңында, әке–жұмыссыз, ішкілікке құмар, отбасы ұрыс–керіспен тірлік еткендіктен ол оқушының сабаққа қызығушылығы төмен, сабақта отырып, отбасындағы бүгінгі болатын «келеңсіздікті» ойлап отырған оқушымның сабаққа қалай қызығушылығы болмақ, өзіне деген қалай сенімі болмақ.
Бір күні шәкірттерімді ертіп қалалық өлке тану музейіне бара жатқанбыз.
Сабақтан нашарлап кеткен оқушымның жол ортасында «қалт» тұрып қалғанын көріп, төңірегінде оқушыларымның жиыла бастағанын көріп, қасына жетіп бардым.
Барсам сол оқушымның әкесі ес –түссіз «мас» болып жатыр екен, үсті басы былғаныш. Шәкіртім достарынан ұялып, намыстанып жанары жасқа толып тұрғанын көргенімде жүрегім езілді...
Оқушыларды таратып жібердім де оқушымның анасына қоңыраулап, жолдасын алып кетуін өтіндім.
«Мас» әкесін машинаға мінгізіп жатқан шәкіртімнің әкесінің үстінің шаңын қағып «жер де сыз екен, әкем салқындап қалатын болды ғой» –деген сөзін естігенімде–шәкіртімнің асқан мейрімді, адамгершілікті екенін түсіндім.
Оқушыма кеңес бердім, сен әкеңе ештеңе айтпа тек ақ қағазға, оны қалай жақсы көретініңді, әкең барлығына қуанатыныңды, оның жөнделетіне сенетініңді–бәрін жаз, әкеңнің жастығына қойып кет. Әкетай–ішімдікті қойшы, әкетай–деп жазылған хат сол әкенің бүтіндей өзгеруіне себепші болды. Қызының мөлдіреген көз жасы, өзіне деген сенімі– оны қайта аяққа тұрғызды, қазіргі таңда жұмысқа кіріп, отбасының ажары кіріп, шәкіртімнің де білімі күн сайын жоғарылауда.
Бұл эпизодтан айтайын дегенім Адамға адам сену керек, ұстазы шәкіртін түсінуі керек, сонда ғана щәкірт пен ұстаз арасындағы ара қатынас жақсарады, білімге құштарлық оянады!
Бүгінгі таңда ғаламдық деңгейде сабақ өтемін, шәкірттерімді өркениетті елдердің шәкірттері деңгейіне жеткіземін дейтін ұстаздардың алдындағы мақсаттары:
–Мұғалімдерді қарқынды дамып жатқан әлемдік дәрежеде үздіксіз кәсіби дамуға дағдыландыру.
–Білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін «жеті модульдік» системаны инновациялық үрдістерді қолдау.
–Өз кәсіптестерімен тәжірибе алмасу, және кәсіби шебер маман болуға тәрбиелену.
Жеті модульді ықпалдастырған тізбектеген сабақтар топтамасын зерттей келе шәкірттерімнің білім деңгейінің ерекше көтерілгенін «Білуге» «үйренуге» «қолдануға» ұмтылғанын байқадым.
Әріптестеріммен ынтымақтаса отырып жаңа деңгейлік оқыту әдісімен Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы табиғатқа деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында «Аққулар ұйықтағанда» тақырыбына әдеби композициялық коучинг сабағын өттім.
Оқушылардың– «Екі пікір–бір тілек» –бөлімі олардың өз пікірлерін сөзбен жеткізуіне, тілін дамытуына, ойын қорытуына өзіндік пікір айта білуіне жетіскенімізді байқадым.
Абай шығармашылығына арналған жаңа әдістемелік деңгей сыни тұрғыдан ойлау, «Топтастыру» стратегиясы «Бетпе бет кезеңі» «Бірін–бірі бағалау» кезеңдері «сәтті өтіп» сабақ өте тартымды қызықты өтті.
Ең төмен деңгейдегі баға алып жүрген оқушының өзі «көштен қалмауға, көшке ілесуге тырысып бақты. Сабақ,әрине, АҚТ құралдарын пайдалану арқылы тиімді өткізілетіні аян Мұғалімнің жауап алуы, оқушының ойлау деңгейінен «кері байланыс» туындайтыны немесе «Сен айтқанды өзіңе қайтаруы, өзің талап еткендей деңгейде қайтаруы» оқушымен мұғалім арасында тығыз байланыс орнатады.
Бұл орайда өзімнің ұсыныстарым мен идеяларымды айтып өткім келеді.
Мен және үйренуге білуге құштар ұстаздардың идеясы:
1. Мұғалімдерді ғаламдық деңгейде әдіс–тәсілдерді үйрету курстарына тек мектеп ұстаздарын қамтуда әрине қаржылық мәселеге тіреліп отырғанын түсінеміз.
Мұғалім курсқа барды, оқып келді, дереу олардың жалақысы көтерілді.
Мұғалім не өзгертті. Қабылдауға байланысты табииғи заңдылықты қалай өзгертеді? –тек қана мұғалім еңбегімен.
Біздің ойымыз сол әдіс–тәсілді білім саласындағы барлық мұғалімдер оқыса, бірақ оларға басқа мұғалімдерден «артық» қаржы төленгенше сол қаржыны өзге мұғалімдердің немесе барлық мұғалімдердің курстан өтуіне жұмсалса.
Себебі ол мұғалімдер өзі оқытқан сабағына тиісті ақшасын алуда, дәл сондай сабақ жүктемесін оқытатын, олар да тәжірибелі мұғалімдер олар алған жалақының жартысын алуда! Құқықтық «Тепе–теңдік» жоғалуда. Өкіметтің жұмсап жатқан қаржысы далаға кетіп жатқан жоқ па? Не өзгерді? Олар нені өзгертті, нәтижесі көрінгені қайда? –Бұл сұраққа ешкім жауап бере алмайтын сияқты.
Сол үшін біз ұстаздар қауымы, курсқа барып «үйренуді, үйретуді» үйренгісі келіп жүрген мыңдаған ұстаздар қауымы, біздің де үйренгіміз келетінін ұсыныс етеміз.
Курсқа барып келгеннен кейін өзіне тиісті жалақысын алса, оларға төленетін «артық қаржы» келесі мұғалімдердің ғаламдық деңгейде оқуына жұмсалса деген идеяны ұсынамын.
Жастарымыз білімді, білікті болсын! Тәрбие.орг сайтынан Жаңа инновациялық технологиялар және педогогикалық идеялар Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Узакбаева Гүлдер Суюновна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 401 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar