Жабайы жануарлар

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 2747
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 19/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19063


ШҚО, Семей қаласы, «№21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Шағын орталық тәрбиешісі: Енсегенова А.Б

Оқу іс – әрекетін ұйымдастыруға арналған технологиялық карта.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет
Тақырыбы: Жабайы жануарлар
Мақсаты: Жабайы аңдармен таныстыру.
Білімділігі: Жабайы аңдардың атын дұрыс айтуға үйрету. Балаларға сұраққа толық сөйлем құрап, жауап беруге үйрету.
Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, тіл мәдениетін жетілдіру. Жабайы аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру, қоректенуі туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Аңдардың түр-түстеріне көңіл аударып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Жылы, суық түстерді айыруды және түсті бояуларды көркемдіктің айқын құралдары ретінде пайдалана білуді бекіту. Табиғатты қорғай білуге, оларға қамқор бола білуге, тазалыққа ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жабайы жануарлар, үй жануарларының суреттері.
Жаңа сөздер: Жабайы, қонжық, көжек
Билингвальді компонент: жабайы – дикий, жануар – зверь.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Баланың іс- әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы
Ұйымдастыру бөлімі.
Салемдесу
Жылулық шеңбері.
Шеңберді біз құрайық
Алақанды ашайық
Күннің нұрын алайық,
Қонақтарға шашайық Амандасады. Шеңбер бойымен тұрып жылулық шеңберін жасайды.
Іздену- барлау

Балалар бүгін біз жабайы жануарлармен танысамыз. Жабайы аңдар далада, орманда және таулы жерлерде мекен етеді.Өз азықтарын өздері тауып жейді. Олар күннің суығында да, ыстығында да далада жүре береді.Жолбарыс, арыстан, аю, қасқыр жыртқыш аңдар қатарына жатады. Солардың ішінде арыстанды аң патшасы деп атайды.Аңдардың да пайдасы бар.Олардың терісінен тон, ішік киім-кешектер жасалады.
Бізге қонаққа жолбарыс келді. Ол өзінің досы аюға қонаққа бара жатыр екен. Бірақ, балалар жолбарыс аюдың қайда мекендейтінін білмей сендерден көмек сұрап кеп тұр екен. Көмектесемізбе балалар?
-Иа
Олай болса балалар жолбарыстың бірнеше тапсырмалары бар екен.
1тапсырма: үй және жабайы жануарларды ажырату.
2тапсырма: Аюдың суретін бояу
3тапсырма: жұмабақтарды шешу.
Балалар Аю— жыртқыштар отрядына жататын аң. Олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа (қалың жүнінен көрінбейді). Жүні бір түсті, қоңыр, қара не ақ, аяғы бес саусақты, тырнақты болады. Қоңыр аюдың дене тұрқы 2 м-дей, салмағы 150 – 200 кг-дай, түсі қоңыр, қара қоңыр болады. Өзінің мінез құлқы жағынан бейқам, момын, қорқақтау келеді, орман ішінде адам көзіне көрінбейді. Ол адамның өмірі үшін қауіпті емес. Қорек талғамайды. Ұйығуынан 7 ай өткен соң, 2 – 4 қонжық табады. Күзге таман бойына 50 кг-ға жуық май жинап, қатты семіреді де, қысқа қарай ұйқыға кетеді. Егер қажетті май қорын жинай алмаса, ұйқыға жатпайды.
Енді екі топқа бөлініп жолбарысқа аюдың суретін әдемілеп, сыртына шығармай бояп берейік.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың
Құлпынай көп екен
Теріп теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз
Енді балалар жолбарыстың 3 тапсырмасын орындайық. Жұмбақтар шешу
Жұмбақтар:
1. Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал,оның баласын көжек ,-дейді.
( Қоян)
2.Аузы бейне,шалғы орақ,
Шөп емес,бірақ малды орады.
( Қасқыр)
3.Өзі қу, әрі айлакер,
Жүрген жері айқай да шу.
( Түлкі)
4)Тұсығы ұзын күшті,
Өзі ерен мықты.
( Піл)
5)Жеміс-жидек жегенім
Балды жақсы көремін
(Аю)
6) Айбат шеккен алыстан
Аң патшасы...... арыстан
-Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай айтамыз?
Жақсы балалар сендер жолбарыстың барлық тапсырмаларын орындадыңдар енді жолбарыс аюдың қайда мекендейтінін біледі.
-Аю қайда мекен етеді?
Олар орманда тұрады. Балалар мұқият тәрбиешінің сөзін тыңдап отырады.

Мұқият тыңдайды.

Топқа бөлініп суретті бояуға кіріседі.

Сергіту сәтін орындайды.

Жұмбақтарды шешеді.

Қоян

Қасқыр

Түлкі

Піл

Аю

Жабайы жануарлар

Қоңыр аю орманда мекендейді

Рефлексивті-
Қорытындылау

Бүгін сендерге аюдың баласы және қасқырдың баласы қалай аталатынын айтып беремін.
Аюдың баласы-қонжық.
Қоянның баласы –көжек
Ойын «Ажырат?»
Суреттегі аңдардың қайсысы үлкен, қайсысы кішкентай екенін ажыратуларың керек.
- Балалар бүгін біз қандай жануарлармен таныстық?
-Жабайы жануарларға нелер жатады?
-Бүгін сендермен кіге көмектестік?
-Ал, қайда бардық?
-Аюдың баласы қалай атайды екен?
-Қоянның баласы қалай аталады?
-Балалар бүгінгі іс-әрекеттіміз сендерге ұнады ма?



«Ажырат» ойынына балалар белсене қатысады.

Сұрақтарғ жауап береді.

Болжамды нәтиже:
Білуі керек: Үй және жабайы жануарларды ажырата білу керек
Қалыптасқан әдет: Ойынға белсене араласады
Істей біледі: Сұрақтарға жауап бере алады Тәрбие.орг сайтынан Жабайы жануарлар Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Енсегенова А.Б

Пікірлер: 0

avatar