"Жабайы жануарлардың тіршілігі"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 234
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 21/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21206


Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылы
№ 3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі
Рометдилаева Дариха Махмутовна
даярлық сынып мұғалімі
Білім беру саласы:Таным
Оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту
Тақырыбы:Жабайы жануарлардың тіршілігі
Мақсаты:Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі табиғаттағы рөлі туралы түсінік беру.Табиғи материалдармен жұмыс істеу іскерлігін дамыту.Табиғатты,қоршаған ортаны сүюге,мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Үлгі суреттер,табиғи материалдар,атрибуттар.
Блингвизм:Қасқыр-волк,аю-медведь,түлкі-лиса,қоян-заяц,арыстан-лев.
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық сәт:
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеткендер.
Өсті ақыл ойларың,
Өсті міне бойларың.
Иіліп сәлем береміз,
Әдепті болып өсеміз.
-Өткенді пысықтау.
-Қандай үй жануарларын білесіңдер?
-Олардың пайдасы?
Жұмбақ жасыру:
Оқушылар ойлана отырып жұмбақтың шешуін табады.
1.Аузы бейне,шалғы орақ,шөп емес бірақ малды орады.
2.Тәтті көрсе бас салар,айнымайды баладан.
3.Өзі айлакер,өзі бір қу,жүрген жері жері айғай да шу.
4.Аң патшасы.
Жаңа сабақ барысы:Жабайы жануарлардың тіршілігі.
Олардың жейтін азығы туралы әңгімелер айтылады.
-Аңдар қайда мекендейді?
-Қыстың қатты аязынан не қорғайды?
Ойын:Буын ұйқас
Мұғалім ойын шартымен таныстырады.
Жылы лүпілдеген жүндері,індері және апандары.
Сергіту сәті:Интерактивті тақта арқылы көрсету.
Дидактикалық ойын:Балаларын тап
Мұғалім ойын мазмұнын түсіндіреді.
Оқушылар буындарға ұқсастырып,сөздер айтып,аңдардың жейтін азықтарын тауып жапсырады.
Топтық жұмыс:мұғалім шартын түсіндіріп,әр топқа тапсырма береді.
-бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?
-қандай жануарлармен таныстық?
Рефлексивті түзетуші:Әр топ өздеріне берілген уақытта тапсырмаларын орындайды және сипаттап береді.
Күтілетін нәтиже:
Іс-әрекетті түсінуі:Жабайы жануарлардың мекені,табиғаттың бір бөлігі екенін түсінеді.
Іс-әрекетті білуі:Оларды қорғау керектігін біледі.
Іс-әрекетті қолдануы:Әр түрлі материалды пайдалану тәсілін меңгереді. Тәрбие.орг сайтынан "Жабайы жануарлардың тіршілігі" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Рометдилаева Дариха Махмутовна

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылы № 3 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебі даярлық сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar