Жаратылыстану Тақырыбы:Қандай жануарларды білесің?

  • Жүктеулер: 12
  • Көрсетілім: 482
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 27/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23623


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тобы: Балдырған тобы»
Күні:
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Қандай жануарларды білесің?
Мақсаты: Жануарлардың жанды табиғат бөлігі екендігін анықтау.Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың айырмашылығын білу. Көрнекіліктер:жануарлардың суреті.
Оқу іс –әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
-қозғаушылық Жылулық шеңбері:
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге тұрғызады.
Шеңбер жасап тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны жұтайық.
Жиналған жылы шуақты,
Қонақтарға сыйлайық.
Үй жануарларды мен жабайы жануарлардың айырмашылықтары қандай?
Үй жануарларының адамға тигізер пайдасы қандай?
Үй жануарларының тіршілігін бақылау(қоректену,мекен ету,ортасы)(ит,мысық) Балалар шаттық шеңберге тұрып,
Қимыл-қозғалыспен
жасайды.

Сұрақтарға жауап
береді.

Ұйымдастыру-
Шылық ізденістік Жануарларды қанша топқа бөлеміз?
-жануарлар неліктен жанды табиғатқа жатады?
-Жабайы жануарларға не жатады?
-Үй жануарларына не жатады?
Жануар жанды табиғаттың бір бөлшегі,
өсіп-өнеді,қоректенеді.Жануарлар екі үлкен топқа бөлінеді:үй жануарлары және жабайы жануарлар.
Жабайы жануарлар:аю,қасқыр,түлкі,қоян,
барыс,жолбарыс,арыстан.Олар тауда,орманда,далада тіршілік етеді.
Үй жануарлары:қой,ешкі,сиыр,түйе,
жылқы.
Тәрбиеші балаларға үй жануарлары бейнеленген суреттер көрсетеді.
Бұлар үй жануарлары:Олардың төлдері:
бота,құлын,бұзау,қозы,лақ,
Бұлар жабайы жануарлар:қоян,қасқыр,жолбарыс,арыстан
Жылдам жүгіреді.Ең жай жүретін-тасбақа.Ең биіктері-керік,піл,аю.Ең кішкентайы-кірпі,тышқан.
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.
Өзі жуас,өзі мойын,
Бір шешпейді тонын.
(Қой)
Сүт әкелер даладан,
Тілімен мойынын жалаған. (Сиыр)
Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар (түйе)
Өзі сұлу,өзі жүйрік,
Жарысады желменен.(Жылқы).
Екі топқа бөлеміз.

Қасқыр,түлкі,қоян,
Сиыр,қой,ешкі.

Тәрбиешінің айтқаның қайталайды.

Суреттегі жануарларды қайталап айтады.

Жұмбақтын шешуін табады.
Рефлексивті-
түзетушілік Балаларды өз жұмыстарын бағалау.
көңілді көңілсіз бет-бетперделерді бояу. Суретті бояйды.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Үй жануарлардың жандытабиғат бөлігінде жататының.
Нені игереді: суреттегі жануарларды танып біледі.
Нені біледі: үй жануарлар мен жабайы жануарлардың айырмашылығын.

Абай атындағы «Мектеп-бала бақша» кешені КММ

Ашық сабақ
Жаратылыстану сабағы
Тақырыбы: Қандай жануарларды білесің

Орындаған: «Балдырған» тобының тәрбиешісі: Оспанова И.К

2017-оқу жылы Тәрбие.орг сайтынан Жаратылыстану Тақырыбы:Қандай жануарларды білесің? Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Оспанова Индира Канапияновна

ШҚО Көкпекті ауданы Үлгілі малшы ауылы Абай атындағы "Мектеп-бала бақша" кешені КММ Балабақша тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar