«Жасыл шырша жанында»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 326
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 25/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22706


Ертеңгілік: «Жасыл шырша жанында»
Жүргізуші: -Сәлеметсіңдер ме қонақтар!
«Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Келді міне ,жаңа жыл сәуле шашып,
Құлпырады табиғат нұры тасып.
Жаңа жылды ағайын қарсы алайық,
Қарсы алайық кәнекей ән салайық.
Алланың нұры жаусын әр үйге,
Жақсылықты тілеймін бар әлемге.
Жаңа жылда әр үйге бақ дарысын,
Қуанышпен ақ тілек ақтарылсын!
-Ал, енді кішкентай бүлдіршіндерімізді қарсы алыңыздар! (Ескі жыл бірге келеді).
Ән: « Шырша»
Жүргізуші: - Балалар,естисіңдер ме,бізге біреу келе жатқан сияқты.(Есік қағылады).
Аю- Сәлеметсіңдер ме, балалар,қонақтар! –Неге айқай шу болып жатыр,мені ұйқымнан ояттыңдар ғой.
-Балалар,сендер қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?
Балалар: -Жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз.
Аю: сендер шулап мені оятпағанда шырша шамдарының жарқырағанын көрместе едім. Ой шыршаларың қандай әдемі,ойыншықтары қандай тамаша!.
(Шыршаны таңдана қарап бір айналып өтеді).
Ілияс: - Кәне,ендеше аю қонағымызға шыршамызды жарқыратып берейік, бізбен бірге жаңа жылымызды тойласын.
Хор: -Шырша шамы жарқыра! ( Шырша шамы жағылады).
Жүргізуші: -Аю ағай жоғары шығыңыз.
Аю: - Балалар,менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр.Ойын ойнап бойымды жазып алсам деймін.
Ойын: «Аққарларды жина»
Ендеше бізбен бір жыл бойы бірге болған Мешін жылын шығарып салайық.
Айдос: Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде жақсылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық!
Мешін жылы: -иә, рахмет сендерге менің кішкентай бүлдіршіндерім! –Бір жыл бойы менімен бірге болдыңдар,мені қуанттыңдар!-енді менің де кететін уақытым келді.-Қош сау болыңдар,әрдайым тәртіпті,ақылды болыңдар! (Шыршаны бір айналып шығып кетеді).
Балалар: -Қош сау болыңыз!
Аю:-Ал, балалар ескі жылды шығарып салдыңдар, жыл жоқтауға мүмкін емес қой мен барып жаңа жылымызбен Аяз атамызды ертіп келейін.(Аю шығып кетеді).
Жүргізуші: балаларымыздың өнерлерін тамашалаңыздар!
Айлана: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Ал балалар келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Дархан: Ал,балалар келіңдер,
Би де билеп,ән айтып,
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт Аяз атадан,
Сыйлық алып көріңдер!
Ән: «Жаңа жыл»
(Желдің дыбысы шығып,мыстан кемпір келеді).
Мыстан кемпір: -ХА-ХА -ХА-ХА! (шыршаны айналып жүгіріп жүреді).
-Шыршаларың қандай жап-жаман, шамдарын сындырып –сындырып тастаймын. Ешқандайда мерекені болдырмаймын.
-(шыршаға үрлеп, Фу-Фу-Фу шырша шамы сөн! Қолдарын қимылдатып,абырака –мабырака ешқашанда шырша шамдары жарқырама! Шығып кетеді.)
(Қалтасынан қоңырау түсіп қалады).
-Жүргізуші: -Ой балалар, шыршамыз сөніп қалды ғой,енді не істедік.Кім біздің шыршамызды жағып береді.
Дархан: -Мыстан апайдың қалтасынан бір зат түсіп қалды. Бұл не болды екен?
Балалар: Кәне көрейікші.
Жүргізуші: -Балалар,бұл қоңырау екен. Жәй қоңырау емес,сиқырлы қоңырау шығар. –Мүмкін сыңғырлатып көреміз.
(Қоңырау сыңғырлайды,есіктен Ақшақар кіріп келеді).
Ақшақар: -Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мені шақырдыңдар ма?
Айлана: - Біз сиқырлы қоңырау тауып алдық,ол қоңырау мыстан апайдың қалтасынан түсіп қалды.Бірақ біздің шыршамызды мыстан апай сөндіріп тастап,кетіп қалды.
Ақшақар: -Рахмет балалар,менің қоңырауымды тауып бергендеріңе.
Бұл шынымен сиқырлы қоңырау еді. –Ой,балалар менің атам әлі келмеді ме?
Балалар: -Жооқ!
–Ендеше қазір келіп қалар,Атамыз келген соң шыршамызда да жағып береді.
Жүргізуші: -Ақшақар жоғары шығып, дем алыңыз.
-Біздің ару қыздарымыздың әнін тыңдаңыз.
Ән: «Ертегілер»
Ақшақар: -Әлгі мыстан апай атамды жолдан адастырып жіберген болар,атам шаршап сендерге арнап сыйлықтар әкеле жатқан болатын.-Балалар, мен барып атамды алып келейін.(Ақшақар шығып кетеді).
Жүргізуші: -Балаларымыздың әсем әнін қабыл алыңыздар!
Ән: «Құтты болсын,Жаңа жыл!»
Аю: -Балалар, Мен уәдемде тұрып, Аязата мен Ақшақарды ертіп келдім.
Қарсы алыңыздар!
(Аяз ата мен Ақшақарт,тауық жылы кіріп келеді).
Аязата: Амансың ба,ұлдарым,
Амансың ба қыздарым!
Қандай жарқың жүздерің,
Қандай әсем жырларың!
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұрмын демалып.
Ақшақар:
-Амансыңдар ма,балалар,ұстаздар,қонақтар!
Өздеріңізді сағынып келдім.
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Тауық жылы табысқа жетелесін,береке,бірлік әкелсін! Тәрбие.орг сайтынан «Жасыл шырша жанында» Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айткужина Гульдарай Алтынбековна

Пікірлер: 0

avatar