жемістер мен көкөністер

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 1045
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 26/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19811


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақ жоспары
САБАҚ: Жемістер мен көкөністер Мектеп: Красное поле НМ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Мұхамеджанова Г.Н.
СЫНЫП: Қатысқандар: 7 Қатыспағандар:-
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: Аудиовизуалды сөздікті,Видеоны көреді, тыңдайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Видеоны тындап жаңа сөздерді, сөз тіркестерін құрастырып дәптеріне түсіреді

Кейбір оқушылар орындай алады: 3сөзден тұратын сөйлем құрайды

Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: видеоны тындап жаңа сөздерді жаза алады.
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: алхоры,алмұрт,шабдалы, асқабақ, бақша, пайдалы.
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер
Қызыл алма,жемістер дүкені,көкөністер дүкені, тәтті алмұрт.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Қандай жемістерді ұнатасың?
Қандай көкөністерді ұнатасың?
Алма қандай?

Алдыңғы оқу: Менің Отаным Қазақстан. «Сиқырлы қобдиша» әдісі бойынша оқушыларға сұрақ,сөз немесе сурет беріледі. Сұраққа жауап, сөзге сөз тіркесін, суретке байланысты сөздер айтады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
45 мин Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басы
10 мин Шаттық шеңбері: оқушылар бір біріне сәттілік тілейді, топтастыру: мозайка әдісі арқылы жемістер мен көкөністер суретімен топтастырамыз. Сұрақ : оқушылар мозайка арқылы қандай сурет шықты? Ал бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай деп ойлайсыздар? Жемістер мен көкөністер суреті.
Ортасы
25мин Аудиовизуалды ақпарат арқылы сөздікті тындайды. Оқушылар қандай сөздер есімізде қалды? Қанекей кім айтады?
«Жемістер мен көкөністер» туралы видео тыңдайды. Видео бойынша әр оқушыға бір сұрақтан беріледі.
Қандай жемістерді ұнатасың?
Қандай көкөністерді ұнатасың?
Алма қандай?
Алмұрттың түсі қандай?
Картоп жұмсақ па, қатты ма?
Өріктің дәмі қандай?
Сәбізді кім жақсы көреді?
Бұрыштың қандай түстері бар?

Бағалау дескрипторы
Аты-жөні Сөздікті ұқыпты тындады 5 балл Сөздікті орташа тындады 4 балл Сұраққа толық жауап бере білді 5 бал Сұраққа қысқа жауап берді 4 бал Сұраққа бір сөзбен жауап берді 3 балл


«Көшпелі бекет» әдісі: топқа
« жемістер»,«көкөністер» сөздері жазылған постерлер беріледі, сол постерге жемістер мен көкөністер туралы жаңа сөздер, сөз тіркестерін құрайды және басқа топтармен алмасып, бірін бірі толықтырады.
Сергіту сәті «Көңіл күй» видео тыңдайды орындайды. Видео, постер
Соңы
10 мин «Жемістерді ағашқа іл» интербелсенді тақтаға шығып жемістерді ағашқа іледі.
Рефлексия «Алма ағашы» әдісі арқылы бағалау.
Үйге тапсырма: жемістер мен көкөністердің суретін салып келу. Интербелсенді тақта.
Алма ағашы
Қосымша ақпарат Тәрбие.орг сайтынан жемістер мен көкөністер Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мухамеджанова Гулназ Нурлановна

Ақтөбе обл, Қарғалы ауданы,Бозтобе ауылы,Красное поле негізгі мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar