ӘЖЕМНІҢ ҚАМЗОЛЫ

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 512
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 19/Сен/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19500


Ұйымдастырылғаноқуіс-әрекетініңтехнологиялықкартасы

Күні: 18.02.2016
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Әжемніңқамзолы.
Мақсаты:
а)түрлітүстібояулардыпайдаланыпқамзолдыбезендіругеүйрету, негізгітүстертуралыбілімдерінбекіту;
ә) суретсалуғадегенынтаықылыстарынарттыру;
б) ұлтықөнергедегенсүйіспеншіліксезімінтәрбиелеу.
Қолданылатынкөрнекіқұралдар:үлестірмелі материалдар.
Қажеттіқұрал – жабдықтар:әрбалағабір - бірденқамзол үлгілері, қызыл, сарыбояулар, т.б. түрлі – түсті бояулар.
Алдын ала орындалатынжұмыс:ұлттықбұйымдардыкөріптанысу
Сөздікжұмыс: қамзол

Оқуіс -әрекеткезеңдері Тәрбиешініңіс - әрекеті Балалардыңіс - әрекеті

Мотивациялық-
Қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Қуанасың сенде,
Қуанамын мен де,
Арайлап атқан күнге.

- Балалар маған назар аударыңдаршы. Менің қолымдағы не екен деп ойлайсыңдар?
-Иә, сендер дұрыс айтасыңдар, ендеше мен мына хатты сендерге оқып берейін.

-Балалар, сендер Айсұлуға көмектесіңдер ме?

Конверт

Балалар мұқият тыңдайды

Иә

Ұйымдастыру- шылық-
Ізденістік. Біз Айсұлудың әжесіне арнап қамзолды түрлі түсті бояуларды пайдаланып өрнектеп бояп берейік.
Сендерге қамзолдың суретін таратып, сол қамзолды алдымыздағы қарындаштарды алып бояймыз.
Алдымен сары түспенен ортасындағы өрнектерді бояймыз, содан кейін бояуды қызыл түске алмастырып алып, беліндегі белбеуді бояймыз, енді жасыл түспен оң және сол жақтағы оюларды бояймыз.

-Балалар сендердің қолдарың шаршаған шығар бәріміз бірге демалып алайық.

Сергіту сәті:
Сыңғыр – сыңғыр сырғалар,
Құлағымда ырғалар.
Оң қолымда білезік,
Сол қолымда білезік,
Саусақтарда сақина,
Сана, салып ақылға.
1,2,3,.. 1,2,3,.. .
Демалайық жинап күш.

-Жарайсыңдар балалар, енді жұмысымызға оралайық.

-Келесі балалар, қамзолдың шеттерін көк немесе өздерің таңдаған түстеріңмен бояуларына болады.
-Міне, Айсұлудың әжесіне арналған қамзолымызда дайын болады.
Балалар суретімізді бояған кезде сызықтан шығып кетпей әдемі бояймыз.

«Бұл неге ұқсайды?» дидактикалық ойын.
мақсаты:
Балалардың ойлау ұщқырлығын, қиялын дамыту мақсатын көздей отырып, балаларға денелердің қандай геометриялық пішіндерге ұқсайтынын тапқызу. Балалар қолдарына түрлі түсті қарындаштарды пайдаланып қамзолды өрнектейді.
«Қамзол» сөзін бірнеше қайталап айтады.
Әр сызбаны ұқыпты бояуға тырысады.

Жарайды

Қимыл-қозғалыстарды, өлеңді қайталайды.

Жұмысты жалғастырады

Шар , гүл, доп, аққала, мұнара, дөнгелек, шыршалардың қандай геометриялық пішіндерге ұқсайтынын айтады.
Рефлексиялық-
түзетушілік Балалар сендер суретті қалай жақсы бояйсыңдар мен сендердің жұмыстарыңа ризамын. Енді Айсұлу қуанып әдемі қомзолды тігіп әжесіне сыйға тартатын болды. Балалар енді бір-бірімізге боялған қамзолдарымызды көрсетейік. өздерінің жұмыстарына баға бере қарайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:қарындашпен бояған кезде сызықтың шетіне шығармай, ұқыпты жұмыс жасай білу дағдыларын.
Игереді : үйде тұтынылатын ұлттық бұйымдардың ерекшілігін.
Менгереді: қамзолды бірнеше бояу түстерін алмастыра отырып бояйды. Тәрбие.орг сайтынан ӘЖЕМНІҢ ҚАМЗОЛЫ Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: МУХАМЕДЖАРОВА РИЗАГУЛЬ ТОЛЕГЕНОВНА

СКО УАЛИХАНОВСКИЙ р-н с.ТЕЛЖАН БАЛАПАН ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫ БАЛАПАН ШАҒЫН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ

Пікірлер: 0

avatar