Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
" Әженің ауылына саяхат"
  • 19.01.2017
  • 94 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21098

Ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.Экология негіздері.
Тақырыбы: «Әженің ауылына саяхат»
Мақсаты: Балаларды ауылдың тұрмысымен таныстырып, үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Дидактикалық ойындар арқылы танымдық, ойлау қабілеттерін және әлеуметтік құзіреттіліктерін дамыту. Сөздік қорын молайту, тілдің белсенділік қызметін арттыру. Есте сақтау, қабылдау, ойлау, кеңістікті бағдарлауын дамыту.
Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, дидактикалық құрал.
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң, балалар!
Біз әдепті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бас иеміз біз
Ұйымдастырушылық ізденушілік
- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
Күз мезгілі
- Күзде табиғатта қандай өзгешіліктер болады?
- Күн суыта бастайды.
- Жапырақтар сарғайып жерге түседі.
- Жаңбыр жиі жауады.
- Құстар жылы жаққа ұшады.
Балалар, Асылжан бізге күз туралы тақпағын айтып беремін дейді.

Бұлт ағады аулаққа,
Күз келіпті бау баққа.
Жаздай піскен жаңғақтар,
Шашылады жан- жаққа.

Тәрбиеші:Балалар, есікті біреу қағып тұрған сияқты.
Кім болды екен?
Пошташы бала: Мен пошташы бала Нұрболатпын сендерге хат алып келдім.
Тәрбиеші: Ол қандай хат? Қане, ашып көрейік. Балалар, бұл әжеден келген хат екен. Мен сендерге оқып берейін,тыңдаңдар. «Қымбатты № 124 «Балдырған» бөбекжай балабақшасының «Күншуақ» II – сәбилер тобының балалары және тәрбиеші апайды қонаққа шақырамын. Сәлеммен Зере әжелерің».
-Балалар әженің ауылына қонаққа барғыларың келе ме?
-Иә
- Олай болса жиналып әжеміздің ауылына жолға шығайық.
Тәрбиеші балаларды ауылдағы Зере әжеміздің уйіне ертіп келеді. Олар жолда егістегі алқапты,жайлаудағы малдарды, киіз үйлерді көреді.
Әжемен амандасады.
Әже: - Айналайындар, келдіңдер ме, құлындарым, ботақандарым, кішкентай аппақ қозыларым!
- Иә, балалар сізді сағынып қалыпты біз төрт – түлікпен, бақшадағы көкөністермен, алқаптағы егістіктермен танысуға келдік.
Әже: Жарайсыңдар, қошақандарым мен сендерге барлығын көрсетіп айтып беремін.
-Ал қанекей жүріңдер сендерге ауылдың тұрмыс тіршілігін айтайын.
- Ал мынау менің қысқы азық жинайтын қойма.Мұндағы барлық жиналған дәнді дақылдар өзімнің бау - бақшамнан.
- Мынау тұрған ұн. Ұнды бидайдан жасаймыз.Ауылға келе жатқандарыңда егістік алқабын көрдіңдер ме?

-Иа
Міне бидайды сонда егіп өсіреміз.Күз болғанда егістікті жинап алып қысқа дайындық жасаймыз. Бидайдан ұн жасап, ұннан нан пісіреміз.
Қане кім маған нан туралы тақпақ айтып береді.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
- Жарайсыңдар , ақылдыларым менің.Енді төрт түлікті айтайын.
- Бұл біздің малдарымыз яғни төрт түліктің үйі.
- Балалар, мынау - жылқы. Жылқы ер қанаты. Ол сезімтал, талғампаз жануар. Балалар, жылқының төлін қалай атайды? Жылқыға мініп көрдіңдер ме?
- Құлын.
- Иә, мініп көрдік.
Мынау - түйе. Түйе төрт түліктің төресі, жүні киім. Түйе таптырмас көлік, ол шөлге шыдамды. Түйенің сүті қалай аталады?
- Шұбат.
Мынау - қой. Ол ұсақ малға жатады. Төрт түліктің момыны. Қойдың еті,сүті, майы пайдалы. Жүнінен киіз басады, киім - кешек, алаша, кілем тоқиды.
Балалар, қойдың төлі қалай аталады?
-Қозы
Ал мынау - сиыр. Ірі қарамалына жатады. Сиырдың еті, сүті пайдалы. Сүтінен қаймақ, құрт, ірімшік жасайды. Балалар, сиыр төлі қалай аталады?
-Бұзау
Мынау-ешкі. Ол уақ малға жатады. Оның мінезі жеңіл, ұшқалақ. Тастан тасқа секіріп тыным таппайды. Оның сүті, түбіті пайдалы. Балалар, ешкі төлі қалай аталады?
-Лақ

Балалар, әжемізге төрт түлік мал туралы тақпақ айтып берейік.
1. Бекасыл
Мынау тұрған лақ
Салпаңдаған құлақ
Су ішетін жері
Сылдыраған бұлақ.

2. Согдиана
Момақаным, маймағым
Келмейді әлі ойнағың
Қалтырайсың үйде де,
Қошақаным қайда әлің?

3. Мұхамеджан
Екі көзің мөлдіреп,
Кекіл шашың желбіреп.
Енең жүрген далаға
Көп қарайсың елжіреп.

4. Бибінұр
Құлыншағым құндызым,
Құлдырайды шабады.
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.

5.Дарын
Кіп-кішкене момақан
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам қозым деп,
«Қошақаным» өзің деп!

Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз бір дем алайық.
Балалар, төрт түлік жайында қандай теңеу, мақал - мәтелдер білесіңдер?
1. Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл көсір.

2. Малды баға біл,
Бабын таба біл.

3. Ер қанаты – ат,
Сөз қанаты – хат.

4. Жылқы - малдың патшасы,
Түйе - малдың қасқасы.

Сергіту
Соз қолыңды оң жаққа,
Соз қолыңды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай,
Шеңбер жасап тұрғандай.

Рефлекстік түзету
Әжемізбен қоштасайық!

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Үй жануарларының аттарын атап, немен қоректенетінін, адамға пайдасын білу керек
Нені игереді: Толық сөйлеммен тапсырмаға сәйкес нақты жауап беруді игереді.
Нені біледі: Өз ойларын жүйелі айтуға дағдылану.



Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті
Тақырыбы: «Әженің ауылына саяхат»
«Күншуақ» ІІ – сәбилер тобы




Тәрбиеші: Пернешева А.Е.

Шымкент қаласы 2015 Тәрбие.орг сайтынан " Әженің ауылына саяхат" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Пернешева Айгуль Елжановна

№124 "Балдырған" бөбекжай балабақшасы Тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 94 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar