Жер ананы жасыл етіп сақтайық!

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 543
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22615


Тақырыбы; Жер ананы жасыл етіп сақтайық!
Мақсаты: Балалардың табиғаттың жыл мезгілі жайлы ұғымдарын
бекіту.Қазіргі көктем мезгілінің ерекшеліктері жайлы айту.Табиғат
кереметі туралы әңгімелеу.Есте сақтау қабілетін дамыту.Мезгілдерді
ажырата білуге үйрету. Жер ананың сұлу табиғатын ұғындыру.
Көрнекіліктер:Жыл мезгілдерінің суреті,ауа-райы құбылыстары плакат.
Мотивациялық қозғаушы:
Шаттық шеңбері:
-Елімізде тыныштық болсын!
-Аспанымыз ашық болсын!
-Күніміз жарық болсын!
-Бәріміз дос болайық!
-Деніміз сау болсын!
Балалар бір-біріне жылы сөздер айтады
Ұйымдастыру ізденуші; - Балалар,қазір қай мезгіл?
-Көктем мезгілі
- Көктемді орысша,ағылшынша қалай атайды?
-Апрель,april.
-Көктемде қандай өзгерістерді байқадыңдар?
-Балалар,сендер табиғат анамыз туралы тақпақ білесіңдерме?
Күн ұзарып,түн қысқарады.Айнала жап-жасыл түске енеді.
Назира:Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса,
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Жансерік:Дала гүлге оранады,
Күлгін түске боянады,
Көктем келген кезде
Табиғатта оянады.
Балалар,бізге хат келді. (хатты ашып оқиды)
О, бізге бүгін үлкен қонақ келеді.
Кім екенін тауып көріңдерші. (Балалар жауап беруі үшін қыс туралы
жұмбақ жасырады).

Қарлар еріп,күн жылына бастайды,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
-Иә,өте дұрыс айтасыңдар.

Көктем келді, құстар оянып,айнала жап-жасыл түске еніп табиғат
анамызда оянды. (Қыс мезгіліндегі табиғат ананың ақ түске оралуы, мұз
сықырлығын дыбысын үн таспадан тыңдайды).

Жер ана: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен – жер анамын сендерге қонаққа
келдім. Сендер мені күттіңдер ме?

- Қош келдің жер ана, біз өте қуаныштымыз.

Жер ана :-Қыстың аязына тоңып, суық боранынан қорықпадыңдар ма?Мені көптен асыға күттіңдерме?
- Бізде бүгін көктем мерекесі болуы мүмкін бізге өз тапсырмаларыңды

ұсынарсыз, ал біз оны қуана - қуана орындаймыз, өйткені біз ақылды
балалармыз. -Балалар,мен сендерге өз тапсырмаларымды ала келдім.
1 -тапсырма. «Кім шапшаң жүк машинаны ақшақармен толтырар екен».

2 - тапсырма. «Гимнастикалық орындықпен жалауға дейін еңбектеу». Жер
ана:

Маған сендердің батылдықтарың, шапшаңдықтарың ұнады. Бұл жарыста
достық жеңді.Мен сендерге өте риза болдым. Бірақ, менің кететін
уақытым да болды. Мен тағыда сендерге келемін деп балаларға өз
сыйлықтарын үйлестіреді.
-Балалар жер анамен қоштасады. Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымен жел еседі,
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен болып өседі.
Балалар билеп сергіту сәтін іс-әрекет қимылмен орындайды.
-Ендеше балалар,біз сіздермен бірге жер ананың кереметін жапсырамыз.
Рефлексті кооррекциялаушы:
-Балалар,біз ашық оқу-іс әрекетімізде қай мезгіл жайлы әңгімелестік?
-Иә,көктем мезгілі сендерге ұнайма?
-Бізге кім қонаққа келді?
-Иә.Жерана бізге өз тапсырмаларын ала келді.
-Біз оған тапсырмаларын орындап бергенімізге ол өте риза болды.
-Иә,балалар әр мезгіл өзінің ерекшеліктерімен әдемі.
Табиғат ананың кереметі соншалықты,ол бізге төрт түрлі мезгілін сыйға тартқан екен.Осымен бүгінгі оқу-іс әрекетіміз аяқталды қош сау болыңдар!
Күтілетін нәтиже. Бала білуі керек:Көктем мезгілі туралы жалпы мағлұмат. Бала меңгеруі керек: Табиғат ана ерекшеліктерін. Бала жасай білуі керек:Түсті қағаздан жер ананың кереметін жапсырып біледі. Тәрбие.орг сайтынан Жер ананы жасыл етіп сақтайық! Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Баржикова Айгуль Юсиновна

Пікірлер: 0

avatar