Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жеті қазынаның бірі
  • 11.10.2016
  • 463 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19653

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (429.6Kb)

Уразова Данагул Бралиевна. БҚО. Шыңғырлау ауданы.
Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебі
Мектепалды даярлық тобы
Білім беру саласы: қатынас .Түрі: Тіл дамыту.
Өтілетін күні.
Тақырыбы: Жеті қазынаның бірі.
Мақсаты: 1) Балаларға «жеті қазынаның бірі» ертегісінің мазмұнын түсіндіру..
2) Ертегі бойынша желісі бойынша сұрақтарға толық жауап бергізу арқылы анық,
мәнерлі сөйлеуге үйрету, тілін дамыту.
3) Жеті санының киелі сан және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың өсиет-танымының көптігін айтып, олардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Көрнекілігі: Жеті қазына мен жеті санына байланысты суреттер,интерактивті тақта,
әліппе-дәптер, үнтаспа.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу,
Билингвалдық: ит- собака-djq ,адам- человек-man ,дос-друг- frind
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс- әрекеті.
Ұйымдастыру, сезімді ояту.

Ұйымдастырушы , ізденуші 1)Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
-Бүгінгі күн сәтті болсын!
-Бәріңе сәттілік тілеймін!
Оқу іс- әрекет барысы:
2)Ұйымдастыру кезеңі. Сұрақ қоюдан бастаймын.
-Балалар,бір аптада неше күн бар?
-Кім апта күндерін атап берер екен? Балалар, бүгінгі әңгімелейтін тақырыбымыз жеті санына байланысты.
Біздің қазақ халқы жеті санын «киелі сан» -деп есептейді..Мысалы: жеті ата, жеті шелпек, жеті қазына. Байқап отырған боларсыңдар бәрі жеті санына байланысты айтылады.Ал бүгін біз жеті қазына деп нені айтады екен , соны біліп үйренеміз.Кәнеки, жеті қазынаны мына суреттерден көріп танысайық.

1.Жүйрік ат-қанаты, адам баласын баратын жеріне жеткізеді, көлік.

2.Құмай тазы-абыройын асырар сенімді серігі, көмекшісі, аң аулауға өздерімен бірге ертіп алып жүретін ит.

3.Қыран бүркіт-қуаты,құстың мықтысы, қорғаушы, аң аулауға пайдаланады.

4.Берен мылтық-қаҺарлы оты, аң аулау, құс атуға көмекші құрал, қару.

5.Қақпан-серті, аңшының көмекші құралы.

6.Майланғыш ау-әдіс-айласы, балық аулап, күн көру , кәсіп қылу үшін керек, тор(сетка)

7.Өткір кездік- сұсы, ер жігіттің керек құралдарының бірі, пышақ.

-Қазақ халқы жеті қазынаны «Жеті ырым » деп те атайды.
Адам –ақылды ойы-санасы бар
Денсаулық-байлық
Ақ жаулық- ер адамның сыңары.
Бала- ұрпақ жалғасы.
Көңіл
Жер- асыраушы ана
Ит- сенімді серік.
3)Негізгі бөлім:
а) «Жеті қазына» ертегісін оқып беру.
ә) Сөздік жұмыс.
Мадақтады- жақсылығын айту,дәріптеу.
Аластату-қуып тастау.
Жағымпаздана- жағыну, жалбақтау.
Сергіту сәті.
Музыка әуенімен би қимылын жасату.
б)Дәптермен жұмыс.
***Ақылды адам айтпай біледі,
Қыран құс қақпай іледі.
-Балалар мақалды хормен қайталап айтайық.
Мақалдың мағынасын түсіндіріп кетемін.
Билингвалдық: ит- собака-djq ,адам- человек-man ,дос-друг- friend

Шеңберге тұрады.
-Балалар бір-біріне жылылық сыйлайды,қуанады.

-1 аптада 7 күн бар.
-дүйсенбі, сейсенбі,сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Тақтадағы суреттерді тамашалайды.

Ертегіні тыңдайды.
Кейіпкерлерді атап отырады.
Сөздікті тыңдайды, үйренеді.

Музыка әуенімен қимыл жасайды.
Мақалды хормен қайталап айтып жаттайды.

Ит-собака-dog
Адам-человек-man
Дос-друг-friend
Рефлексивті реттеушілік. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.
-Енді балалар, ертегіні еске түсіріп алайық.
-Ертегі қалай аталады?
-Арыстан қандай сұрақ қойды?
-Аңдар қалай жауап берді?
-Арыстан неге ашуланды?
-Ит не деп жауап берді? ( Мен үшін дүниедегі қайратты, әрі ақылды, ол тек-адамзат)
-Неге итті «жеті қазынаның бірі» дейді екен?
-Осы ертегідегі ти, арыстан және түлкінің не айтқанын қайталап берер екен?
-Жеті қазынаға нелер жатады екен?
-Балалар, сандерге бүгінгі іс-әрекетіміз ұнады ма?
Балаларды мадақтау. -Жеті қазынаның бірі.
-Әлемде ең қайратты, ең ақылды,әрі епті кім?-деп сұрады.
.- Түлкі:Бұл өмірде сізден қайратты, ақылды, епті жан жоқ деді.
-Ит ештеңе деп айтпағасын ашуланды.
- Мен үшін дүниедегі қайратты, әрі ақылды, ол тек-адамзат-деп айтты.
-Ит адамға көмекші, ол адамның досы.
Рөлге бөліп аңдардың сөздерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Жеті қазынаның түрлерін ажыратып, атауын айта алуды.
Нені игеру керек:Ертегі желісін түсініп, кейіпкерлердің сөзін есте сақтауды игереді.
Нені қолдана алады:Сұрақтарға жауап бере алады, ертегіні мазмұндай алады.. Тәрбие.орг сайтынан Жеті қазынаның бірі Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Уразова Данагуль Бралиевна

БҚО Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебі Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар
Көрсетілім: 463 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar