Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Жол тәртібін білейік, есен – аман жүрейік!
  • 19.05.2016
  • 1057 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19064

Жол тәртібін білейік, есен – аман жүрейік!
Мақсаты: Көшеде жүру тәртібі туралы білімдерін тиянақтау, жинақтау. Көше тәртібін әрдайым сақтауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу, құқықтықтәрбие беру. Балалардың ой – өрісін, жан – жақты білімдерін дамыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суретті тест, «Жол белгілерін еске түсірейік» лото ойыны, блиц-турнир сұрақтары «Бағдаршамды салыңдар» сөзжұмбағы, бағдаршам макеті, сигналдық белгілер, балалар шығармашылығы (салған суреттері), «Бағдаршам» қабырға газеті, (Бағдаршам( мультфилмі.
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, ойын, көрініс көрсету, балалар шығармашылығы – салған суреттері.
Түрі : сайыс ойын түрінде өткізіледі.
Ұйымдастыру: Шара өткізілетін орын шарлармен, көшеде жүруге байланысты стенд, суреттер, нақыл сөздермен безендірілген. Музыка ойнап тұрады. Жол полициясынан, «Нұротан» партиясынан аудандық баспасөз қонақтары келіп қатысты.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Ойнымыз басталсын сәлемменен!
Бастаушы: сәлеметсіңдер ме? Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар! Бүгін жолда жүру ережесіне арналған ойын-ертеңгілігімізді сайыс түрінде өткізгелі отырмыз. Көшеде қалай жүру керектігін, бағдаршамның түстері нені білдіретінін туралы «Ақмаржан», «Арай», «Жауқазын» бөбекжайлары арасында Жол тәртібін білейік, есен – аман жүрейік! Атты сайыс ұйымдастырылып отыр.
Бастаушы: бал – біздің болашағымыз. Ал сол болашағымызды алуан түрлі апаттардан сақтап, аман-есен азамат етіп тәрбиелеу, ең алдымен ата-ананың, тәрбиешілер қауымының төл міндеті десек те, осынау маңызды істен біздің жол полицейлері де шет қалмауда. Өйткені соңғы уақытта көшелерде көлік саны көп болғандықтан алуан түрлі жол көлік аппаттарының орын алып жатқандығын, сондай апат салдарынан жас өспірімдердің әртүрлі оқиғаларға душар болып жатқанын жасыруға болмайды. Олай болса, алғашқы сөз кезегін жол полициясы қызметкерлеріне береміз.
Біздің әділ – бағаларымызды беретін әділқазылар мүшесімен таныстырайық.
Жол полициясынан –
«Нұротан» партиясынан –
Аудандық баспасөзден –
Бағдаршам макетін киген бала шығып, тақпақтар айтады.
Бағдаршам.
Жолды кесіп өтерде,
Сол жағыңа қарайла.
Жарты ортаға келген де,
Оң жағыңа қарайла.
Білгеніңді басқаға,
Үйрете жүр, жарай ма?
Топқа бөлу.
Балалар бағдаршамның түстеріне сәйкес қызыл, сары, жасыл түс болып 3 топқа бөлу.
1. Топ «Арай» Қызыл.
Қызыл көзі.
Мен көзімді ашқанда,
Ешқашанда баспа алға.
Орныңда тұр қозғалма,
Ереже бұл «Сен тоқта!»

2. Топ: «Ақмаржан» Сары.
Сары көз:
Мен көзімді ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жүруге әлі болмайды,
Дайындықты сақтайды.

3.топ: «Жауқазын» Жасыл.
Жасыл көз:
Мен көзіді ашқанда,
Көліктер саған тоқтайды.
Ережені білгендер,
Өтуге еш қорықпайды.

Сайыс кезеңдері.
1-сайыс «Кім шапшаң?»
Тақтада үш топқа үш суретті көрсетіледі. Топ балалары кзекпен жауап береді. Жол ережесіне байланысты.
2-сайыс. Блиц – турнир сұрақтары.
Жол инспекторы топ балаларына хат береді. Хаттың ішінде үш сұрақ берілген, үш сұраққа бірден жауап беруі керек. Сұраққа балалар тәрбиешісімен бірігіп дайындалады.
Қызыл.
1. Жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?
2. Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?
3. Жолда неге тек жол өткелдерінен қиып өтуге тиіспіз?

Сары.
1. Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?
2. Жол жиегінде тұрған автобус, троллейбус, т.б көлік түрлерінің қай жағынан өтуге болады?
3. Бағдаршам жарықтарының қызметі қандай?

Жасыл.
1. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
2. Бағдаршам қойылған жол өткелі қауіпті ме, әлде бағдаршам қойылмаған жол өткелі қауіпті ме?
3. Жол бойында тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті?

3 Сайыс «Жол белгілерін еске түсірейік» суретті лото ойыны.
Әр топқа лото ойыны таратылады. Жол белгілерінің қима суреттері 3 топқа беріледі, балалар жол белгілерін дұрыс тауып құрастырылады. Ойынның мақсаты: жол белгілерін еске түсіру, шатастырмауға үйрету. Құрастырған жол белгілерінің белгілерін айтып беру. Уақыт беріледі.
А) Ескерту белгісі.
Қып – қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп,
Сәт – сапар жолдаған.
Ә) Тыйым салу белгісі.
Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар бағдарла, көз салып жан-жаққа.
Б) Нұсқау белгісі.
Баратын жерінің бағыты тұрағым,
Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
Қорыту: марапаттау.
Қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарып, жеңіске жеткен топ балаларын құттықтап, мақтау қағазын табыс етті. Жол полициясынан келген қонақтарға сөз беріледі. Балаларды жеңістерімен құттықтай отырып, жол ережелеріне байланысты әкелген түрлі бейнематериялдар мен мультфилмдерді сыйға тартты. Жол тәртібіне байланысты сұрақтар қойып, өмірден мысалдар келтіріп өтті.

МКҚК «Ақмаржан» бөбекжайы

Жол тәртібін білейік, есен – аман жүрейік!
Атты сайыс өткізді. Арай, Ақмаржан, Жауқазын
бөбекжайлар арасында.

«Жауқазын» бөбекжайының
«Балдырған» тобының
бүлдіршіндері.


2015 – 2016 оқу жылы Тәрбие.орг сайтынан Жол тәртібін білейік, есен – аман жүрейік! Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшадағы ашық сабақтар | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 1057 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar