"Жыл мезгілдері"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 278
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 07/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23155


Кіріктірілген оқу қызметінің технологиялық картасы


Усипбекова Айман Қуанышбекқызы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
№53 "Ер-Асыл" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі


Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық», «Денсаулық», «Таным», «Әлеуметтік орта»

Тақырыбы: «Жыл мезгілдері»

Мақсаты: балалардың төрт мезгіл қыс, көктем, жаз, күз туралы түсініктерін кеңейте отырып, әр жыл мезгілінің өзгерістері жайлы әңгімелей айтуға, мақал-мәтелдер арқылы жеткізе білуге үйрету, төртке дейінгі сандарды санай білу. Сөйлемді дұрыс толық сөйлеммен айтуға тәрбиелеу. Дыбыстарды анық дұрыс айтуды, әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшеліктерін дұрыс жеткізе айтуға оны бейнелеп, бояу түстерін дұрыс бере білуге тәрбиелеу.

Мотиватциялық- қозғаушылық кезең:

Шаттық шеңбері:
Ағаш, бұта, жасыл шөп
Жайқалып өскен гүлдер көп,
Рахмет саған, қайырымды жер.
Бізге берген таза ауа көлеңкені,
Жапырақ жидек пен жемістер,
Рахмет саған, ғажайып өсімдіктер.
Жапырақты жұлмаймыз,
Бұтақты біз сындырмаймыз.
Су құямыз қараймыз,
Аялаймыз, қорғаймыз.

Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің оқу қызметімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.

- Өте жақсы балалар, ал енді орнымызға отырайық!

- Балалар жыл мезгілдерін кім біледі?

- Дұрыс айтасыңдар! Жылдың он екі айы бар.

Күз айлары, қыркүйек, қазан, қараша.

Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.

Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.

Іздену-ұйымдастырушы кезең:
Ерте, ерте, ертеде атақты жыл патшалығы болыпты. Олардың екі қызы, екі ұлы болыпты. (көктем, жаз, күз, қыс) Осы төрт баласының мінезі әр түрлі болыпты. Жыл патшайымы осы төрт жылды бағып-қағып өсіріпті. Күндердің күнінде осы мезгілдер айтысып қалыпты.
Олар былай деп айтысады:
Көктем: менен тіршілік көзі басталады. Адамдар қыстан аман шығып, жадырап, қайта түлеп, қызу еңбектерін бастайды. Табиғаттың ең тамаша кезең әрине менмін.
Жаз: жарайды, көп мақтанбай-ақ қой. Менсіз адамдар не істеген болар еді? Егер менің аптап ыстығым болмаса, егін, бау-бақшаларың пісер ме еді? Ал сендер суға шомыла алар ма едіңдер? Табиғаттың ең кереметі менмін.
Одан кейін күз былай дейді:
Күз: өте дұрыс айтқандарың бірақ, адамзатқа менің де қажетім бар. Барлық еңбек атаулының қызған шағы менде, егін, бау-бақшалар жиналып, қыбырлаған жанның бәрі қыс қамына кіріседі. Ал сендер жеміс-жидекке тоймаған болар едіңдер.табиғаттың ең бір жақсы кезеңі менмін.
Одан кейін қыс былай дейді:
Қыс: пай-пай мақтануларын. Табиғаттың ең керемет кезеңімін. Меннен күшті ешкім жоқ, барлық жерді ақ бояуға бояп, түрлі өрнектермен безендіріп, табиғатқа сұлулық беретін мен. Жаңа жылды менсіз қарсы алмайсыңдар ғой? Көрдіңдер ме? Табиғаттың ең күшті кезеңі менмін.
Табиғат патшайымы: Бәрекелді, бәрің жиналып қалыпсыңдар ғой, бұл не жиын? (әуенмен кіріп келеді)

Табиғат патшайымы: Орынсыз таласқандарың дұрыс емес. Бәрің де адамдарға керексіңдер. Сендер көктем, жаз, күз, қыс болып өзгеріп тұрмасаңдар олар өмір сүре алмаған болар еді. Барлық кезеңнің өз кереметтері бар. Сондықтар таласпай адамдарға қалтқысыз қызмет жасауға тырысыңдар. Олар табиғаттың кереметтерімен ғана күн кеше алады.

Балаларға төрт жыл мезгілінің боялмаған суреттері беріледі.

Сергіту сәті: (слайд арқылы)

Балалар, көктем мезгілі келгенін қалай байқаймыз?

Көктем туралы мақалды кім біледі?

Қыс мезгілі келгенін қалай байқаймыз?

Қыс туралы мақалды кім айтады?

Ендеше, «Кім жылдам?» деген ойын ойнайық.

Қазір қандай мезгіл?

Балалар, күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

Ендеше, күз туралы мақалдарды кім біледі?

Ендеше, жаз мезгілінің келгенін қалай білеміз? Қандай ерекшеліктер бар?

Тағы кім маған жаз туралы мақалдар айтады?

Дидактикалық ойын:«Не 4-еу болады?»

Мақсаты: Саны 4 болатын заттарды тауып айтуға үйрету

Дұрыс жауабы үшін балалар жұлдызша алады (мадақтау)

Бәрі: Табиғаттың керемет кезеңі кім екен деп таласып жатырмыз.

Бәрі: Дұрыс-дұрыс орынды айттыңыз. Бізден қателік болды. Түсіндік.

(Балалар төрт топқа бөлініп, әр жыл мезгілінің өзіне тән түсімен бояйды. Мысалы: күз мезгілін сары түспен т.с.с.)

Тынық күнде бір мезет,
Жел тұрады гуілдеп
Құлақ салып тыңдасаң,
Дыбыстайды у-у-у-у деп.

Бұлт үйірілсе аспанда,
Түнереді атырап.
Жаңбыр жауса бір мезет,
Дыбыстайды тырс-тырс – деп.

Айналадағы гүлдер бүршік атып, көшеге көшет отырғыза бастайды. Салқын жақтан құстар ұшып келеді. Адамдар жеңіл киіне бастайды.

1. Сәуір болса,
Күн күркірер.
Күн күркіресе,
Көк дүркірер.

2. Қысына қарай көктемі,
Диқанына қарай кетпені.

Қыс мезгілі келгенде ауа-райы суытып, айнала аппақ қарға жамылады. Адамдар қалың киіне бастайды. Құстар жылы жаққа ұша бастайды.

1. Қыс азығын, жаз жина.

2. Арбаңды қыста сайла,
Шанаңды жазда сайла.

3. Ақ қар көп болса,
Ақ нан көп.

(Балалар мезгілдердің өзіне тән ауа райы түрлерінің және ерекшеліктерінің суреттерін орнымен тақтаға жапсырады.

-Күз.
Күз мезгілінде ауа рай салқындау, жаңбырлы болады, жапырақтар сарғайып түсіп жер бетін сары алтынға малады.

1.Егіндікті күз суарар,

Күз суарсаң, жүз суар.

2.Жаз-береген,

Күз-алаған

3.Көктемде түскен бір дән,

Күздің күні мың дән болады.

Жаз мезгілінде күн жылынып, құстардың шиқылдаған дауыстары естіліп, айнала жасыл түске енеді.

1. Жаздың қамын қыс ойла,
Бір ойлама, үш ойлама.

2. Жазда шөпті жинасаң,
Қыста мал азығы.

Көбелектің 4 қанаты, үстелдің 4 аяғы болады, 4 қабатты үй болады, мысықтың төрт аяғы, сиырдың төрт аяғы.

Рефлексті - түзетуші кезең:

Балалар, бүгін сендер не білесіңдер?

Бір жылда неше мезгіл бар екен?

Атап айтқанда?!

Дұрыс айтасыңдар!

«Табиғатты аялайық» балалар.

Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар.

Жыл мезгілдерін.

Төрт мезгіл.

Көктем, жаз, күз, қыс

Бәрі бірге қонақтармен амандасады.

- Сәлеметсіздер ме апайлар!

Балалар орындарына отырады.

- Қыс, көктем, жаз, күз – деп атап тауып суреттерін тақтаға іледі.

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек?: Ауа-райы түрлерін, мезгіл атауларын.

Нені игереді?: Әр жыл мезгілін өзіне тән түспен бояй білді.

Нені білді?: Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін атай білді. Тәрбие.орг сайтынан "Жыл мезгілдері" Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Усипбекова Айман Қуанышбайқызы

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы №53 "Ер-Асыл" бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar