Жыл мезгілдері қонақта

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 885
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 04/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22942


«№16 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Ұйымдастырылған іс қызметінің тақырыбы:
«Жыл мезгілдері қонақта».
«Күншуақ» тобы.


Дайындаған:Алдабергенова С.Ж

Сәтбаев қаласы. 2017ж

Мақсаты:
Білімділік: Балалардың жыл мезгілдері мен қоршаған орта туралы білімдерін пысықтау.Жемістер мен көкөністердің түсін, дәмім, көлемін ажырата білу.
Дамытушылық:Балалардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінжетілдіру. Есте сақтау қабілетін арттыру.Зейінділікке, ұстамдылыққа, тапқырлыққа баулу.
Тәрбиелік:Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Табиғат бейнеленген сурет, құрастырмалы материалдар,
дидактикалық ойындарға арналған суреттер, тәжірибе материалдары.
Сабақ барысы:
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бүгін біздің топқа көп қонақтар келіпті. Қанекей қонақтармен амандасайықшы.
Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге!


Тәрбиеші: Балаларды отырғызады.
Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Баладар: төрт.
Тәрбиеші:Қандай қандай?
Балалар:Көктем, жаз,күз,қыс.
Осы кезде топқа есік қағып пошташы келеді.
Пошташы:Сәлеметсіздерме балалар. «Күншуақ» тобы осыма?
Балалар: Сәлеметсізбе, иә осы.
Пошташы:Жыл мезгілдерінің сендерге беріп жіберген хаты бар еді,соны тапсыруға келдім.
Тәрбиеші: Ой, балалар бұл не екен кәне көрейікші.
Пошташы: Мен кетейін әрі қарай басқа топтарға да сәлемдемемді жеткізуім керек.
Тәрбиеші: Рахмет сізге пошташы. Сау болыңыз!
Балалар бұл хаттың ішінде не жазылып тұр екен оқиын.
Жыл мезгілдерінің тапсырмалары дейді. Балалар жыл мезгілдерінің тапсырмаларын орындаймызба?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар. Көктемде ауа райы қандай болады? Қандай өзгерістер болады? Қандай өсімдіктер шығады? Бәйшешек, қызғалдақ гүлдері өседі. Көктемде ағаштар бүршік жарып,жапырақ ашады.
Тәрбиеші: Ал енді осы көктем туралы тақпағын бізге Жанғазы айтып береді.
Жанғазы тақпақ көктем: Жасыл көктем келеді
Самал бетпен өбеді
Көкте бұлттар көбейсе
Мөлдір тамшы төгеді

Тәрбиеші: Балалар көктем мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?
Балалар: Жаз мезгілі.
Тәрбиеші:Жазда балалар ауа райы қандай болады?
Сүрия:Жазда күн ыстық болады, суға шомыламыз.Демалыс орындарына қыдырамыз.Түрлі ойындар ойнаймыз.Жаз мезгілі өте қызықты.
Тәрбиеші:Өте жақсы балалар, енді жаз туралы тақпағын Кәусар айтып береді.
Кәусар тақпақ: Жайқалып жапырақ
Құлпырып қызғалдақ
Тұратын көз тартып
Жаз келді күн шуақты.
Дидактикалық тапсырма:Жануарларды ажырата білу.
Тәрбиеші:Тақтаға қарайықшы, үйдің суреті мен орманның суреті, мына жануарларды біз қазір орындарына қоюымыз керек.Үй жануарлары қайда өмір сүреді? Жабайы аңдар қайда өмір сүреді? (орман суреті, үйдің суреті)
Тақтаға екі бала шығады.



Тәрбиеші:Енді осы жануарларды үш тілде санап шығайық.(қазақша, орысша, ағылшынша).Өте жақсы балалар,жарайсыңдар біледі екенбіз.Енді сендер шаршаған шығарсыңдар, орнымыздан тұрып біраз сергіп алайық.

Сергіту сәті:«видеомен»



Тәрбиеші:Келесі жаз мезгілінен кейін қандай мезгіл екен?
Балалар:Күз мезгілі.
Тәрбиеші:Балалар күзде ауа райы қандай болады?
Күзде жапырақтар сарғайып жерге түседі, жаңбыр жауады.Күн салқындай бастайды.Егіншілер егіндерін жинай бастайды.Жаңбыр жауса қолымызға қолшатыр ұстаймыз.
Тәрбиеші: Енді осы күз мезгілі туралы Айтөре тақпағын айтып береді.
Айтөре тақпақ: Алтын, сары қызыл көк,
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.


Тәрбиеші: Күзде нелер піседі?
Балалар:Жемістер мен көкөністер.
Тәрбиеші:Жемістер қайда піседі? Көкөністерше?
Балалар:Жемістер ағаштың басында,көкөністер жерде піседі.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар.
Ойын: «Жемістер мен көкөністер жинау»
Тәрбиеші: Ал енді балалар сендермен қазір ойын ойнаймыз. Бұл ойында
сендер мына шашылып жатқан жемістер мен көкөністерді ажыратып екі себетке жинауларың керек.
Екі бала шығып екі себетке көкөністер мен жемістерді ажыратып жинайды.


Тәрбиеші:Жемістердің адам ағзасына пайдасы өте зор.Құрамында түрлі дәрумендер болады.Балалар енді бізде қандай мезгіл қалды? Күзден кейін қай мезгіл келеді?
Балалар:Қыс мезгілі.
Тәрбиеші:Қыста ауа райы қандай болады?
Балалар: Суық, аяз болады, балалар далада қардан аққала жасайды.
Тәрбиеші:Енді қыс мезгілі туралы бізге Нұрасыл тақпағын айтып береді.

А.Нұрасыл тақпақ: Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жып жылтыр боп жатады.

Тәрбиеші: Балалар қар ерігенде қар неге айналады?
Балалар:Суға.
Тәжірибе.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар, балалар сендер білесіңдерме таза суды әр түрлі түске бояуға болады. Қазір біз сендермен тәжірибе жасап көреміз.Түстерді
(ауыр, жеңіл,ащы, тәтті, түстің өзгеруі).Төрт бала шығады. Түстерді үш тілде айту.(қазақша,орысша,ағылшынша)



Ойын: «Қай мезгілге жатады?»
Шарты:Дайын қиылған бөлшектерді жыл мезгілдеріне байланысты ажырату.
Тәрбиеші:Балалар қазір сендермен қозғалмалы ойын ойнаймыз.Ортаға төрт бала шығу керек. Төрт мезгілге байланысты құрастырмалы материалдар берілген, сол материалдарды құрастырып, қай зат қай мезгілге жататынын айтуымызкерек.(гүл,күн,жапырақ,аққала). Тәрбие.орг сайтынан Жыл мезгілдері қонақта Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алдабергенова Салтанат Жумабековна

Сатпаев қаласы №16 жалпы орта білім беретін мектеп КММ Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar