"Ұзын - қысқа.Салыстыру."

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 761
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 11/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20935


№2 Аманқарағай орта мектебі ММ
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші:Куанышова А.Б. 23.11.2016ж.
Білім беру саласы: Таным
Бөлемдер :Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы : «Ұзын-қысқа.Салыстыру.»
Мақсаты: Балалардыңқарапайым математикалық ұғымдарын толықтыру, ұзын- қысқа заттарды, үлкен- кіші ,бір және көп деген ұғымдарды қалыптастыру. Геометриялық пішіндер , түстерді ажыратуға арналған ойын – жаттығулар арқылы қисын ойлау қаблеттерін дамыту.
Билингвальді компонент :Длинный – ұзын, короткий – қысқа.
Әдіс тәсілдері:сұрақ- жауап,тірек -сызба, салыстыру, көрнекілік.
Қызмет кезеңдері Тәрбиеші қызметі Балалар қызметі
Мотивациялық – қозғаушы -Амандасу
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
• Балалар далада ауа-райы қандай?
• Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінен кейін қандай мезгіл келеді:
Өткенді пысықтау.
(аз,көп ұғымдарына суреттер балаларға үлестірмелі кеспе қағаздар.) Балалар тәрбиешімен бірге қайталап жасайды.

- Суық.

-Күз мезгілі.

-Қыс мезгілі
Балалар үлестірмелі қағаздағы тапсырмаларды орындайды.
Ұйымдастырушылық ізденіс Жұмбақ.
Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады
Тәрбиеші:- Балалар бізге қояндар қонаққа келіпті, қояндар жолдың бойымен секіріп келеді.
Кәне қояндардың түсін айтыңдаршы қандай?
Тәрбиеші:-Ал балалар алдарыңда екі жол жатыр, кәне салыстырайық

Тәрбиеші:- Ал біздің ақ қоян қандай жолмен секіріп келді?, түсі қандай?

Тәрбиеші:- Ал біздің көк қоян қандай жолмен секіріп келді?, түсі қандай?

Салыстыру әдісі
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы кәне сластырып көрейік қай қоян бірінші келді?
Себебі неде?
Сергіту сәті.
«Аяқпенен топ -топ»
Билингвальді компонент :Длинный – ұзын, короткий – қысқа.

Ойын: «Сиқырлы қарындаштар»
Балалар мен сендерге қарындаштар беремін,сендер бір қарындаштан алып,кандай қарындаш алғандарынды айтасындар.Ұзын қысқа және түсін айтасындар.
«Суреттер сөйлейді» ойыны.Ұзын-қысқа ұғымын ажыратып,салыстырды.

д/о «Қоянның үйі»
Балалар мен сендерге геометриялық пішіндер беремін.Кане,бәрін маған қарандар.
Сендер қандай пішіндерді білесіңдер?

Пішіндердің түстері қандай?

Тәрбиеші:- Балалар үйді әдемі құрастырдыңдар, енді қояндар осы үйде тұрады, рахмет Жауабы:
Қоян.




-Ақ қоян, көк қоян.

Жолдарды салыстырады
Ұзын жол, қысқа жол.

Ұзын жол,түсі қызыл.

Қысқа жол, түсі сары.

Балалар жолдарды салыстырып, көк қоян бірінші келгенін айтады

Себебі: жол қысқа.

Длинный – ұзын, короткий – қысқа
Қарындаштарды салыстырады, түсін айтып ажыратады.

Тақтадағы суреттерге байланысты сұрақтар қойылып, балалар ұзын-қысқа ұғымын ажыратып,салыстырды.

Геометриялық пішіндерден қояндарға үй құрастырады.

Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.

Қызыл , жасыл, сары.

Рефлекстік түзету -Балалар сендерге бүгінгі оқу іс-әрекет ұнады ма?
-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
-қандай тапсырмалар ұнады?
Балаларды мадақтау.
Сабақты қорыту
-Ия

-ұзын қысқа

-барлығы
Күтілетін нәтеже
Білу керек:Ұзын- қысқа,үлкен- кіші ұғымдарды. .
Қалыптастыру керек: тапсырманы орындау барысында жылдамдық пен тапқырлықты, тыныш отырып тыңдауды, достық қарым - қатынасты.
Меңгерді:. Пішіндерден үй жасауды, түстерді ажыратуды Тәрбие.орг сайтынан "Ұзын - қысқа.Салыстыру." Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Куанышова Айгерим Батырхановна

Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar