Аналар асыл жандар!

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 361
  • Балабақшаға арналған презентациялар
  • 15/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22810


Тақырыбы: Аналар- асыл жандар!
Мақсаты: балаларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар қауымының ең үлкен мерекесі 8 –наурыз туралы айту.Аналарына арнап тақпақ,ән айтқыза отырып балалардың сөйлеу мәнерін, тілін дамыту.Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу арқылы аналарды сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: тақырып жазылған плакат, мақал-мәтел, слайд
Безендірілген залда әдемі музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық-дей отырып, құрметті де, аяулы аналар сіздерді 8-наурыз көктем мерекелеріңізбен құттықтаймыз.Балаларпандарыңыздың өздеріңізге арнаған өнерін тамашалаңыздар.
Айбар:Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Айару:
Менің анам ақылшым,
Күн секілді білгенге
Шашырайды шуағы
Үйімізге кіргенде.
Ерке:
Ана өмір шырағы
Ана өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады.
ӘН: «Көктем келді»
Ажар: Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
Жасұлан:
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болса бар адам.
Шаттық кетпес баладан.
Алина:Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді,
Сыйлайды оны бар адам.
Би:Гүлдер биі
Ортаға Көктем аруы кіреді.Балаларды, аналарды мерекемен құттықтап, «Гүлдер» ойынын ойнатады.Өзімен бірге Сайқымазақты ертіп келгенін айтып, Сайқымазақпен бірге қонақтарға «Түстер» фокусын көрсетеді.
Бекжан:
Әже деген көп шығар,
Әжемдей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Айшат:
Бүгін наурыздің 8 - і
Сүлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Нұрали:
Менің әжем жыр әжем,
Шуағы мол, нұр әжем.
Дәулет:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті аналар.
ӘН: «Ақ әжем»
Ата-анамен ойын: «Өз балаңды тап»
Шарты: сезім мүшелері арқылы ата-аналар өз балаларын табады.
Би: Джентельмендер /ұлдардың орындауында/
Әмина:
Мақтаным Ана
Шат әнім АнА.
Өзіңе тақпақ
Жаттадым Ана!.
Мәди:
Айтсаң болды тіл алам
Әйбат мамам әй мамам
Сені көрсем қуанам
Сен керексің қашанда.
Елназ:
Бізді өсірген апатай,
Еңбегіңде зор екен
Құтты болсын апатай
Құтты болсын мерекең

Встану утром рано.
Поцелую маму.
Подарю цветов букет
Лучще маы в мире нет
Би: орыс биі
Құрметті қонақтар, мереке құтты болсын.Осымен ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.Аналарымызды көктем мерекесімен құттықтау үшін сөз кезегін меңгерушіміз Алимбаева Эльнура Досымқызына береміз. Тәрбие.орг сайтынан Аналар асыл жандар! Балабақшаға арналған презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Икрамова Арай Ануархановна

Қаскелең қаласы Алтын ауыл ықшамауданы КМҚК "Жанерке" балабақшасы Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar