Балабақшадағы ән-күй сабағы арқылы балалардың қабілетін арттыру.

  • Жүктеулер: 74
  • Көрсетілім: 3590
  • Балабақшаға арналған презентациялар
  • 22/Июл/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19296


Балабақшадағы ән-күй сабағы арқылы балалардың қабілетін арттыру.
Өнерді биікке көтермей,өмір сүру жақсармайды. Халықтың музыкалық мәдениетін көтеріп, зияткерлік деңгейін дамыту үшін балабақшадағы ән-күй сабақтарын жандандыру керек. Өнерлі халықты дүние жүзі таниды.
Н.Ә.Назарбаевтың(Қазақстан халқына жолдауынан)

Табиғат дүниесіндегі сұлулықтың ғажабы аспанның шырақтарында, ал жердегі сұлулық дыбыста, сұлу ән -күй сазында-дейді шығыс философы, музыка зерттеушісі ,ғұлама ғалым Әбунасыр Әл Фараби.
Күллі әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі әр халықтың өскелең ұрпағының жүйелі тәрбиесі, әрі жарқын болашағы ұлттының елдік асыл қасиетін жалғастырар кейінгі толқын жас жеткіншектердің биік деңгейде өсіп, өркендеп, қалыптасуы үшін бар күш-жігерін жұмсап, балалардың ақылды да парасатты болып ер жетуіне үлкен мән береді. Біздің елімізде тәуелсіздік туын алған күннен бастап жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар жас ұрпақ үшін жаңаша таныммен жан- жақты білімді де білгір азаматтар дайындау ең басты міндет болып отыр.
Осыған орай мектепке дейінгі мекемелерде «Музыкалық білім беру» бағдарламаларын жаңаша, жаңа заман талаптарына сай етіп мазмұнды бағдарламалар енгізіп оты.Бағдарламаның басты мақсаты: дәстүрлі халық музыкасы мен қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптейтін уызы бұзылмаған халықтың салт дәстүрлерін бала бойына сіңіре отырып, тәрбиелеу болып отыр.
Музыкалық тәрбие беру дегеніміз: Жас сәби шағынан баланы әсемдік әлеміне дыбыс арқылы жетелей отырып,сұлулық ,ізгілік,адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу.
Осыған орай мектепке дейінгі мекемелер яғни балабақша тәрбиешілерімен музыка жетекшілеріне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр.Балабақшадағы музыка жетекшісі мен тәрбиешінің бірлесе отырып ,эстетикалық жағынан жан жақты дамыған,шығармашылығы мол, өз бетінше әрекет етуге даяр жаны жұмсақ рухы мықты ойын ашық айтатын азамат етіп шығару басты мақсат болып отыр.Қаоакөз қазақ баласы бесіктен бастап әже әлдиімен өссе ,ұлттық салт санамызды балабақша табалдырығынан аттаған күннен бастап тәй- тәй басқан сәби шағынан бойына сіңіру ұшін атқарылар іс шаралар әр түрлі сауық мерекелер балалардың қатысуымен өткізілуі үлкен қажырлы еңбекті толлассыз ізденімпаздықты талап етеді.Музыка тілі арқылы біз табиғаттың түрлі көрінісін ,жыл мезгілдерін,,хайуанаттардың әрекеттерін,адамның қайғы қуаныштарын сезіне аламыз. Музыка- сезім математикасы деген екен.(Сухомлинскии)
Музыка сабағының балабақша дағы бүлдіршіндер үшін маңызы зор.Жас ерекшеліктеріне сай әр баланың жас ерекшеліктеріне сай әр сабақта қызықты да мазмұнды өткізуге болады.Осыған орай сабақ өту процесінде сәбилер тобында дыбыс ,сенсорлық ерекшелікті айыра білу үшін түрлі ойындарды , жан- жануар мен аң құстардың дауыстарын арнайы дыбыс жазғыш құралдары мен үн таспадан тыңдату немесе аспапта сүйемелдеу қажет етіледі,әр музыканы тыңдай отырып , әсерлене тыңдаған бала әр түрлі жанрдағы әсем әуеннің көркемдік мазмұнын ажырата біледі, ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды.Музыка тыңдау –музыкалық әрекеттің негізін дамытушы,сонымен бірге күрделі түр.Тыңдау үрдісінде балалар музыканы тыңдауға, естіп қабылдауға,өзіндік естіп қабылдауға,өзіндік көңіл күйін,сезімін талдауға үйренеді.Шығарманы бірнеше рет тыңдауды қамтамасыз ету өте маңызды.Оның сипатына,әуеніне жылдамдығына ырғақ ерекшелігіне назар салып отыру керек.Музыканың екпінін ырғағын түсіну арқылы келесі кезең әуенді ырғақты қимыл болып табылады.Ырғақты әуен соның ішінде функционалды ырғақтық музыкамен әр түрлі би қимылдарын жасату балалар үшін ең жақсы кезең. Би қимылдарын орындау барысында бала көңіл-күйі көтеріліп,белсенділіктері артады.Балаларды музыканың сүйемелдеуімен ырғақты би қимылдардан кейін қызықты ойын түрлерімен жалғастырып әкету керек.Бала ойнап жүріп ойланады.Музыкалық ойындарға қатыса отырып,өлең,тақпақ жаттай жүріп,шығармашылық деңгейі артады.Ойынды меңгеру барысында әр бала өзінің жеке қабілеттерін көрсету мүмкіндігіне ие бола болады.Балаларды әр түрлі музыкалық іс шараларға тек жеке өзін қатыстырмай ,үлкендермен, ата-аналармен бірге қатыстырудың мәні зор.Меркелік,ертеңгіліктердің,ойын-сауықтардың,сахналық қойылымдардың кезінде бала образдық бейнелерді дәл бере білуге, сахна мәдениетіне жауапкершілікке, көпшілікпен жұмыс істеуге үйренеді.
Әр сәбидің сезімталдық қасиетін таланты мен қабілетін тез аңғарып баламен оның ата анасымен қоян қолтық жұмыс атқару қиыннан қиыстыратын шеберлікті қажет ететін жұмыс. Жоспардан тыс сан алуан бала жанына әсерлі қиялын дамытатын ертегілер мен ойын-сауықтар өткізуге болады.Музыка жетекшілері қуыршақ театрын пайдаланса балалар үшін өте қызықты.Әр ертегіні ырғақты әуенмен әр кейіпкердің дауысын салып әр түрлі қимыл қозғалыс тармен , ырғақпен шебер орындаушылық арқылы балаға ерекше әсер қалдыруға болады.Музыкалық ертегі ,жақсылыққа ,әдемілікке тәрбиелейді, , бала жүрегіне қуаныш сыйлайды..Ал музыканы бар жүрегімен сүйетін бала шын ықыласымен қабылдау барысында ,әсемдік пен әдемілікті сезінген бала қоғамға тек пайдасын тигізетін,ұлттық қазынаны бағалай білетін,саналы да білімді тәрбиелі,адал азамат болып өсері сөзсіз.Музыка пәнінің мұғалімі ретінде осы жұмысты жандандыра беретініме, сәби жастан бала бойына барлық күш жігерімді аямай жұмыс атқарып жүргеніме өзімізді мақтан тұтамын.
Ай – Сана балабақшасының музыка жетекшісі Садыбаева Г Д Тәрбие.орг сайтынан Балабақшадағы ән-күй сабағы арқылы балалардың қабілетін арттыру. Балабақшаға арналған презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Садыбаева Гүлмира Дәуталиқызы

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы Ай-Сана бөбекжай балабақшасы музыка жетекшісі

Пікірлер: 0

avatar