Инновациялық әдістер мен тәсілдерді қолдану

  • Жүктеулер: 17
  • Көрсетілім: 1100
  • Балабақшаға арналған презентациялар
  • 04/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18429


Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпыға міндетті біліммен және тәрбиемен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің біәрі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымның негізгі мақсаты мен міндеті қазіргі заманғы қоғамның талаптарына сай жан-жақты дамыған ұлттық сезімі бар азаматты тәрбиелеу.
Экономикалық және қоғамдық сұраныстарға сайкес келетін заманауи білім беру жүйесі қажет. Алға қойылған міндеттерді орындаудың тура жолдарын бірі оқу –тәрбие жұмысында инновациялық әдістер мен тәсілдерді қолдану
Оқу –тәрбие жұмысын инновациялық әдістерді ескере отырып жоспарлау:
 көркем әдебиет мазмұны бойынша бөліктерге бөлінген ;
 тіл дамыту, қоршаған ортамен таныс, экология негіздерімен таныстыру бойынша тапсырмалар мазмұндарына сәйкес топталынған, көркем туындылардың тізімдері дайындалған;
 дидактикалық және дамыту ойындарының жинағы әзірленген;
 сахналық ойындар әзірленген;
 өнертапқыштық міндеттерді шешу теориясының технологиясы мен
Ә.Жүнісбековтің, Н.Зайцевтың технологияларының элеметтері қолданылады.
Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану баланың шығармашылық қабылеттері мен адамгершілік құндылықтарын ашуға көмектеседі.
Жобалық қызмет барысында ата – аналар мен мектепке дейінгі ұйым арасында тығыз байланысты орнайды, ата –аналар тәрбие жұмысына белсене араласады.
Баланың балабақшада болған алғашқы күндерінде, оны көрнекі маериалдарымен сүйемелдеусіз, біртіндеп әңгімелер мен ертегілерді оқуға көше отырып, театрландыру және сахналау арқылы жаңа туындылармен таныстырған жөн. Кіші жастағы балаларға бір ертегіні бірнеше мәрте тыңдау ұнайтындықтан, тәрбиеші бір ертегіне немесе тақпақты қайта оқуға және әңгімелеуге көңіл бөлуі тиіс.
Балабақшада тәрбиеленушілердің отбасымен ауызша немесе жазбаша түрде қарым қаынас жасаған дұрыс. Педагог отбасымен араласқан кезде әдептен тыс «күнделікті» қолдану қолайлы. Жүйелі түрде күнделікті ұсыныстарды, байқауларды, ескертулерді жазып отыруға болады. Бұндай өзгеше «күнделік» баланың «портфолиосын» өте жақсы толықтырады.
Педагог ата-аналармен бірге жеке папкада суреттерді, қолдан жасалған ұсақ-түйектерді, фотосуреттерді, қызықты сөздер мен балаларға арналған «жағымды жаңалықтарды» жинайды. Портфолиомен жұмыс істеу балаларға өздерінің жетістіктерін талдау, оларды жақсы көретін, қорғай алатын және оларды қажет ететін жақын адамдардың бар екендігін түсінулері үшін қажет. Бұл материалдар баланың жеке тұлға ретінде өсу қарқынының көрсеткіші болып табылады.
Осылайша, жаңа технологияларды қолданудың, кәзіргі замандағы балалардың білім деңгейінің, шығармашылық қабылеті мен қызығушылығының артуына тиімді түрде әсер ететіні туралы айтуға болады.
Болашақ ұрпақтың жаңа технологияларды қолданудың негізінде шығармашыл жеке тұлға ретінде қалыптасуы,жан*жақты білім алуы үшін жағдайлар жасауы-әрбір педагогтың міндеті Тәрбие.орг сайтынан Инновациялық әдістер мен тәсілдерді қолдану Балабақшаға арналған презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Косаева Гульмира Ергенбаевна

Тараз қаласы №1 балабақша ортаңғы топ тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar