Кемел келешек кілті-тәрбиеде.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1110
  • Балабақшаға арналған презентациялар
  • 11/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18583


Тақырыбы: Кемел келешек кілті - тәрбиеде.

Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет.Жас шыбық иілгіш болса,жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім-олай болса құрметті қонақтар,ата-аналар,әріптестер бүгінгі Кемел келешек кілті-тәрбиеде

Мақсаты: Ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау, өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл-күйін көтеру,ата-ана бала тәрбиесіндегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Ата–ананың міндеті - мәдениеті адам тәрбиелеуге және өз баласын адал өмір сүруге бейімдеп, жүйелі білім алуына жағдай жасағаны дұрыс, ата–аналар жиналысына қатысып, тәрбиешілермен кездесіп, пікір алысып, баласының балабақша өмірімен толық араласуына және қоғамдық
іс-шараларға қатысуға бейімдеу.
Семинар бағдарламасы
1. “Танысу” тренинг
2.Баяндама
3.Ата-ана білу керек
4.Ата-ана ықпал ету тәсілдері
5. “Сағат” тренинг
6.Ой толғау
7. “Гүл теру” Сұрақ-жауап,пікірлесу.
8.Сергіту сәті
9. “Сіз өз балаңызды дұрыс тәрбиелеп жатырсыз ба? Сауалнама
10.Концерттік бағдарлама
11.Қорытынды

1. “ Танысу“тренингі

Ата-аналар өздерінің есімдерін,баласының есімін айтып және өзге ұлт өкілдерінше қимылмен амандасады.
Мысалы: Үнділерше амандасу қимылмен.
Италияда бір-бірімен құшақтасып амандасады.
Бразиллияда бір-бірінің иығынан қағып амандасады.
Никарагуада иықтармен амандасады.
Қазіргі гректер “Аман бол” деген сөзбен амандасады.
Арабтар “Әлем сенімен”деп амандасады.
Австралияда үш әрекетпен амандасады:қол соғады,
секіреді,жамбасымен қағып амандасады.
Индияның мұсылмандары бес саусақты ақырын бүгіп, бетіне жақындатып,ассалаумаликум деп амандасады.

2. Баяндама: Кемел келешек кілті-тәрбиеде

3. “ Сағат “ тренинг

Тренингке қатысушылар арасында жағымды әсер қалыптастыру, жақсы көңіл-күй сыйлау.
1.Қолымызды қысамыз.
2.Арқасын қағамыз.
3.Күлімсіреңіздер
4.Қол бұлғаңыз
5.Көзіңізді қысыңыз.
6.Тізелеріңізді түйістіріңіздер
7.Қол ұстасып айналамыз.
8.Беттерінен сүю
9.Массаж жасаңыз
10.Арқаларыңызды үйкеңіз
11.Төс қағыстырыңыз
12.Бір сөйлеммен тілек айтыңыз.

4.“Гүл теру” сұрақ-жауап, пікірлесу

(Әуен ойналып тұрады,арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) Ата-аналар орындарынан тұрып,гүл теруге шығады.Бір-бір гүлден алады.Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Сол сұрақтарға жауап беру.
1.Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?
2. Балаңыз сізді ренжітті,сіздің іс әрекетіңіз?
3.Сіздің бойыңызда,Сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?
4.Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба,әлде балабақшаның жауапкершілігі басым ба?
5.Балаларда қызғаныш,өзімшілдік мінездің қалыптасуы неден?
6. “Өнегелі отбасы” дегенді қалай түсінесіз?
7.Бала деген кім?
8.Балаларыңыз игілік істер істесе оларды қалай мадақтайсыз?
9.Балабақшаға неше жасында келді?Таңертеңгі балабақшаға жинақталуды көрсетіңіз,қандай жылы сөздер айтасыз?
10.Отбасы тәту-тәтті өмір сүру үшін не істеу керек?

Қорытынды:
Бала тәрбиесі ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді.
Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды
жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар
бейне екенімізді ұмытпайық.
Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып,
дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге
атсалысайық.. Тәрбие.орг сайтынан Кемел келешек кілті-тәрбиеде. Балабақшаға арналған презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алимбекова Нұржамал Таупаевна

Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би кенті, "Балдәурен" бөбекжай балабақшасы Психолог

Пікірлер: 0

avatar