Хореография негізі балабақшада

  • Жүктеулер: 48
  • Көрсетілім: 2140
  • Балабақшаға арналған презентациялар
  • 22/Июл/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19295


Хореография негізі балабақшада
Би-саз ырғағымен түрлі қозғалыстар жасап орындалатын,көңіл күйге негізделе көрсетілетін көне өнер түрі,адамның ішкі жан дүниесін байытып,жанын тазартатын құдіретті өнер. Би- сөзсіз,тек бишіннің дене қимылымен,бет-әлпетін әңгімелейді.Әңгімені би тілімен жүргізу үшін бишінің ерекше табиғи қасиеті,дарындылығы болуы маңызды және бұл өнер түрін балабақшалар мен мектептерде жоғарғы деңгейде іске асуы қажет.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі кезеңде балалардың ақыл-ой қабілеттерін жан-жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде,себебі осы кезеңде балалардың таным қабілеттерін дамыту мүмкіндіктері мол.Бала бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар.Сол қасиеттерді дамыту ісі дәл балабақшада басталмақшы.
Бидің түрлері өте көп.Соның ішінде өзіміздің ұлттық билеріміздің алар орны ерекше. Ұлттық би өнері дастандарда,ертегілерде,батырлар жырларында да айтылып отырады.Атап айтсақ ,«Қаражорға», «Бүркіт биі», «Қаз-қатар», «Аю-би», «Киіз басу», «Аққу», «Насыбайшы»,«Құсбегі-дауылпаз», «Өртеке» және т.б. Қазақ билері көбіне көп нақты белгілі бір тұрмыс-тіршілікке құралады да халықтың бейне болмысының айнасына айналады.Ол елдің сән-салтанатын,ерлігін,елдігін,қайғы-мұңын,әл-қуатын сан мыңдаған қимылмен,қозғалыспен баяндайды.
Биде тәрбиеленген балалардың жүріс-тұрысы,дауыс ырғағына дейін,жақсы есте сақтау,зейін, ішкі сезімнің дамуы ұшқыр қиалмен ерекшеленеді. Би өнері баланың эстетикалық мәдениетін дамыту арқылы баланың бойына адамгершілік негіздерін қалыптастыру,өз халқын төл рухани мәдениетінің қыр-сырын,салт-дәстүрін білген тұлға елінің патриоты ғана емес,өзге ұлттың да болмысын құрметтей білетін,ұлттық санасы биік,өркениеттің көшіне ілесер, жан-жақты жас ұрпақ тәрбиелейтініміз сөзсіз.
Ай – Сана балабақшасының хореографы Жанерке Абилдаева Тәрбие.орг сайтынан Хореография негізі балабақшада Балабақшаға арналған презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абилдаева Жанерке Тойшыбекқызы

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы Ай-Сана бөбекжай балабақшасы Хореограф

Пікірлер: 0

avatar