Мектепке дейінгі жастағы балаларға дене белсенділігі-денсаулық негізі ұғымын түсіндіру

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 800
  • Балабақшаға арналған презентациялар
  • 17/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21063


Аты-жөні: Гильманова Маншук Сарсенғалиқызы
Ғылыми атағы,дәрежесі,лауазымы:Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бакалавры, Аға тәрбиеші.
Мекеме атауы,бөлімшесі: Қаракөл бастауыш жалпы білім беретін мектебінің жанындағы «Балбөбек»шағын орталық
Мекен-жайы,телефон,Е-mail: Батыс Қазақстан облысы. Казталов ауданы .Қаракөл елді мекені 8771 595 50 57 manshuksultan
Мақала атауы:

Мектепке дейінгі жастағы балаларға дене белсенділігі-денсаулық негізі ұғымын түсіндіру

«Табиғат адамға денсаулықты өлшеп, еңбегіне қарай береді. Өз денсаулығыңа еңбек сіңіре біл, басқа ештеңенің керегі жоқ.»
Порфирий Корнеевич

«Денсаулық – зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәріде болады. Денсаулық – табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтының талаптарын білу керек.Оларды күн сайын,үнемі орындап отыру керек.Күн тәртібін орындау,дұрыс тамақтану,жағымсыз әдеттерден бас тарт.уЕгер біз күн тәртібін сақтасақ,онда бір күнде көп нәрсені жасап үлгереміз.Біз уақытымен тамақтансақ,Үй тапсырмасын орындасақ,таза ауада серуендесек,уақытымен ұйықтауға жатсақ онда біз шаршамаймыз.Осы әрекеттердің бәрі денсаулықты сақтауға,нығайтуға көмектеседі.Денсаулықты сақтаудың тағы бір кепілі-адамның өз ағзасын түрлі аурулардан қорғап отыру қажет.Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет.
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.
Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты. Әр адам дені сау, күшті, сергек, бақытты болуға ұмтылады.
«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен бақытты болады өмір » дегендей, дені сау , құрыш білікті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсейік.Денсаулық - өмір жалғасының сәулесі. Өз саулығыңа қамқор болсаң , жаныңа үнемі сәттілік серік болады.Денсаулық-табиғат заңдарына сәйкес келетін заңдылық,ал ауру-кездейсоқтық .Сондықтан ауруды емдегеннен гөрі денсаулықты сақтап,аурудың алдын алған жеңілірек.Денсаулықты сақтаудың тағы бір кепілі-адамның өз ағзасын түрлі аурудан қоғап,дене шынықтырумен,өзінің жақсы көретін ісімен айналысу болып табылады. Әр адам өз денсаулығын сақтауы шарт.
Бірінші- ерте тұру;
Екінші-орта тазалығын сақтау;
Үшінші-дене шынықтыру;
Төртінші-үнемі денені таз ұстау;
Бесінші-сергек жүру;
Алтыншы-артық тамақ ішпеу;
Жетінші-көп ұйықтап жалқау болмау. Деген сияқты Ұлықпан Хәкімнің айтылған жеті өсиетін орындалса,еліміздің ішкі,сыртқы жауларынан қорғайтын дені сау,саналы,толыққанды адам болып өседі.
Дені сау, денешынықтыру және спортпен шұғылданатын тәні сау ұрпақ тәрбиелеу мақсатында балабақша тәрбиешілері осындай іс-шараларды үнемі өткізіп тұру керек. Тек ойлап қарасаныз, денсаулық -адам баласына табиғат сыйлаған ең басты байлық. Сау кезімізде сол теңдесі жоқ табиғат сыйының бағасы мен қадірін білмейтінімз өкінішті-ақ! Мордва халқының: «Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін, енді қайтып толтыра алмассың есесін» деген мақалы бар екен. Сол айтылғандай, денсаулықты оп-оңай жоғалтып алуға болады, оны қайта қалпына келтіріп түзету өте қиын. Себебі адам организмінің қалыптасқан қызметі бұзылған соң, тез арада жөнделе салуы мүмкін емес. «Егер әр адам ақылға салып, табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигиеналық тәртіпті бұзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей ұзақ өмір сүрген болар еді… Сол себепті адамзатты гигиеналық режимдерді аса бұзбай, дұрыс өмір сүруге балаларды баулу қажет. . Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалардың қолында.Денсаулықтың негізгі құрамды бөліктері мыналар:
1.Дене саулығы-қалыпты дене бітімі сымбатты болуы,қимыл белсенділігі,шамасы келген жұмысты істей алу қабілеті.
2.Психикалық саулық-жан дүниесі,көңіл күйін жақсы болуы,есте сақтау қабілеті,мінез-құлығы.
3.Әлеуметтік саулық-құрбы-құрдастарымен жақсы қарым-қатынасы,тәрбиешілері мен ата-анасына деген көзқарастары,зиянды әдеттерге қарсы тұра білу қабілеті,өзін жеке тұлға ретінде сезіне алуы.Дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысу адамның денсаулығын нығайтады.Қажуға теріс эмоцияларға қарсы тұру,кикілжің және басқа жағдайлардан аулақ болуға мүмкіндік туғызады.Сау болғың келсе,денсаулығыңды үнемі бақылап отыру керек.Денсаулығы жақсы,өзін күте білген адам әрқашан сергек жүреді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру — біздің міндетіміз. Денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы — зиянды, жат қылықтарға (арақ ішу, темекі тарту, т.б.) үйренбей, салауатты өмір сүру, аурудың айықпас сырқатқа айналуына жол бермеу немесе алдын ала сақтандыру шараларын қолдану болып табылады. Табиғат ана мейірбан ғой: қимыл-әрекет жасап, біраз алқынып, терлеп-тепшіп, қан тамырыңыз екі есе қатты соғатындай етіп, күніне 20-30 минуттан дене шынықтырумен айналыссаңыз жетіп жатыр.Егер осы уақытты екі есе көбейтсеңіз тіпті жақсы. Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі болды,
Олар:
Физикалық денсаулық – ағза жүйесі мен органдардың өсу деңгейі. Оның негізін морфологиялық және функциялық кезектер қалайды. Олар ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.
Соматикалық денсаулық – Ол адам ағзасы мен органдарының арасындағы биологиялық жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының биологиялық бағдарламасы.
Психикалық денсаулық – ол адамның психикалық сферасының жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау. «Адам өмірінің мақсатын болжау, мұның бәрі биологиялық және әлеумсттік қажеттіліктен туындайды. Ағзасында функциялардың өздігінен реттенуі, функциялық үрдістердің келсімді турде отуі, айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дөрежелі жағдайда болуы.
Рухани денсаулық — ол адамдардың информацияны қабылдау қабілеттілігі мен мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынистардың сипаттамасын көрсетеді. Оның негізгі бағалық жүйесі, индивидтердің қоғамдағы орны мен оның мотивті түрде орнығуын баяндайды. Ол адамның көңіл-күйін анықтайды. Өйткені рухани денсаулық жалпы адамдардың жомарттылығын, сүйіспеншілігін және жан-дүниесінің сұлулығын көрсетеді.
Адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулығымыз – байлықтан да қымбат. Біз үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз.Бір сөзбен айтқанда,осы денсаулық жылына байланысты балалар құрыш білекті,салауатты өмір салтын қалыптастыруға дайын болу үшін денсаулыққа мән беру туралы көптеген мәселелерге көңіл бөлуде.Сондықтан да ерінбей жаттығу түрлерін жасап,уақытылы тамақтанып,таза жүрсек,аурудың алдын аламыз,яғни дені сау,қоғамымызға пайдалы,отбасына тірек болатын азамат,азаматша болып шығады деп есептеймін.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған валеология негіздері кітабы
2. Журнал «Денсаулық»
3. Балабақшадағы балалардың тілін дамыту әдістемесі, Алматы – 1985 жыл 4.Ядышко В.И., Сохин Ф.А. Мектепке дейінгі педагогика. А.: «Мектеп», 1982. 5. «Салауаттану» Алматыкітап -2004 Тәрбие.орг сайтынан Мектепке дейінгі жастағы балаларға дене белсенділігі-денсаулық негізі ұғымын түсіндіру Балабақшаға арналған презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Гильманова Маншук Сарсенгалиевна

Б.Қ.О Казталов ауданы,Қаракөл ауылы."Балбөбек"шағын орталығы Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығы.Тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar