Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Наурызым, армысың!
  • 09.04.2016
  • 405 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18557

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (13.3Kb)

Құрметті ата-аналар, бүгінгі мерекеге шақырылған қонақтар! Қош келіпсіздер! Бүгінгі ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын.

. Наурызбенен ұласып көктем жеткен
Үлкен-кіші көңілін көкке өрлеткен
Жан-жануар,табиғатты түрлендіріп
Ескі жылмен өкпе, реніш бірге кеткен

Жаңа жыл тек жақсылық алып келсін, төрт түлігіміз төлдесін, ақ мол болсын. Еліміз, жеріміз аман болсын. Бүлдіршіндеріміздің мерекеге арналған әнін қабыл алыңыздар.
Хор«Қарлығаш»
Залға әдемі киәнген әже кіріп, шашу шашады.
Балалар: Сәлеметсіз бе, әжей!
-Амансыңдар ма, балаларым, армысыңдар қонақтар!
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын, Наурыз әр отбасына құт береке әкелсін. Бұл күні адамдар таза әдемі киімдерін киіп, үй –үйлерді аралап, бір-бірімен көрісіп жақсы тілектер айтады. Бұл күні наурыз көже пісіріліп, қонақтарға таратылады. Мен де бүгін әдемі киімдерімді киіп, сендердің Наурыз мерекелеріңді тамашалауға келдім.
Жүргізуші: Олай болса әжейге біз өнерімізді көрсетейік.
Еркеайым:
Уа ағайын халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық

Керейхан:
Жыл басы-Наурыз мереке
Ақ нұрға әлем бояны
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды

Ботагоз:
Дайын болды сүйегі
Киізі мен жабдығы
Туырлық үзік түндігін
Ретін де оның табамыз

Нұртай:
Көктем келді балақай
Жасанды жер алақай
Наурыз тойын тойлайық
Әсем әнге салайық.

Жүргізуші:
Ән салып, би де билеп шаттаныңдар
Наурыз тойын шаттанып атқарыңдар
Жадырасын бұл күні бүкіл өңір
Жығылмасын бәйгеде шапқан ұлдар
Би «Батырлар биі»

Жүргізуші: балалар, сендер биді өте жақсы билейді екенсіңдер, ал күштерің қандай екен, күш сынасамыз ба? Наурыз тойында балуандар күштерін батырлақтарын ортаға салып , өз өнерлерін көрсеткен, біз де күшімізді сынап көрейік.
Ойын «Күш сынасу». « Арқан тартыс»
Ән «Қошақан»
Тақпақтар:
Бекзат:
Жылдың басы наурыз
Жырлың басы Наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр-әніміз

Ақбота:
Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық бақыт тілейміз
Бүкіл қазақ еліне

Едіге:
Наурыз тойы, наурыз тойы
Құтты болсын халайық
Қане достар қол ұстасып
Шырқап әнге салайық

Жүргізуші: Бүгін ұлыстың ұлы күні, ақ түйенің қарны жарылған күн. Халқымыз осы құтты күні салт-дәстүрлерді, жол-жоралғыларды осы күні орындауға тырысқан. Сол салт-дәстүрлеріміздің бірі- тұсау кесу рәсімін әжей бізге көрсетпек.
«Тұсау кесу» рәсімі

Таир:
Көктем келді, балақай
Жаңарды жер алақай
Наурыз тойын тойлайық
Әсем әнге сал, апай

Көркем:
Наурыз келді сән құрып
Жасарып жер жаңғырып
құлпырады жер мен көк
Мейірімді таң күліп

Жүргізуші:

Күй ойнайды қазағымның жанында
Күй ойнайды қазағымның қанынды
Жүрегінің жүрегінің дүрсілі
Күмбірлеген домбырасы бабында- деп қыздарымыздың орындауында «Домбыра» биін қабыл алыңыздар.

Құрметті қонақтар. Бүгінгі Наурыз тойына арналғн мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Наурыздан Наурызға аман -есен жете берейік. Сау болыңыздар. Тәрбие.орг сайтынан Наурызым, армысың! Балабақшаға арналған презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мукашева Гуляйм

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы МКҚК "Самал" балабақшасы Музыка жетекшісі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшаға арналған презентациялар
Көрсетілім: 405 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar