Қош келдің Жаңа жыл

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 1501
  • Балабақшаға арналған презентациялар
  • 25/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18825


Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру. Көңіл күйлерін көтеру. Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну. Жақсылыққа, достыққа, бір-бірен бауырмалдық көрсете білуге тәрбиелеу.
Мереке өтетін топ әдемі безендірілген, шыршада ойыншықтар ілінген, шырша шамдары өшіп тұр. Жаңа жылдық музыка ойналып жатыр. Балалар мерекеге сай әдемі киінген.
Жүру барысы:
Армысыздар қадірменді ата-аналар, қонақтар бүгінгі «Балбөбек» топ бүлдіршіндерінің жаңа жылдық ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Барлығыңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Жүргізуші:
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Тақпақ айтып, би билеп,
Жаңа жылды бастайық!
-Міне, балалар көптен күткен Жаңа жылымызда келіп қалды. Балалар, Жаңа жылдарың құтты болсын!
-Шыршамыз қандай әдемі, әсем ойыншықтармен безендірілген. Бірақ, балалар шыршамыздың шамдары жанып тұрған жоқ, я? Неге екен? (балалар ойналады)
-Ендеше балалар шыршамызға арнап тақпағымызды айтайық, мүмкін шыршамыз жанып қалар.
Тақпақтар:
Кел, билейік, үйренейік,
Ол келгенше Жаңа жыл. (Азиза)
Мерекеге келдік,
Тақпақ айтып бердік.
Ойыншықтарын тізген,
Шыршаны да көрдік. (Исмайл)
Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты баршаны. (Нұрасыл)
Аппақ күміс бар әлем,
Зымыраймыз шанамен. (Аяулым)

-Балалар, шыршаға арнап тақпақ айтсақ та шыршамыз жанатын емес, я?!
Енді не істесек екен?!
-Балалар ендеше бәріміз бірге шыршаны айнала ән шырқайық.
Ән: «Шырша жыры»
-Ой, балалар, біз шыршаға арнап тақпақ та айттық, ән де шырқадық, бірақ шыршамыздың шамдары әлі де жанатын емес, енді не істесек болады екен, айтыңдаршы балалар?!
(Музыка ойналып, ішке Ақшақар мен Жаңа жыл кіреді)
-Балалар, бізге қонаққа Ақшақар келіпті. Бірақ Ақшақар жалғыз келмепті, өзімен бірге Жаңа жылды да еріте келіпті. Кәне, бәріміз бірге қарсы алайық.
Балалар: -Сәлеметсіздер ме, қош келдіңіздер.
Ақшақар: Ақшақармын аппақпын,
Қалай тыныш жатпақпын.
Менсіз қыстың сәні жоқ,
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
-Балалар мен өзіммен бірге Жаңа жыл Мешін жылын ерітіп келдім. Енді Қой жылын шығарып салып, осы жыл бойы Мешін жылымен бірге боласыңдар.
Мешін:
Жүргізуші: Ақшақар, Жаңа жыл, жаңа жыл мерекесіне қош келдіңіздер. Сіздердің де Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
Айналада ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт-құлт еткен бейне бір,
Ақ қанатты көбелек.
Кәне, менің ақұлпа қарларым қайда, маған қарай ұша қойыңдар.
Би: «Ақұлпа қарлар» биі
Ақшақар: Біз сіздерге құр келгеніміз жоқ. Сендер Аяз атаны көргілерің келе ме?
Балалар: Иә, көргіміз келеді.
Жүргізуші: Ендеше балалар, бәріміз сахнаға назар аударайық.
(музыкамен қуыршақ Аяз ата келеді)
Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мені танып тұрсыңдар ма? Мен Аяз атамын. Мен сонау алыс орманнан келдім. Сендер маған ән айтып, тақпақ айтып берсеңдер, менің де сендерге арналған сыйлығымды беремін.
Жүргізуші: Біздің балалардың Аяз атаға арнаған тақпақтарын тыңдаңыздар.
Тақпақтар:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оранып. (Асхат)
Аяз ата келді,
Тамашаны көрді.
Риза болып қуанып,
Бізге сыйлық берді. (Аймекен)
Жаңа жыл, Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр. (Айым)

Ән: «Аяз ата» әні
Аяз ата: Жарайсыңдар, балалар. Сендер әнді де айттыңдар, тақпақты да жақсы айттыңдар. Менің сыйлығымды немерем Ақшақар сен алып балаларға бере ғой.
Жүргізуші: Аяз ата біздің шыршамыздың шамдары жанатын емес, біздің балалар шыршаға арнап ән де, тақпақ та айтты. Бірақ, шыршамыздың шамдары жарқырайтын емес. Солай ма, балалар?
Балалар: иә, жанбай тұр.
Аяз ата: Ой, неге жанбай тұр, қазір мен көрейін.
(Аяз ата сыйқырлы таяғымен): «Жарқыра, жарқыра, шамдарыңды жарқырат» деп 3 рет айқайлайды. Сол кезде шыршаның шамдары жарқырап жанады. Балалар қуанып, шапалақтайды.
Жүргізуші: -Балалар қараңдаршы, шыршамыз жарқырап тұр, қандай керемет, солай ма балалар?! Ендеше Аяз атамызға рахметімізді айтып қоштасайық.
Балалар: Рахмет. Сау болыңыздар.
Ақшақар: Сау болыңдар, балалар.
Аяз ата: Бүлдіршіндер, Жаңа жылды жақсы қарсы алыңдар. Мені келесі топ балалары да күтіп отыр, соларға барайын енді. Сау болыңдар.
(Ақшақар мен Аяз ата қоштасып шығып кетеді).
Мешін: Балалар, міне мен енді осы бір жыл бойы сендермен бірге боламын.
Мерекемізді одан әрі жалғастырайық. Сендердің ойын ойнағыларың келе ме?
Ойын: «Қар жинау»
(Балаларға ойын шарты түсіндіріледі).
Жүргізуші: -Балалар, сендерге ойын ұнады ма? Бүгінгі мерекеде көңілдеріңнен шықты ма?
Жүргізуші: - Бітуге қалды таяп - ай,
Не қыласың аяп - ай.
Қане, халқым, қол соқшы,
Жаңа жылда аямай.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!! Тәрбие.орг сайтынан Қош келдің Жаңа жыл Балабақшаға арналған презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қосмағамбетова Айгерим Мырзағалиқыз

Атырау облысы, Атырау қаласы, №59 "Ақбөбек" балабақшасы Балабақша тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar