Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Пішіндер бізде қонақта
  • 13.04.2016
  • 785 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18606

Пішіндер бізде қонақта

Білім саласы: Біріктірілген сабақ. Таным. Сурет.
Тақырыбы: "Пішіндер бізде қонақта."
Мақсаты: Балалардың пішіндер туралы білімдерін; оларды ажыратып атай білуге үйрету; пішіндердің бақылау арқылы айналадағы заттардың, пішіндерінің ұқсастығын салыстыра отырып, ажырата білуін және ой өрісін жетілдіру; ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту; ұқыптылыққа және қарапайым сұрақтарға дұрыс жауап беріп, жеткізе білуге тәрбиелеу мен қатар интерактивтік тақтаны пайдалану.
Тәрбиеші: Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар
Қайырлы таң апайлар
Тәрбиеші:
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Балалар сендер қыс туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Балалар:
Бір топ бала далада,
қардан соқты аққала.
Мұрны қызыл үп - үлкен,
көзі көмір қап - қара.

Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады
Жып – жылтыр боп жатады.

Қуаныштың бүгінгі,
Басылмайды ыстығы.
Жылдамырақ жүруді,
Үйретеді қыс күні.
Тәрбиеші: Балалар сендер ұйқыдан оянғанда терезеден нені көресіңдер?
Балалар: Күнді көреміз
Тәрбиеші: Күн бізге несін береді?
Балалар: Жылуын, жарығын, сәулесін береді.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар, ал енді кәне бәріміз шеңбер құрайықшы.
Тәрбиеші: Балалар біздер неге ұқсадық.
Балалар: Күнге, допқа, шарға т. б.
Тәрбиеші: Балалар бір – бірімізге күлкі сыйлайықшы.

Мысық, мысық тұршы
Беті – қолыңды жушы.
Шашыңды тарашы
Айнаға қарашы.
Тосын сәт:
Есік қағылып ішке МЫСЫҚ кіреді.
Тәрбиеші: Саламатсыз ба, МЫСЫҚ
Мысық: Саламатсыңдар ма, балалар. Мені таныдыңдар ма? Осы топта жақсы оқитын балалар көп деп естідім, сондықтан мен сендердің сабақтарыңа қатысып, сендерге біраз жұмбақ жасырайын деп едім. Ол жұмбақтар геометриялық пішіндер туралы. Ал енді ол жұмбақтарды таба алар ма екенсіңдер?
Атына сай балалар,
үшбұрыш, үш жағы бар
ол пішінді кім табар?

Балалар жауабы:
(үшбұрыш) (слайд көрсету)
Мысық: Дұрыс айтасыңдар, балалар
Ішке үшбұрыш кіреді
Тәрбиеші: Балалар, бұл геометриялық пішін - үшбұрыш деп аталады. Оның үшбұрышы бар. Үшбұрыштың түсі қандай екен?
Балалар: Сары.
Тәрбиеші: Менің қолымдағы үшбұрыштардың көлемдері қандай?
Балалар: үлкен және кіші
Тәрбиеші: Алдарындағы пішіндердің ішінен үшбұрышты көрсетіңдерші.
Тәрбиеші: Балалар үшбұрыштар неге ұқсайды?
Балалар: Үйдің шатырына, тұмарға
Мысық: Ал енді мен келесі жұмбағымды жасырайын -
Төрт бұрышы бар,
Төрт қабырғасы бар
бұл қай пішін?

Балалардың жауабы:
(төртбұрыш) (слайд көрсету)
Мысық: Қандай білгіш балаларсыңдар! Төртбұрыш неге ұқсайды?
Тәрбиеші: Мысықтың сұрағына дұрыс жауап берейікші.
Балалар: Терезеге, тақтаға, жастыққа т. б.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, ал енді осы алдарындағы пішіндердің ішінен төртбұрышты көрсетіңдер. Дұрыс айтасыңдар балалар. Ал менің қолымдағы төртбұрыштың түсі қандай?
Балалар: Қызыл төртбұрыш
Тәрбиеші: Қараңдаршы мысық көңілсіз болып қалды ғой, сұрап көрейікші неге көңілсіз екен. Мысық саған не болды?
Мысық: Маған мен туралы тақпақ айтып, менің келбетімді геометриялық пішіндер арқылы жасап беріңіздерші, мен балаларыма ала барайын.
Тәрбиеші: Балалар сендер мысық туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар:
Тікірейіп құлағы,
Елден бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады.
Мысық: Балалар мен қатты қуанып қалдым.
Ендеше тағы да бір жұмбақ жасырайын

Допқа өзі ұқсайтын,
Ерекше бір пішін бар.
Атын оның атаңдар

Балалар:
(дөңгелек, шеңбер) (слайд көрсету)
Тәрбиеші: Түсі қандай екен?
Балалар: Қызыл түсті.
Тәрбиеші: Дөңгелек неге ұқсайды?
Балалар: Допқа, алмаға, күнге т. б.
Тәрбиеші: Ал енді алдымызда жатқан дөңгелек пішінді көрсетіп, алдымызда жатқан мысықтың суретін бояп, оны мысыққа сыйлайық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар рахмет сендерге, ал енді осы суреттерді мысыққа сыйлайық.
Мысық: Барлықтарыңа рахмет, жақсы бала болып, өсе беріңдер.
Тәрбиеші: Қане, бәріміз үлкен шеңбер құрып, келген қонақтармен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық! Тәрбие.орг сайтынан Пішіндер бізде қонақта Балабақшаға арналған презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Тажиева Багыт-жан Қуанышбайқызы

Алматы облысы, Талдықорған қаласы, №6 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ. Тәрбиеші

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Балабақшаға арналған презентациялар
Көрсетілім: 785 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar