“Жапырақсыз ағаш”

  • Жүктеулер: 234
  • Көрсетілім: 1046
  • Балабақшаға арналған презентациялар
  • 19/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19065


Көктем мезгіліндегі жапырақсыз ағаштың бейнесін бере білуді үйрету. Жапырақсыз ағашты салу техникасымен таныстыру. Эстетикалық талғамдарын дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Әдіс-тәсілдері: Эбру техникасы, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап. Көрнекілігі: ұн, су, крахмал, желім, ақ парақ, таяқша, қыл қалам, акрилді бояулар, пластмас ыдыстар. Эбру – бұл ерекше графикалық қайталанбайтын су бетіне салынатын көркемсурет техникасы. Пәкістан мен Түркия аймақтарында кеңінен тараған өнер түрі. Европада 17 ғасырда эбру техникасы «Түрік қағазы» атпен таралған. Ғажайып құбылысты суретшілер суда ерімейтін арнайы майлы бояулар арқылы жасайды. Нәтижесінде мата немесе қағаз бетіне көшіріп алуға болатын өрнек пайда болады. Эбру әдісімен салынған сурет ешқашан бір-біріне ұқсамайды, әрбір салынған сурет өз ерекшелігімен танғалдырған.   Тәрбие.орг сайтынан “Жапырақсыз ағаш” Балабақшаға арналған презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Г.Пірманова

Пікірлер: 0

avatar