Қазақ бейнелеу өнері

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 713
  • Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
  • 07/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20865


қазақ бейнелеу өнері 5-сыныптың бейнелеу өнері пәні бойынша өткізілген күнделікті сабақ жоспарыСабақтың мақсаты: Оқушыларға сабақты түсіндіру. Көне заманнан келе жатқан ою-өрнектің қыр-сырына мән беру. Ұлт өнерін, мәдениетін түсінуге, бағалауға , үйрету. Қызығушылықтарын арттыру
Білімділігі: Ұлттық өнер түрлерімен таныстыру.
Тәрбиелік мақсаты: Ою-өрнек оқушының ой-өрісін жан-жақты дамуына, халқымыздың асыл мұрасын, салт- дәстүрімен өнерін
құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс : Тарих, биология, астрономия.
Көрнекіліктер: Ою-өрнек түрлері, қолөнер бұйымдары.
Сабақ барысы :
1. Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Ою-өрнек өте ежелгі өнер. Тарихи-ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою-өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып келе жатыр. Ою-өрнектің атауы мен түрлері өте көп. Көп ғалымдар бүгінге дейін 200-дей түрін анықтаған. Соның ішінде мүйіз тектес ою көп тараған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Архиологиялық қазба жұмыстарында табылған керамикалық ыдыстардың біразы геометриялық ою-өрнектермен, яғни ирек қалыппен өрнектелген. Ою-өрнектің мазмұндық ерекшелігі бар. Тарихы мол өнер. Ирек-су, дөңгелек-ай, құсқанаты оюы – еркіндік, азаттық, бейбітшілік , қошқар мүйіз оюы-молшылық , байлық — мазмұнын берген. Ою-өрнек ерте кезден-ақ жазу, сызу болмаған кезде дамыған. Адамдар алғаш рет ағашқа, тасқа , сүйекке сала бастаған. Заман ағымына қарай ою-өрнектер де дами түсті. Ою-өрнектер 3 топқа бөлінеді.
. Тәрбие.орг сайтынан Қазақ бейнелеу өнері Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Рахимжанова Бакет Айткешевна

Ақмола облысы целиноград ауданы Новоишимка ауылы №32 орта мектеп сызу және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar