Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қазақ халқының ою-өрнектері
  • 14.04.2016
  • 565 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18614

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ою-өрнектері.
Орындаған:Ескожанова Гулжан Рахимбаевна
Сурет және сызу муғалімі: Алматы облысы Жамбыл ауданы
Ұзынағаш ауылындағы «Өнер мектебі»
Мектеп директоры: Ермекбаева Жанар Өмірбековна

Сабақ мақсаты: Халық мұрасы өю-өрнек туралы білім беру,оюдың түрлері,шығу тарихын әңгімелеу.Қазақтың ұлттық өю-өрнегімен,халық өнерін таныстырып қастерлеуге тәрбиелеу,әсемдікке ,іскерлікке,шеберлікке,еңбек сүйгіштікке баулу.
Сабақтың түрі: Аралас
Пән аралық байланыс: Сызу,бейнелеу,қазақ әдебиеті,тарих.
Сабақтың көрнекілігі: Өю-өрнек түрлері тұрмыстық бұйымдар,тілік сызбалар,суреттер,мақал-мәтелдер жазбасы, жұрналдар,қайшы,қағаз,түрлі түсті қағаздар,қарындаштар.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.Техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
2.Жаңа сабақ бөлімі.
Өюлар ауылына саяхят.
Кіріспе
Адамдар ертеден-ақ қоршаған дүниені тасқа салып келген.Сыры кетсе де, сыны кетпей сақтап келе әсем ғимараттар,тас мүсіндер, сәндік қолданбалы өнердің інжу-маржандары ұрпақтың көркемдік талғамын дамытуға дәнекер болғаны сөзсіз.Осылай бірте-бірте ою-өрнек пайда болған.Өю-өрнек дегеніміз-әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құралған өрнек бөлшектері.Кейде осы сөзді латынның ornament (орнамент ),әсемдеу,сәндеу, деген сөзінен шыққан.Ол өрнек сөзін орыстың узор сөзінен қолданылған.Біздің халқымыздың тіршілігінде өю-өректің алатын орны үлкен.Ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып,дамып келе жатқан бірден-бір өнер.Шеберлер ою-өрнектің тілін,сырын,тарихын өте жақсы түсініп білген.Енді біздің міндетіміз ата-бабадан қалған ою-өрнек мәдениетін, әдет-ғұрпын,дүниетанымының ерекшіліктерінің жемістілігін көре отырып оқұшыларға үйрету, және сақтап барынша ұлықтанұымыз қажет.Өю-өрнектің атауы мен түрі өте көп.Ғалымдар бүгінге дейін 200-дей түрін анықтаған.Қолөнер шебері ұлттық ою-өрнектің хас маманы.Шөптібай Байділдаұлын айтпасақ болмас.Ол кісі 35жылдан астам уақыттан бері ою-өрнектің жасаумен шұғылданды.Ол кісінің 1500-ден астам ою-өрнек түрлері құрастырылып жасалған.Ою-өрнек түрлері бүгінге дейін түбегейлі жүйеленген жоқ.Кейбір зерттеушілер қазақ ою-өрнегін физикоморфтық және биоморфтық деп 2-топқа бөлген.Кейбір топтық жіктеулерді көбейте түседі.
-Ай,күн,жұлдыздарға, көк әлеміне байланысты ою-өрнектер;
-малға,малдың денесіне,ізіне байланысты;
-аңға,аңның денесіне,ізіне байланысты ою-өрнек;
-құрт-құмырсқаға арналған ою-өрнек;
-жер,су,өсімдік,гүл,ою-өрнектері;
-геометриялық тіліндегі ою-өрнектері;
Шын мәнінде ою-өрнектер тек әдемі ғана емес,терең мәнге танымға да ие.Халқымыз өмірден көрген түйгенін,ойларын әдемі шеберлік шешіммен ұштастыра білген.Әрбір бояу нақышқа дейін өзінше бір сыр аңғартады.
Тақтадағы ою-өрнек суреттері талқыланады;
Мақал-мәтел;
Өнер оң іспен тең,
Өнерпаз он кісімен тең.
Шебердің қолы көпке ортақ.
Өнер-ердің қанаты.
Өнердің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Өнерлі бала сүйкімдң.
Өнерлі өрге жүзеді.

Сарамандық жұмыс;
1. Ою-өрнектің эскизін қию.
2. Қағазды үш бүктеп өю.
3. Қалаған өз өюларынтүрлі түсті қағазға қию.
4. Алынған өюды басқа қағазға желімдеу,үлгілі оқушыларды бағалау.
Сабақты бекіту.
Балаңды өнерлі болсын десең,ұрпағыңды түзе. Біздің міндетіміз өю-өрнектің тілін,, сырын,тарихын өте жақсытүсіне білу.Ата-бабадан қалған өю-өрнекті, мәдени шежіремізді сақтап барынша ұлықтануымыз қажет.

Қосалқы сурет 1




Қосалқы сурет 2



Қосалқы сурет 3




Қосалқы сурет 4 Тәрбие.орг сайтынан Қазақ халқының ою-өрнектері Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ескожанова Гулжан Рахимбаевна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 565 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar