Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Бізде көп шарлар бар»
  • 05.06.2016
  • 455 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19167

Білім беру саласы: Шығармашылық

ҰОІӘ: Сурет салу

Тақырыбы: «Бізде көп шарлар бар».

Мақсаты: Трафераттың көмегімен бояумен сурет салу тәсілдерімен таныстыру. Оны бояуға салып, қағаз бетінде із қалдыруға үйрету. Бояудың сары түсін бекіту.

Әдістері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Көрнекілігі: Түрлі-түсті шарлар.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

                        Себепті қызығу

шылығын ояту кезеңі

Балалар шеңбер бойымен тұрады.

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты,

Жарқырайды күніміз,

Қайырлы таң! балалар.

Балалар бір-бірімен амандасып көңіл-күйлерін көтереді.

Ұйымдастырушылық- ізденіс кезеңі

Балалардың көңілін сиқырлы сандыққа аудару.

Қараңдаршы, бұл не?

Ашып көргілерің келе ме?

Сандық ішінен сары түсті шар ұшып шығады.

-Балалар, бұл шар екен.

Шардың түсі қандай?

Сиқырлы шар бізге сиқырлы әлемнен қонаққа келіпті. Шарымыз біздермен ойын ойнағысы келіп тұр. Ол үшін оған серіктес достары керек. Біз достарын салуға көмектесеміз бе?Олай болса бәріміз қарайық.  Шар түрлі-түсті болады. Пішіні-домалақ, сопақ.

Траферат қағаздың көмегімен шарды бейнелейміз.

 

Сергіту сәті:

Қызыл, сары, көк шар,

Қолымызды көп шар,

Әуеде қалқиды,

Әніміз шалқиды.

-Балалар біз сергіп алдық енді салған суретімізді шарға сыйлайық.

 

 

 

-Иә

 

 

 

-Шар

-Сары

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

Иә.

 

Балалар траферат қағазды ақ беттің үстіне қойып бояу арқылы шар бейнеледі.

Балалар сергіту сәтін орындайды.

Іс – әрекетті бағалау кезеңі

Балаларға шар ризашылығын білдіреді.

Балаларды мадақтау.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қарындашты дұрыс ұстап, жұмыс жасауды.

Қалыптасқан әдет: оқу іс-әрекеті кезінде қызығушылық танытты.

Меңгерді: шардың түрлі-түсті болатынын, пішінін.

Тәрбие.орг сайтынан «Бізде көп шарлар бар» Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жанылдык Смагулова

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар | Логин: Ұстаз
Көрсетілім: 455 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar