Киіз үйді бейнелеу

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1163
  • Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
  • 14/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18615


Орындаған:Қасымбекова Жанаркул Ахметкалиевна
Сурет және сызу муғалімі: Алматы облысы Жамбыл ауданы
Ұзынағаш ауылындағы «Өнер мектебі»
Мектеп директоры: Ермекбаева Жанар Өмірбековна

Сабақтың тақырыбы: Киіз үйді бейнелеу
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Ұлттық салт - дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді оқушылардың бойына сіңіре отырып олардың ой – өрісін, тіл мәдениетін, өзін - өзі ұстау мәнерін бағалап, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға үйрету.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелілік: Ізгілікке, имандылыққа, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ болуға,адамға тән адамгершілік пен адалдық қасиетікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Киіз үй бейнеленген фотосуреттер,қазақ үйдің макеті, бейне слайдтар,мақал-мәтел жазылған қанатты сөздер, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті бояулар, формат А4 сызба қағазы.

Сабақтың барысы:
а)Ұйымдастыру кезеңі.
ә)Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Оқушылармен өткен тақырыпқа шолу жасау,қайталау жұмыстары. Жаңа тақырыпқа көшу.
б)Жаңа тақырыпты түсіндіру
Дегенмен де ұлтымыздың бұл ерекше баспанасы туралы қызықты да ұзақ әңгіме қозғауға болады. Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болып келген.Оның ішінде қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келеді.
Мал шаруашылығымен айналысып, көшпелі өмір сүретін адамдар үшін киіз үй қыста да, жазда да қолайлы баспана болып саналған. Ең кереметі: киіз үй көшіп жүруге ыңғайлы әрі жеңіл. Оны жарты сағатта жығып, тағы сондай уақытта тігіп үлгеруге болады екен.Қазақ халқы көнеден келе жатқан осы дәстурді, баспанаға деген ыстық ықыласын бүгінгі күнге дейін аялап жеткізе білді. Киіз үй қазақ халқы үшін тек жеңіл де қолайлы баспана ғана емес, сонымен қатар ол - халық мұрасы.Киіз үйді құру дәстүрі де бағзы заманнан бері өзгермей келе жатыр. Үй тігіліп жатқанда отбасына бақыт пен қуаныш орнасын деген ниетпен әрқашан көңілді әзіл-күлкі толастамайды. Киіз үйдің есігі, әлбетте, шығысқа қаратып тігіледі. Себебі ақын жанды қазақ, үйге бірінші қонақ - күннің сәулесі түсуі тиіс деп санаған. Шаңырақ – отбасылық қасиетті құнды реликвиясы. Киіз үйдің кереге, уықтарын әйелдер құрастырса, шаңырақты көтеру – отағасының немесе рубасына міндеттелген.Шаңырақ көтерілгеннен кейін оның шеңберіне әткеншек ілініп, оған қыз бен ұл баланы отырғызып тербеткен. Бұл бір жағынан құрылыстың беріктігін тексеру болса, екіншіден, ертеден келе жатқан сенім бойынша, балалардың күлкісімен жаңа қонысқа байлық пен бақ орнайды деп сенген.Кейінірек киіз үйдің барлық бөліктері жарамсыз болып қалса, олар ауыстырылады да, шаңырақ сақталып, ол кенже ұлдың меншігіне қалдырылған. Келген қонақтар алдымен кенже ұлдың үйіне түскен, содан кейін оның ағаларының үйіне баруы тиіс. Атадан-балаға мұра болып қалғандықтан киелі шаңырақты құрметтеу болып табылған.Ал шаңырақтың ортасындағы күлдіреуіштің төрт ұшы әлемнің төрт жағын көрсетіп тұрады.Себебі ертедегі көшпенділер шаңырақ ортасында жұлдыздардың орналасуына қарап, бір жайылымнан екінші жайылымға көшу уақытын анықтап отырған.
Киіз үйдің ішкі көрінісі:
Киіз үйдің ішіне кіріп көрдің бе? Ішінде ерекше тыныштық пен жайлылық әлемі орнап тұрғандай сезінесің. Киіз үйдің іші бірнеше бөліктерге бөлінеді. Кіре беріске қарама-қарсы жақты төр деп атаймыз. Бұл құрметті қонақтарға арналған орын, сондықтан ол сәндеп безендіріледі. Үйдің оң жағы ер адамдардың, сол жағы әйелдердің үлесі болып табылады. Киіз үйдің ортасы - ошақ орны,ол қасиетті деп саналады, сондықтан оның орнын баспай айналып өту керек. Киіз үйдің ішкі керегелері мен едені түкті және тықыр кілемдермен, алаша, түскиіз, ши, сырмақ және текеметтермен безендіріледі. Киіз үйдің бөлшектері көбінесе өсімдік бояуы - қынамен боялады. Үйді тіккеннен кейін керегенің сыртынан әсем тоқылған ши жүргізіледі.
Бұған қосымша киіз ұлттық нақышты өю-өрнектер түріндегі жібек немесе мақта матадан ойылған оюлармен безендіріледі. Одан кейін іші-сыртынан ағаш және киіз бөліктер әдемі басқұр, жел баулармен бекітіп байланады.
Құрылысы:
Киіз үй. кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш сияқты негізгі бөліктерден тұрады.
Ал керегенің өзінің атаулары бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы, иегі, көгі. Сол сияқты шаңырақтың, уықтың әр бөліктерінің көптеген атаулары болады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді. Үйдің сүйегін сәмбі талынан жасайды. Халық сәмбі талын сыр талы, қайыр талы,кейде боз тал деп те атайды. Үйдің сүйегін жасайтын шеберді «үйші» дейді.Киіз үйді сыртқы көрінісіне, сәулеті мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоңыр үй т.б. аттармен атайды.Киіз үйлердің бұлай аталуы оның сыртынан жабатын киізге тікелей байланысты. Мұндай жапқышты халықтар «туырлық» дейді. Туырлықты киіз үй сүйегіне лайықтап құрастырып дайындайды.Киіз үйдің туырлығы біріңғай ақ қойдың жүнінен басылған киізден жасалса, оны «ақ үй», қоңыр жүннен басылған киізбен жабылса, «қоңыр үй», боз жүннен басылған киізбен жабылса, «боз үй» деп атап кеткен.
Шаңырақ;
Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады.Шаңырақ бірнеше бөліктен тұрады:
1-тоғын. Ол шаңырақтың негізгі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі.
2-күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады.
3-беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі.
4-шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді.
Киіз үй керегесі;
Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды.
Кереге;
Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.
Уық;
Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады. Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. оның ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.
Уықтар
Илеген уықтың бойында бірнеше атаулы бөліктер бар. Уықтың керегеге байланатын ұшын «доғалай» (1) дейді. Доғалайды тесіп, қайыстан уықбау (5) тағады.Уықтың иілген жерін иығы (2) дейді. Шаңырақпен иықтың арасын уықтың қары (3) деп атайды. Ал шаңырақтың көзіне қадайтын ұшын қаламы (4) деп атайды, оны төрт қырлы етіп ұштауды қаламдау дейді, ал уықбау жіптен еселейді.Уықтың иінінің ішкі бетін шеберлер беделдеп өрнек салады немесе арнайы өрнектелген сүйек жапсырады. Киіз үй есігі:Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар: мыңадайша, екі босаға, табалдырықпен екі жақтау.
Есіктің құрылысы:
1-маңдайша;
2-босаға;
3-сықырлауық;
4-жақтау;
5-табалдырық;
Сықырлауықты тақтайдан жасайды. Шеберлер киіз үйі сәулетіне қарай оюлы өрнектермен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әшекейлейді.
Сықырлауықты әшекейлеуге «қошқармүйіз», «түйемойын», «дөңгелек жапырақшалар», «түйетабан», «шырмауық» сияқты бедер-өрнектер қолданылады. Ал ендеше балалар келесі кезекте оқушылардың назарын тақтаға бұрып ,этап бойынша киіз уй суретін салуға кірісеміз.
Орындалуы, практикалық жумыс
Тақтаға жазықтық бойына орналасқан кйіз уйдің құрлысының сызбасын ілеміз.
Композиция.
Орналастыру(компоновка)
Орындау техникасы;(таңдау өз еркі)штрих,бояу,гуащь,акварель,тущь,сызықтық,нүктелер арқылы.

Сабақты бекіту. Сонымен қазақ үй қандай бөліктерден тұрады?
Қанатына байланысты қалай аталады?


Қосалқы суреттер 1





Қосалқы суреттер 2





Қосалқы суреттер 3




Қосалқы суреттер 4



Сұрақ жауап арқылы сабақты пысықтау.
Үйге тапсырма: Тонға ,штрихқа қолды жаттықтыру. Тәрбие.орг сайтынан Киіз үйді бейнелеу Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қасымбекова Жанаркул Ахметкалиевна

Пікірлер: 0

avatar