Өмір үйретеді,еңбек ширатады

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 953
  • Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
  • 04/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19881


Сергеевка орта мектбінің
еңбек және сызу пәнінің
мұғалімі Хабылхалым Айнагуль

Сабақ тақырыбы: Өмір үйретеді,еңбек ширатады
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін арттыру,мәдениетін іскерлікпен ұштастыру;
ә) Оқушыларға тәрбиелік мәні бар жұмыстар жасата отырып жұмысты орнықты,дұрыс жасай білуге үйрету.
б) Сойлеу тілін сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға, көркем ,ұқыпты жаза білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар мен суреттер,мақал –мәтелдер
Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих, ән-күй
Сабақтың барысы: а)Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгендеу,оқу құралдарын тексеру,және топқа бөлемін. Әділқазылар алқасын сайлап аламын келген қонақтардан. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
ә)Үй тапсырмасын пысықтау:
-Үйге берілген тапсырма бисермен жасаған жұмыстарын аяқтап келу. Қарап жұмыстарын жинап аламында көрме ретінде қойып қоямын.
Жаң сабақты түсіндіру.
Балалар біздің бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше сабақ,себебі бізде қонақтар отыр екен. Сабағымыз сайыс сабақ болып жүргізіледі.Сабақты күндегідей әдетімізше өз ұранымызбен бастайық.
Ендеше ұранымыз « Сөзден іске көшейік»
Алғашқы тапсырмамыз былай аталады.
1. Тапсырма.-Туған өлке табиғатына саяхат/ мұнда балалар сендер еш бір қалам ,қарындаш пайдаланбай тек қана он саусақың қолымен акварель бояуға малып табиғат пейзажын бейнелейтін боламыз. Музыка ақырын ойнап тұрады.
2. Тапсырма-Жапсырмалау жұмысы. /онда оқушылар түрлі-түсті қағаздармен сырмақ жасап шығуы тиіс. Ою-өрнек суреттері беріліп қарап сызып, кесіп жасап жабыстырып шығамыз.
3. Тапсырма- Матамен жұмыс. /Ине сабақтау, түйме қадау жұмысы тапсырылады. Әр бала жеке –жеке орындайды. Мұғалім қауіпсіздік ережесін ескертіп тұрады/
4. Тапсырма- Егін ек те жинап ал/балалар екі топқа бөлініп тұрады,қолдарына кішкентай қасық беріледі де сол қасықпен жерде жатқан картоптарды жинайды. Кезек –кезек барып алып келіп отырады. Кім жылдам екенін анықталады.
5. Тапсырма- Гүл құрастыру/ Мұғалім сұрақтар қояды еңбек пәні бойынша сол сұрақтарға дұрыс жауап берген топтардың гүлдері жасалып шығады. Мысалы мынадай сұрақтар қойылады.
1-Асығу баланың ісі................. 1-Еңбектің наны тәтті........
2-Шебердің қолы алтын............. 2- Әке көрген оқ жонар.....
3-Асыл қайшы пішуге сән............ 3- Инемен құдық қаза ма....
6. Тапсырма Дастархан дәмі /Оқушылар бірлесе отырып салқын тағамдардың бір түрін жасап шығады. Алжапқыш бас киімдерін кию ескертіледі. Кауіпсіздік ережесі де ескертіліп тұрады мұғалңм арқылы.

Білімді бекіту: Шеберлік деген не нәрсе, әр адам өз шеберлігін ұштастыра отырып жұмыс жасап, еңбек етуге болтынын біз бүгінгі сабағымызда көрсеттік деген ойдамыз. Әділқазыларға сөз беріліп сабақ қорытындысы айтылады.
Бағалау: Әр бөлі сайын таратылып отырған қызғалдақ пен бәйшешек гүлдері саналып ұпай беріледі.
Үй тапсырмасы: Еңбекке байланысты мақал-мәтел жаттап келу. Тәрбие.орг сайтынан Өмір үйретеді,еңбек ширатады Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Хабылхалым Айнагуль

Пікірлер: 0

avatar