«Тәуелсіздіктің дара жолы - 25»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 547
  • Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
  • 09/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20902


Сабақтың тақырыбы: Монотипия әдісімен «Табиғат» тақырыбында жұмысты орындау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға түстер жайлы түсінік беру. Бояу түрлерімен таныстыру.
Дамытушылығы: Бояу түстері жайлы таным- түсінігін кеңейту, бояу мен жұмыс істеуәдіс- тәсілдерін дамыту, шығармашылық жұмыс жасауға баулу.
Тәрбиелігі: монотипия жасату арқылы, оқушыларды іздемпаздыққа, ұқыптылыққа, жылдамдыққ үйрету.
Сабақтың түрі: топтық
Сабақтың көрнекілігі: монотипияға байланысты суреттер, слайд, гуашь, А3 қағазы, қылқалам, су құюға арналған құты.
Сабақтың барысы:
1. Сабақты ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Сабақтың тақырыбын мақсатын таныстыру
4. Жаңа тақырыпты түсіндіру
5. Практикалық жұмыс
6. Сабақты бекіту
7. Үйге тапсырма беру
Жаңа сабақ
Монотипия- бейнені шыны және картон салынған суреттен басып алу арқылы шығарма орындау тәсілі

және осы тәсілмен орындалған шығармалар. Оқушыларға слайд бойынша түсіндіріп

көрсету. Біз сендермен негізгі түстерді білеміз \қызыл сары, көк, осы үш түстен бірнеше түсті алуға болады. Мысалы түстерді қосып айта кету. Кемпірқосақ түсіне қызыл, қызыл сары, сары, жасыл, когілдір, көк, күлгін. Несонымен қатар бояулар ахроматты, хроматты болып екіге бөлінеді. Ахроматты дегеніміз- түссіз бояулар: ақ, қара, сұр.
Хроматты бояулар дегеніміз- түсті бояулар: қызыл сары,
жасыл, көк.
Түстерге жылы және суық болып екіге бөлінеді. Жылы түстерге:қызыл, қызыл сары, сары. Суық түстерге: көк, көгілдір, жасыл. Енди балалар біз сендермен монотипия әдісімен сурет салуды уйренеміз. Мұғалім оқушыларға монотипия әдісін көрсетіп үйретеді. Оқушылар төрт топқа бөлініп отырады. Әр топтың алдына бір шыны \пластик\ қойылады. Топқа төрт мезгілдің суретін салу туралы тапсырма беріледі. Сол шыныға гуашьты суға езіп отырып қылқаламмен жағады, жағылған шынының үстіне А3 қағазын бастырады. Ақырындап ақ қағазымызды алып үстелге қоямыз, шыныны алып тастаймыз. Қағаздағы жағылган гуашь кепкен соң оқушылар әр мезгілді бейнелейді. Бейнеленген суреттерін әр топ қорғайды.
Сабақты қорытындылау.
Балалар бейнелеу өнерінде неше негізгі тус бар?\ 3\
Бояулар неше түрге бөлінеді?
Монотипия дегеніміз не?
Монотипияны қалай жасаймыз?
Бағалау
Үйге тапсырма беру: Монотипия әдісімен маринистік жанрда сурет салып келу. Тәрбие.орг сайтынан «Тәуелсіздіктің дара жолы - 25» Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Беккасимова Ляззат талгатовна

ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы "Георгиевка ора мектебі" КММ Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar