Тау бөктеріне қызғалдақтар шықты

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 164
  • Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
  • 17/Авг/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23054


Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

МКҚК № 56 «Жұлдыз» бөбекжайы

Бейнелеу өнерінің маманы: Нугманова Ботагоз Калидуллаевна

Тақырыбы: «Тау бөктеріне қызғалдақтар шықты»

Мақсаты: Балалардың дала гүлдері жайында түсініктерін дамыту, таныстыру. Саусақпен қызғалдақты бейнелеу әдісін меңгерту, әсемдікке, ұқыптылыққа баулу.

Әдісі: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, мадақтау.

Қажетті құралдар: Бояулар (гуашь, акварель), қылқалам(қалың, жіңішке) қағаз, сүрткіш, көрнекілік слайдпен, дидактикалық ойын, әуен.

Жүру барысы:
Шаттық шеңбер: Қайырлы таң ұстазым,
Қайырлы таң достарым,
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық.
Педагог:

-Жылдың қандай мезгілі?
-Табиғатта қандай өзгерістер болады? (ағаштар бүршік жарады, гүлдер шығады, құстар ұшып келеді)
Алғашқы шығатын гүлдерді атау (бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ, сарғалдақ). Слайдтан көрсету.Олар дала гүлдері болса, ал бөлме өсімдіктері де болады. (бөлме өсімдіктерін бақылау, шолып өту).
Дала гүлдері жайында өлен жолдары оқылады.
Қызғалдақтар отаны
Қазақстан – біліп ал
Қызғалдақпен шықты ғой
Қазақстан атағы.
-Қандай гүл жайында өлен жолдарын оқыдым?
-«Қызғалдақтар Отаны» деген сөзді қалай түсінеміз?
-Қызғалдақ туралы тағы не білеміз?
-Қазақстанда қызғалдақтың 35 турі бар. Осы себептен де Қазақстан қызғалдақтың Отаны болып саналады. Наурыз, сәуір, мамыр айларында гүл ашады. Қызғалдақ гүлінің түсі ақ, қызыл, сары болып келеді.Қызғалдақ көп жылдық шөптесін өсімдік. Қызғалдақ әсемдік және хош иісті зат алу үшін өседі. Қызғалдақ Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген.(түсінік беру).
-Ал балалар біз қызғалдақтың суретін салмас бұрын сергіту сәтін жасап алайық.
Сергіту сәті: Гүлдер, гүлдер, гүлдердің
Гүл шоқтары ашылды,
Жел соққаны байқалды
Гүл шоқтары жайқалды
Шаршағаны гүлдердің,
Қорылынан байқалды.

Суретті салу жолдары.
-Біз тау бөктерінде өсіп тұрған қызғалдақтардың суретін бейнелеп көрелік. Ол үшін қағаздың жоғарғы бөлігіне қоңыр бояумен тауды саламыз. Содан соң қызыл мен сары бояуды қолданып, сұқ саусақпен дақ түсіру арқылы қызғалдақ саламыз. Сабағы мен жапырағын жіңішке қылқаламмен жасыл түске бояп саламыз.(Слайдтан бірге көрсетіледі).
Әуен жүреді, балалар жұмыстанады.
Балалардың жұмыстарын қарап бағыт беру.

Дидактикалық ойын. Гүлзарда көбелектер.
мақсаты: гүлдердің түстеріне сәйкес көбелектерді қондыру.
Балалар түстерді ажырата біліп шапшандыққа, икемділікке дағдыланады.

Қорытындылау:
-Балалар сендер қандай сурет салдындар?
-Түстері қандай?
-Гүлдердің түрлері, аталуы?
-Сендерге бүгінгі оқу іс- әрекет ұнады ма?
Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты өлен жолдарымен аяқтау.
Көрікті қандай даламыз
Даламыз біздің анамыз
Қырлардан асып қыдырып,
Қызғалдақ теріп қайтамыз.

Тәрбие.орг сайтынан Тау бөктеріне қызғалдақтар шықты Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нугманова Ботагоз Калидуллаевна

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы МКҚК № 56 «Жұлдыз» бөбекжайы

Пікірлер: 0

avatar