Желілік (сызықтық) перспектива

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 749
  • Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар
  • 07/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20847


Бекітемін:---------------
Оқу ісінің меңгерушісі:---------------
Күні: 27.01.2016ж.
Пәні: бейнелеу өнері,5сынып
Сабақтың тақырыбы: Желілік (сызықтық) перспектива.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға перспектива заңдылықтары туралы түсінік беру. Перспектива заңдылықтарын қолдана отырып, сурет салуға үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, қиялын елестету қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік. Әсемдікке, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, суретпен жұмыс.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, үйрету, орындату.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар,бөлме ішінің және дала кеңістігінің перспективалық көріністері.
Сабақтың барысы. I.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, оқушының сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру. Оқушы назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Композиция дегеніміз не?
2. Композициялық тепе-теңдік дегенді қалай түсінесің?
3. Композициялық орталық деген не?
III. Негізгі бөлім. Жаңа сабақты түсіндіру.
Перспектива дегеніміз не? Суретпен жұмыс.
Перспектива-латынның «тасадан көру» деген сөзінен шыққан,арғы-бергі жақты көру дегенді білдіреді. Перспектива-қағаздың бетінде кеңістікті қалай бейнелеу туралы ілім. Ол бізге көз алдымыздағы болмысты сол көрініп тұрған қалпында бейнелеуге мүмкіндік береді. Перспективаның заңдары өте көп, соның тек басты бір-екеуін оқушылар міндетті түрде білуі тиіс.
Біріншісі- зат бізден неғұрлым алыс тұрса, соғұрлым кішкентай болып көрінеді.Екіншісі-параллель сызықтар бізден алыстаған сайын арасы жақындап, көкжиекте бір нүктеге тоғысып тынады.Оған темір жолға , телеграф сымдарына, электр бағандарына зейін салып қарасаңыз көзіңіз әбден жетеді.Біз әңгіме қылып отырған перспектива картинадағы не суреттегі кеңістікті сызық арқылы бейнелеуге болатындықтан сызықтық перспектива деп аталады.
Ертеде Ренессанс архитекторы Брунеллески математик Тосканеллимен бірлесе жұмыс жасап, сызықтық перспективаның ғылыми негізін салды.Одан кейінгі итальян және неміс суретшілері Леон Батиста Альберти, Пьеро делла Франческа,Леонардо да Винчи, Альбрехт Дюрер өздерінің ғылыми еңбектері мен туындыларында бұрын ашылған заңдарды дамытты. Перспективаны бейнелеу негіздері.
1. Картина жазықтығы.
2. Көкжиек сызығы.
3. Көру нүктесі.
4. Шығу нүктесі.
5. Көру деңгейі және т.б. түсініктердің жиынтығынан құралады.
1. Картина жазықтығы-бейнелейтін зат пен суретшінің көзі арасындағы ойша салынған вертикаль бағыттағы жазықтықты айтамыз.
2. Көкжиек сызығы- суретшінің көз деңгейін білдіретін өлшем.
3. Көру нүктесі-сурет салушының затты бақылайтын нүктесі немесе орны.
4. Шығу нүктесі-өзара параллель түзулердегі алыстаған сайын бір-біріне жақындап, көкжиек сызығына барып қосылатын нүктесі.
5. Көру деңгейі-суретшінің көз деңгейін білдіретін, ойша алынған жазықтық.
IV.Өзіндік жұмыс.
Интерьер көрінісі.
V.Қорытынды бөлім.
1. Оқушы жұмыстарын қарап бағалау.
2. Жаңа сабақты бекіту.Суретпен жұмыс.Сөзжұмбақ шешу.
VI.Үйге тапсырма.
«Менің бөлмем» тақырыбына сурет салу.
VII. Бағалау.
2016-2017 оқу жылы
Пәні:
I тоқсан Пән мұғалімі: Б. Жумагалиева
Р/с Пән сынып оқушы саны Б
5 А
4 Ғ
3 А
2 Бағалан-баған сапа үлгерім Сабаққа қатыс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15 Барлығы:
Мұғалімнің қолы:
II тоқсан
р/с Пән сынып оқушы саны Б
5 А
4 Ғ
3 А
2 Бағалан-баған сапа үлгерім Сабаққа қатыс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15 Барлығы:
Мұғалімнің қолы:
III тоқсан
р/с Пән сынып Оқушы саны Б
5 А
4 Ғ
3 А
2 бағалан-баған сапа үлгерім сабаққа қатыс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15 Барлығы:

IV тоқсан
р/c Пән сынып оқушы саны Б
5 А
4 Ғ
3 А
2 бағалан-баған сапа үлгерім сабаққа қатыс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15 Барлығы:

Мұғалімнің қолы: Тәрбие.орг сайтынан Желілік (сызықтық) перспектива Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Темирхан Байешев Салимжанович

Пікірлер: 0

avatar