Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Өнердің пайда болуы. Бейнелеу өнерінің тарихы
  • 06.02.2017
  • 181 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21540

Бейнелеу өнері пәнінен қысқа мерзімді жоспар пән мұғалімі: Салимбаева К.С.
Сынып/ мерзімі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы Өнердің пайда болуы. Бейнелеу өнерінің тарихы
Сабақтың мақсаты -Оқушыларды өнер тарихымен, оның пайда болуымен таныстырып, даму кезеңдері туралы толық мағлұмат беру.
-Бейнелі ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту;
-Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, туған жерінің тарихын бағалауға баулу.
Күтілетін нәтиже -Өнер тарихы туралы білімдерін толықтырады;
-эстетикалық қабілеттері артады;
- туған жер мен елінің тарихи өнер жәдігерлдерін бағалайды.
Сабақтың әдісі Сабақтың әдісі топтық жұмыс, БББ кестесі, «миға шабуыл» әдісі, сәйкестендіру кестесі, сұрақ жауап

уақыты Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар
3 мин. Кіріспе Оқушыларды «Шаттық шеңберіне» тақтаға шығару Дөңгеленіп билеп тұрып, бір-біріне сәттілік тілейді Әуеннің аудио жазбасы
2 мин. Топқа бөлу Топқа бөлу(балерина, театр, кино, кескіндеме суреті) Оқушылар 4 топқа бөлінеді:
Театр, кино, бейнелеу өнері
Би өнері Кәрзіңкеде жасырылған суреттер
5 мин. Үй тапсырмасын сұрау «Миға шабуыл» әдісі Үй тапсырмасы суреттерінен әр топ көрме жасайды, сұрақтарға жауап береді, Оқулық,
Суреттер.
17 мин. Негізгі бөлім Жаңа сабақ
Жаңа сабақты интербелсенді тақтадан презентация көрсетілімі арқылы түсіндіремін Жаңа сабақ тақырыбына қарай ментальді карта жасайды. БББ кестесінің 1 бөлімін толтырады. БББ кестесі маркер, ақ парақ, оқулық.
8мин. Дамыту Бейнелеу өнерінің тарихына сәйкес, постерге бағыт бағдар беремін Постерді сыни тұрғыдан қорғайды Плакат, маркер, қайшы, қағаз, т.б.
3 мин. Қорытынды Сұрақ-жауап Сұрақтарға жауап беріп пысықтау Оқулық
2 мин Бағалау Сыныптасына және өзіне критериалды бағалау жүргіземін Бір бірін бағалайды Бағалау парақшасы, смайликтер
2 мин. рефлексия Кері байланыс БББ кестесінің екінші бөлімін толтыру БББ кестеіс. Стикер
1 мин. Үйге тапсырма Ментальді карта жасау Күнделікке жазу Күнделік.

Мазмұндық блок:
Адам баласының қоршаған ортаны бейнелеуге ынтасы ежелгі дәуірлерден басталған. Оған алғашқы адамдардың сүйектерге, мамонт мүйіздеріне және үңгірлерге бейнелеген суреттері дәлел. Ол бейнелер сол кездегі адамдардың тұрмыс-тіршілігін, қоршаған орта туралы көзқарасын көрсетеді. Біртіндеп осы бейнелер негізінде жазу пайда болды.Сөз жоқ, алғашқы адамдар жасаған бейнелеу өнерінің үлгілнрі аяқ астынан пайда болған жетістік емес, ол көптеген жылдар бойы дамып жетілген тәжірибе мен дәстүрдің жемісі болатын.
Алғашқы сурет салуға үйрену тікелей көргенді қайталау, яғни көргенді көшіру еді. Алғашқы бейнелер үлкендердің тіршілік үшін жасаған еңбек процесіне,тіршілік көзі болған табиғатқа, жануарларға байланысты болды.
Неолит дәуіріндегі (б.з.б. 5-3 мың.ж.) жер өңдеу мен қолөнердің пайда болуы адамдардың өнерге деген көзқарасын мүлдем өзгертті. Адамның сурет сала білу шеберлігі, қолөнер бұйымдарын, соның ішінде қыштан жасалған бұйымдарды безендіруден басталды.
Нағыз өнерге оқыту, мектепте ұйымдастыру тек өркениет дәуірінде пайда бола бастады. Оған дәлел ретінде ежелгі Мысырда дамыған жоғары дәрежелі мәдениетті қарастыруға болады.
Тарихи деректер бойынша ежелгі Мысырда сурет салу мектепте сызу пәнімен қатар оқытылғанын білуге болады.
Мектеп бітіруші жерді өлшеуді, бөлме жобасын, су құбырының кестесін сызуды білуге міндетті болды.
Тәрбиелеу мен оқыту тәртібі Мысыр мектептерінде өте қатал болды: мектеп немесе оқушы ережесін болмашы бұзушыларды таяқпен соққыға алып жазалауға дейін барды, тіпті кей жағдайларда оқушының қол-аяғын байлап ғибадатханалардың қараңғы бөлмесіне ұзақ уақытқа қамады.
Алғашқы болып ежелгі мысырлықтар жас ұрпақты сурет салу дағдысына оқытуда белгілі бір жүйеге негізделген теориялық заңдылықтарды жасай бастады. Олар сурет салуға оқыту процесін қоршаған ортаны тануға, байқауға емес, сызбаларды, қағидаларды (канондарды) жаттау арқылы үлгілерді көшіруге негіздеді.
Ал Ежелгі Грек суретшілері оқыту мен тәрбие мәселесіне жаңаша тұрғыдан қарады.Олар қоршаған ортадағы өсімдікке, табиғи құбылыстарға көңіл бөлу қажеттілігін мойындап, бейнелеу өнерін оқытудың өзіндік ережелерін жасады. Гректер әдеміліктің мәні сымбаттылық, симметриялық, бөліктердің тұтастық үндестігі, дұрыс математикалық тепе-теңділік деп тұжырымдады.
Ежелгі Рим де өнерге, соның ішінде бейнелеу өнеріне өте үлкен сүйіспеншілікпен қарады. Ауқатты адамдар грек суретшілерінің туындыларынан коллекциялар жинап, тіпті ақсүйектер мен үкімет қызметкерлері сурет және кескіндемемен айналысты. Суретке оқыту Римдегі жалпы білім беру мектептерінде жүргізілді.
ІХ-ХІ ғасырлардағы дағдарыс-тоқыраудан кейінгі қайта өрлеу дәуірі бейнелеу өнерінің және оның оқыту әдістемесінің даму тарихына үлкен әсерін тигізді.
Бейнелеу мәселелерімен Ченнини Ченнино, Альберти, Леонардо да Винчи, Дюрер және т.б. бейнелеу өнерінің шеберлері айналыса бастады Олар табиғи құбылыстар заңдылықтарын түсіну мақсатында ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналыса бастады.Олар табиғи құбылыстар заңдылықтарын түсіну мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, бейнелеу өнерін ғылыммен байланыстырды.
Қайта өрлеу дәуірінің ұлы неміс суретшісі Альбрехт Дюрер бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі жөнінде, сондай –ақ жалпы өнер мәселелері жөнінде аса құнды теориялық еңбектерқалдырды. Ол өзінің «... кімде-кім өзі нені болса да білсе, қажет еткен өзгелерге соны оқыту керек.» деген гуманистік көзқарасымен де ерекшеленді.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесіне енгізген Дюрердің «көлемді жалпылау» әдісі аса құнды жетістік болды. Сол кездегі ағартушы –суретшілер кеңінен пайдаланған бұл әдіс қазіргі кезде де бейнелеуге оқытудың классикалық әдістерінің бірі ретінде қолданылып жүр. Осыған дәлірек тоқталатын болсақ: адам саусақтарының білезік бауына дейін бейнесін перспективада дұрыс бейнелеу өте қиын, ол оқуды жаңа бастаған адамға мүлдем алынбайтын қамал тәрізді. Осы қиындықты жеңілдету үшін қол саусақтарын бірінші қарапайым геометриялық пішінге айналдырып, яғни «көлемді жалпылап» бейнелеуді ұсынады. Күрделі пішінді адам басын бейнелеуді жеңілдету мақсатында Дюрер бейнелеудің алғашқы сатысында қолданылатын әртүрлі геометриялық пішіндерден тұратын, ағаштан шабылып жасалған тәрізді адам басының үлгісін жасады. Ол үлгі обрубовка деген атпен әлі де көптеген оқу орындарында пайдаланылып келеді


А.Дюрер. 1471-1528жж. Леонардо да Винчи ұстайтын пропорция
«Өлшемдер көрсеткіші кітабынан» шамасынан.
.
ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектептерге өз алдына жеке пән ретінде енгізілмеді.Тек ХІХ ғасырдың басында Швейцария педагогы Иоганн Генрих Песталоццидің (1746-1827 жж) ықпалымен бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енгізіле бастады. Песталоцци сурет салуға оқытудың, әсіресе бастауыш сыныптарда маңызы зор екендігін айтты. Оның айтуынша жазуға үйренбес бұрын сурет салуға үйрену керек, өйткені сурет саелу дағдысы жазуды меңгеруді жеңілдетеді.
Дұрыс ойлану үшін қоршаған ортадағы табиғатты дұрыс көре білу керек. Ол біліктілікке жетудің бірден-бір тәсілі- сурет салу деді.
Песталоцци сурет салуға оқыту әдістемесі туралы көзқарасын өзінің «Гертруда өз балаларын қалай оқытады?» кітабында жазды. Песталоцци өзі суретші болмағандықтан сурет салу әдістемесінің кәсіби ережелерін жасады, бірақ сурет салуда көз мөлшерді дамытуға, нәрсе көлемін түсінуге, сурет салу әдісін меңгеруге жеке-жеке әдістеме жасау қажет екендігін айтты. Осы жұмыстарды оның шәкірттері мен ізбасарлары жалғастырды. Песталоццидан соң бейнелеу жалпы білім беретін пән ретінде барлық бастауыш мектептерге енгізіле бастады. Сонымен қатар орта білім беретін мектептерге де арналған бейнелеу әдістемесіне байланысты көптеген еңбектер басылып жарық көрді. Соның ішінде Песталоццидің шәкірті Иосиф Шмидттің еңбектері аса жоғары танымал болды.
И.Шмидттің ойынша бейнелеуге оқыту барысына арнаулы жаттығулар дайындау қажет:
1. Қолды дамытуға және оны сурет салуға дайындау жаттығуы.
2.Елестетуді дамытуға арналған жаттығу.
3. Әдемі пішінді табу және жасау жаттығуы.
4. Нәрселерді геометриялық бейнелеу жаттығуы.
5. Перспективада бейнелеуге жаттығу.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ағайынды Александр және Фрединанд Дюпюилердің жасаған әдістемелері ерекше танымал болды. Сол кезде олар жасаған әдістеме дұрыс, жаңа және алдыңғы қатарлы деп табылып, дүние жүзінің көптеген оқытушыларының тәжірибесінде қолданылды, 1835 жылы Парижде олар қолөнершілерге және оқушыларға арнап ақысыз бейнелеу мектебін ашты. Ағайынды Дюпюилер өздерінің әдістемелерін осы мектепте пайдаланды. Фрединанад алғашқы оқу сатысының әдістемесімен жұмыстанды, ал Александр адам басын және адам денесін бейнелеуді оқыту әдістемесін жасады.
Ресейде бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі өте ертеде қалыптасты
ХІ ғасырда кітап графикасы мен миниатюра өзінің жоғарғы дамуында болды. Осы кездегі үлгілер бейнелеу өнерімен шұғылданған оқушылардың сурет салу сауатылығын меңгергенін байқатады.Бұл кездегі суретті жалпы ұштықпен салу дами отырып, бейнелеу өнері оқыту әдістемесі көшіріп сурет салумен шектелді. Ресейде сурет салу жалпы білім беру пәні ретінде ХVІІІ ғасырдың басында бірінші рет дами бастады.
Сурет жалпы білім беру пәні ретінде кең өріс алып,1732 жылы Кадет корпусында, 1747 жылы Ғылым академиясы жанындағы гимназияда, 1764 жылы Воскресенск монастріндегі кішігірім сурет шеберханасында өрбіді.
ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысы мен ХІХ ғасырда Орыс көркем академиясы сурет мектебінің Ресейдегі ең үздік әдістемелік орталығы болып саналды.
1804 жылы училище, гимназияларға, орта мектептерге сурет пән ретінде қабылданды. 1879 жылы Строганов мектебінде сурет мұғалімдерін даярлайтын курс ашылып, Ресей мектебін бейнелеу өнері маманы бойынша мұғалімдермен қамтамасыз етіп отырды. Тәрбие.орг сайтынан Өнердің пайда болуы. Бейнелеу өнерінің тарихы Сызу сурет пәндерінен презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Сызу сурет пәндерінен презентациялар
Көрсетілім: 181 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar